Қазақтың ұлттық ойыны – Тоғызқұмалақ

 

«7М01601- Тарих мамандығының 1 курс магистранты Кәрім Оралбек Сәрсенбайұлы

Ғылыми жетекшісі: Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы  А.Н. Сагинаева

Қазақтың ұлттық ойыны – Тоғызқұмалақ

                Тоғызқұмалақ – сабырлықты, математикалық ойлауды, ұстамдылықты, шыдамдылықты, ұқыптылықты қалыптастыратын ойын. Ойынға қарап отырып, қазақ халқының ұлттық ойыны – тоғызқұмалақты, ата-бабамыздың қалдырып кеткен бір мәдени байлығы, қазынасы деп, аса зор құрметпен қарауымызға тұрарлық құнды дүние екендігін атап айтып кеткеніміз жөн сияқты. Аталмыш тоғызқұмалақ ойынның негізгі құралы арнайы ағаштан немесе тастан жасалған ойын тақтасы мен құмалақ немесе дөңгелек ұсақ тастар. Тоғызқұмалақтың тақтасында ойылып жасалған 2 қазан, 18 отау болады. Әр отауға 9 құмалақтан салынатындықтан ойын барлығы 162 құмалақпен ойналады. Тоғызқұмалақ екі адам арасында болатындықтан олардың әрқайсысына 1 қазан, 9 отау мен оларға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі болады. Зерттеушілер мәліметінше, тоғызқұмалақ ойынының тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Тоғызқұмалақ ойынның көнеден бастау алатындығын дәлелдейтін археологиялық деректер мен мәліметтер де жетерлік. Айталық, қазақ жерінің Қаратау мен Тараз өңірлерінде жартастарда тасқа қашалып жасалған тоғызқұмалақ тақталары көптеп кездеседі. Тастағы тоғызқұмалақ тақтасында отаулар мен екі қазаны қашалып, анық етіп түсірілген. Сонымен қатар Маңғыстау өңірінен тастан жасалған трапеция тәрізді тоғызқұмалақ тақталары мен әктен жасалған тақталар да табылған. Қазақ даласының ұлы ойшылдары, даналары жастайынан тоғызқұмалақ ойындарын ерекше сүйіп ойнаған. Ұлы даланың даналарының ішіндегі бірі де бірегейі Абай Құнанбаев жастайынан тоғызқұмалақ ойынын ерекше жақсы көріп ойнаған, сондай-ақ тоғызқұмалақ ойынын ерекше шебер ойнаған деген мәліметтерде бар. Абай Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын өзі ғана ойнап қана қоймай сол тоғызқұмалақ ойынын жетік меңгерген кәсіпқой ойыншыларды жинап алып, ауық-ауық жарыстар ұйымдастырып тұрған. Мұндай кезде ойынға бәйге ұйымдастырылып жүлде тігілетін. Осылайша арнайы дайындалып ойнағанда, ойын тіпті 1 немесе 2 күнге дейін созылып кететін болған деседі. Қазақтың ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың өзі ойнаған қолдарының ізі қалған тоғызқұмалақ тақтасы қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Мемлекетік орталық музейінде сақтаулы тұр. Тоғызқұмалақтың емдік қасиеті де бар, ол жасөспірімдер миын дамытады. Сондықтан ол жергілікті, ұлттық деңгейден асып, әлемдік маңызға ие.

Тоғызқұмалақ дамытып қана қоймайды, ол тәртіпке үйретеді. Тоғызқұмалақ ойнайтын бала өскен соң, күнделікті жоспарын оңай құра алады, кез-келген жағдайда өзін тұлға ретінде көрсете алады, белгілі бір оқиғаға байланысты өзіндік ұстанымы, көзқарасы болады. Ойын халықтың мінезін танытады. Ондағы әрбір ереже дүниетанымдық ерекшеліктерден туындайды. Көріп отқандарыңыздай тоғызқұмалақ ойныны жас балардың миының жақсы дамуына өзінің еркеше әсрін тигізеді оны біздің ата-бабаларымыз ежелден-ақ біліп тоғызқұмалақ ойынын ойнау арқылы өздерінің интелектуалды потенцалын жоғары деңгейге көтеріп отырған оның айқын дәлелі қазақтың ұлы ақыны, данагөй ойшылы Абай Құнанбаев және әйгілі ойыншылар қатарына қазақтың ең алғашқы ғалымы – Шоқан Уәлихановты да қосуға болады. Қазақтың әйгілі жазушысы Мұхтар Әуезов пен Ұлы Отан соғысы жылдарының атақты соғыс стратегі Бауыржан Момышұлының да сүйікті ойыны болған деседі. Бұл ойынды тіпті әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби де сүйіп ойнаған, терең зер салып, зерттеп, өз жазбаларында қалдырып кеткен. Егерде бізде тоғызқұмалақ ойынын жүйелі түрде шебер меңгеретін болсақ ата-бабалармыз сынды ақылды әрі данышпан болар едік. Бұл жолда қазіргі таңда елімізде жақсы жүйелі жұмытар жасалынуда жыл сайын еліміздің аумағында тоғызқұмалақ ойынынан жарыстар ұймдастырылып ол әлемдік дейгейдегі жарыстарға ұласуда осындай жұмыстардың нәтижесінде тоғызқұмалақ ойынын әлем елдері арасында дәріптеудеміз.                                                    Жинақтай келгенде, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен көнеден бастау алатын тоғызқұмалақ  ойыны қазіргі таңда жастардың қызығып ойнайтын ұлттық ойнына айналып еліміз аумағынан тысқары әлемдік жарыстар өткізіліп тұратын дәрежеге жетті.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *