Өгерісті өзіңнен баста!
1) Өгеріс деген не?
2) Адам өзіні қалай өзгерте алады?
3) Не үшін өзгеруі керек?
Өзгеріс– бұл көп мағынаға ие болған сөз.Әрине, күн мен түннің ауысуы ма? Әлде жақсы мен жаманның табысуы ма? Негізінде, адам өмірге бір рет қана келеді. Сол өмірде екі жолы болады.Біріншісі жақсы, екіншісі жаман.Бұл жолды таңдаудың өзі қиынға соғады.Ол қандай? Ол өмір сынақтары.Сол өмір сынақтары барысында біреу жақсы жаққа, ал кей біреулер жаман жаққа бет бұрады.Соның нәтіжесінде адамда өзгеріс пайда болады.
Адам ең алдымен өзіні жақсы көре білуі керек.Сонда ғана басқа адамдарды жақсы көре алады.«Қазанға жақын жүрсең қарасы жұғады, жаманға жақын жүрсең жарасы жұғады» дегендей жаман адамдардан аулақ болып, олардың әрекетінен сабақ алған адам өзіні жақсы жаққа өзгерте алады.Бұл оның жетістігі.Сол жетістігінің арқасында қаншама биік шыңдарға жетеді.
Қазіргі таңда жас өспіріндердің армандары көп. Армандарға жету үшін өзгерісті ең алдымен өзінен бастауы тиіс. Ол үшін жеке тұлғада өзінің жоспары, әрекеті, сенімділігі, сабырлығы болған жөн. Мысалы, бір мамандық иесі болмақшысыз.Сол мамандықты дұрыс таңдадыңыз ба? Оған көзіңіз нақты жетуі әрі болуыңыз керек. Содан соң жоспар құрып, әрекетке көшуіңіз–басты мақсатыңыз!
«Әрекетсіз жоспар–жай ғана қиял, ал жоспарсыз әрекет–былық»Сонымен қатар адамдарға сіздің айтқан сөзіңіз маңызды емес,оларға сіздің істеген істеріңізбен жеткен жетістіктеріңіз маңызды.Сонда ғана ғажайып әлемде өмір сүре аласыз.Сіздің өзгеруіңіздің нәтіжесінде адамдардыңда ,көзқарасы өзгереді.Қоғамға қоршаған ортаға пайда тигіземін әрі жақсы адам боламын десеңіз, өзгерісті өзіңізден бастаңыз!