«Жақсы денсаулық және әл-ауқат»

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) – бұл кедейлікпен күресуге, теңсіздік пен әділетсіздікті жоюға,жер шарын барынша аялауға және бүкіл адамзат үшін ынтымақтастық пен бейбіт әлемді қалыптастыруға негізделген, нақты мақсаттардың жиынтығы. 2030 ж.-ға дейін 17 бекітілген бағдарлар таңдалып, жүзеге асыру барлық салалардың делік тұрақты түрде дамуына және осы дүниежүзіндегі әрбір тұлғаның қатысы бар жаһандық мәселелердің шешімін табуға ынталандырады.
23.04.2024 күні Филология факультеті, Шетел филологиясы және Аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен Синхронды аударма мамандығының 1-курс магистранттары Бокенбай Д.А., Токенбаева Л.С., Шафиги А.У. және топ эдвайзері Бектурова Э.К. «Тұрақты даму мақсаттары» жобасының аясында “6В02304 Шетел филологиясы” мамандығының 3-курс студенттерімен «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.
Ашық тәрбие сағатының мақсаты: салауатты өмір салтын қамтамасыз ету, насихаттау және кез келген жастағы барлық адамға қолайлы жағдай жасау, сонымен қатар, денсаулық пен әл-ауқатты жақсартуға қатысты мәселелерді зерттеу. Денсаулықты сақтауға, сондай-ақ дененің физикалық жағдайын жақсартуға негізделген профилактикалық шараларды ұйымдастыру қажеттігі ортаға салынып, студенттермен пікірталас жүргізілді. 8 студенттің қатысуымен ашық тәрбие сағатында аталған тақырып аясында қызықты презентация демонстрацияланды. Тәрбие сағатында студенттер жақсы денсаулық пен салауатты өмір салтын ұстанудағы қадиғадаларымен бөлісіп, сұрақтарға белсенді жауап берді. Олар заманауи медицина саласында ауруларды анықтаудың әдістері модернизациялауды қажет ететіндігіне аса мән беріп, талқыға салды. Жастар салауатты өмір салтын ұстанып, оның ішінде зиянды әдеттерден бас тартуы, дұрыс тамақтануы және түрлі спортпен шұғылдануы керек деген ортақ пікір мен шешімге тоқталды. Қорытындылай келе, дамуы жағынан өте нашар мемлекеттерде денсаулық сақтауды қаржыландыруды және медицина қызметкерлерін дамыту, мамандандыруға дайындау және қызметке орналастыру деңгейін көбейту секілді шешімдерді ұсынуға болатыны талқыланып, жақсы денсаулық пен әл-ауқаттың маңызы ескерілді.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *