Мамандықты дұрыс таңдау қаншалықты маңызды?

Мамандықты дұрыс таңдау қаншалықты маңызды?

Адам екі жағдайда қателеспеуі қажет.Бірі жар таңдаудан болса,екіншісі мамандық таңдаудан.Бұл екі таңдаудан біздің келешек өміріміз қандай болатыны шешіледі.Сол себепті мектеп бітіруші жастардың болашаққа деген ең алғашқы және ауыр қадамы болып табылады.Сондықтан мамандық таңдаудан қателеспеген жөн.

Маманыдық таңдау әрбір адамзат үшін өмірлік таңдау.Қазіргі таңда көптеген жастарымыз дұрыс мамандық таңдай алмай,ересектердің ақылына жүгініп немесе ата-анасы қалаған мамандықты таңдап жатады.Жас түлектердің ортасын атап өткенде қасындағы жолдастарына еріп солар таңдаған мамандықты таңдай салуы.Өз ойы,өз қалауы болмауы. Тағы да бір мәселе елімізден бөлінетін грантқа байланысты мамандық таңдауы.Ата-ана тарапынан балаға қойылып жататын талаптарда бар.Қандай жағдай болмасын грантқа түс дейтіні.Содан кейін жас түлек,жүрегі қаламаған бірақ грант жағынан саны көп мамандықты таңдап жатады.Елімізде өз мамандығы дипломы бойынша 50%-ы жұмыс жасайды,ал дипломы бола тұра басқа жұмыс жасайтындары 50%.Менің ойымша,бұл мамандықты дұрыс таңдамау салдарынан.Себебі қазіргі жастар замануи енді дамып жатқан салаға көңіл бөліп,бірақ жұмыс істеуге келгенде игере алмай жатады.Яғни әрбір мектеп бітіруші түлек мамандық таңдағанда өз-өзіне «бұл салада өзімді көре аламын ба»,«мен үшін қаншалықты қажет,«неге менің таңдауым бұл мамандық» ,деген секілді сұрақтарды қойып,ойланғаны жөн.Егер ертең өз қалауы емес,өзгенің қалауымен таңдаған мамандық  арқылы жұмыс жасаған кезде қызығушылықпен емес тек қана қаражат табу үшін ғана жұмыс жасайды.

Ал егер өзіңе сеніп,өзгенің емес өзіңнің ақылыңды тыңдасаң,сол кезде өз сүйікті ісіңмен айналысасың,істеген ісіңнен ләззәт аласың.Әр адамның ішінде бір құпия сыры болады.Сол сырды дұрыс ашып,дұрыс пайдалана білгені жөн.Сонда ғана өзі қалаған маман иесі болып шығады.

Қорытындылай келе әрбір жан өзі қалаған  мамандықты таңдамаса өзіне ғана емес қоғамға да әсері тиеді.Сондықтан мамандық таңдаудан шалыс баспаған абзал.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *