Ораторлық өнер: базалық кеңес. Пайдалы ақпарат. Көпшілік алдында сөйлеу

ОРАТОРЛЫҚ ӨНЕР: БАЗАЛЫҚ КЕҢЕС

ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ

Момыналы Аяулым Мейербекқызы

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

 

           Аңдатпа: Байқайтынымыз қазіргі кезде жеке тұлғалардың көпшілік орта да, сахна да болсын сөйлеп, өз ойын жеткізу қиындыққа соғып жатады. Басқа  тұлғалар да дәл өзіміз секілді – индивид. Дегенмен, ішкі қорқыныш, қобалжу басым болып келеді. Жазылған осы мақалады сіздер үшін базалық қарапайым кеңестер мен пайдалы ақпарат көзін таба аласыздар.

        Түйін сөздер: ораторлық өнер, индивид, кеңес, «паразит»

 

Кіріспе

          Дана халқымыз «Сөз — қадірі өз қадірің»  деп бекер айтпаса керек. Шешендік өнер кез-келген адамға дари бермейтін асыл қасиет. От ауызды, орақ тілді шешенннің аузынан шыққан әрбір сөз өз егесін табады. Қазіргі таңда ораторлар мен мотиваторлар қоғамда маңызды рөл атқарады. Кешегі жезтаңдай, айыркөмей шешендердің жалғасы бүгінгі ораторлар.

         Оратор дегеніміз халық алдында сөз сөйлейтін шешендік қасиетке ие тұлға. Оратордың аузынан шыққан әрбір сөз мірдің оғындай болуы міндетті. Тыңдаушының назарын өзіне аударту арқылы сөзін өткізе білу маңызды.

Ораторлық өнерді меңгерген адам кез-келген жерде, адам санына қарамастан сөз сөйлеп, сөзін өтімді ете алады. Ораторлық өнерді дамытуға арналған мына кеңестерді түртіп алсаңыз болады.

  • Анық әрі жарқын сөйлеу;
  • Сөздерді анық айту;
  • Ішкі ойыңды ашық жеткізу;
  • Сөйлеу барысында эмоцияны білдіру;
  • Асықпай сөйлеу;
  • Дикция және интонацияны басқару;
  • Паразит сөздер.

        Бұл орайда «Паразит» сөздерге айрықша көңіл бөлген жөн, өйткені қарапайм тұлға арасындағы тілдік байланысу (әңгімелесу, тілдесу) барысында, тіл тазалығын, дұрыстығын, эстетикалық мәнін бұзады. Мысалы, қазіргі жастар арасындағы кең қолданысқа ие «Слэнг» , өзара «Қыстырма» сөздер және т.с.с. тіл әдемілігінің шырқын құртатын «Паразит» сөздер.

Ел алдына шығып, сахна төрінде ораторлық өнерді паш еткісі келетін тұлғаларға мынандай кеңес беремін:

  • Дайындық. Айна алдына тұрып, өзіңізбен көзбе-көз сөйлесу. Осы тактика арқылы қимыл-қозғалысты, сахнадағы тұрыс-жүрісті реттеп аласыз.
  • Айтылатын ақпарат, мәтін, кеңістерді дайындау. Қайталап оқу және жоспарын, яғни «Скелет» құру.
  • Ораторлық өнер тікелей дауыспен байланысты болғандықтан, суық сусындарды, минерлдарды қабылдамау. Бұл азықтарды жылы сүт, комнаталық температурадағы сумен, жылы шәймен алмастыру. Әрине, сөйлеу кезінде тамақтың құрғауы орын алады, қасыңызға 0,5 пэт-бөтелкесімен с алып алсаңыз болады. Газдалған сусынды ішпеуге кеңес беремін!!! Газдың организмнен қайтадан шығуы бар.
  • Бірнеше психологтардың айтуы бойынша, сахнада сөйлеп тұрған адамның 100 –дан 50 – образғаға, яғни сырт келбеті, киініп-таранғаныңыз; 25 қалай сөйлейсіз; 25 –не айтып жатқаныңызға мән береді екен.
  • «САҒЫЗ; ЕРМЕКСАЗ», егерде сөздер арасында қобалжу кідірісі, қобалжудың салдарынан ұмыту туындайтын жағдайлар болады. Көрсетілген жағдайлардың алдын алу үшін тырнақтың көлемімен кішкене ғана ермексаз я болмаса, сағыз алып сауағыңызбен ары-бері ойнатып отырыңыз. Сол кезде қобалжығанда бас қасу, қолыңызды тырнау т.б жәйттар орын алмайды. Фокус сағыз, ермексазға аударылады.

 

           Қорыта келе, ораторлық өнер ежелгі заманымыздан бар. Тіл бәрімізде бар, баршамыз тіл қата аламыз. Сахнада ораторлық өнер көрсетудің өзі белгілі бір дайындықы талап етеді. Егер де жазылған мақаладағы техникаларды, кеңестерді қоданатын болсаңыз, барлық сахнаға шығуыңыз сәтті болмақ.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

https://vk.com/wall458790539_2592

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *