Біз бақытты жанұямыз
Жатен Назира Қалыбекқызы
Мақсаты: Отбасы бірлестігін,ынтымақтастығын,сыйластығын нығайту.
1.«Танысу жаттығуы»
Шеңбер бойымен тұрып әрқайсысы өз есімін және балаңыздың есімін және қылығын айтады.Қандай әсер алдыңыз.Не қиындық келтірді сұрайды.
2.«Ата-ана мейірімі»
Әр ата-ана ақ параққа гүлдің суретін салып,баласына деген сүйіспеншілігін жазады.Ой пікірін айтады.
3.«Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.
-Балаңыздың аяқ киім өлшемі
-Балаңыздың сүйікті асы
-Балаңыздың балабақшадағы досы
-Балаңыздың тәрбиешілерінің аты-жөні
-Балаңыздың сүйікті ертегісі
4.«Мен түсінемін жаттығуы»
Мұнда ата-аналар өз балалары туралы айтады. Яғни қуанатын,ренжітетін жақтары.
-Мені балам қуантады.
-Мені балам ренжітеді.
Қай жағы көп болды?неліктен?Оның көп болуына ата-ана әсері бар ма?
5.«Біз бақытты жанұямыз»Бақытты жанұяның суретін салып қорғайды.
6.«Жылулық шеңбері»
Бір біріне жылы сөздерін айтып қоштасады.