“Батыстың батуына кім кінәлі?”

Батыстың батуына кім кінәлі?!

 

 Сәуір айының алғашқы күндерімен бірге еліміздің Батыс өңіріне тілсіз жау шапты. Су тасқынының салдарынан қаншама адам мен жануарлар панасыз қалып, тіпті  өлім құшқаны тағы бар. Атап айтсақ Орал, Атырау, Ақтөбе қалаларына тиер қауіп бесенеден. Ауыл-аймақтардан бөлек қалалардың қақ ортасында адамдар көлікпен емес қайықтармен жүруге мәжбүр. Бұл табиғаттың тосынсыйы ма, әлде астыртын билік өз қулығын тағы асырмақшы ма?

 

 «Қазіргі кезде облыс бойынша 1 мыңнан астам адам (300-ден астам техника, 100-ден астам мотопомпа) күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Шыңғырлау, Жақсыбай, Өлеңті, Бұлдырты өзендерінің арнасынан асуы және қар суының қосылуы салдарынан 4 ауданның 10 ауылында (Теректі ауданы – Аңқаты, Подстепный, Сырым – Жымпиты, Өлеңті, Бұлдырты, Қаратөбе – Қоржын, Бөрлі – Ақсу, Кеңтүбек, Аралтал, Пугачев елді мекендері) 515 тұрғын үй су астында қалды. Суға кеткен үйлер саны нақтылану үстінде. Бөрлі ауданы Бесағаш ауылы тұсында 2 сәуір күні сағат 07.00-де бөгеттің үстімен екі жерден су өткені (тереңдігі – 10-15 см, ұзындығы – 50 м, ені – 6 м) анықталды. Сондай-ақ су шлюз және табиғи айналма жол арқылы өтуде. Облыс автожолдарында 25 су өту және 32 су шаю дерегі тіркелген. Өңірде жағдай әлі де күрделі. Су басу қаупі төнген жағдайда эвакуациялық шаралар жүргізіледі», – деп хабарлады ведомстводан. Шыны керек Ақтөбе қаласының мен мен деген сауда үйлерінің аулалары адам көргісіз, мән жайды білуге барғанымызда ытқып, суда ойнап жүрген балықтарды да көзіміз шалды. Адам денесінің белортасынан келетін деңгейге жеткен су тасқыны әлі де өз қарқынында. Жылжымайтын мүлік, мал, көлік шығынын санамағанда ең сорақысы адам шығыны да түсіп жатыр. Таяуда Ақтөбе облысының тұрғыны Бекболат Нұржауұлы есімді жас жігіт өз баласын алып, суға кеткен үйінен құжаттарын алып шықпаққа жолға шығады. Бұл кеткенінен 2-3 тәулік бойы хабар-ошарсыз кеткен көрінеді. Айтуларынша, жолға шыққан күні-ақ тас жолдан ауытқып кетіп су толған сайға түсіп мерт болғаны мәлім болды. Мән жайды өз көзімізбен көріп, зерттеулер жүргізіп қайттық және зерттеулер нәтижесінде бұл адам шығынына дейін ұлғайған проблеманың артында бүгіп қалған үкіметтің сұртқыл саясаты болуы мүмкін деген шешімге келдік. Әрине су тасқынының орын алуына үкімет кінәлі деп дөп басып айта алмаймын, алайда, осы мәселені шешу мақсатында қандай да бір шара қолдану билікті белшелерінен басып отырған көк көйлекті көкелеріміздің міндеті.  Су тасқыны болып жатқанына қарамастан, жабулы су қоймасының есігін ашып бар қаланың суға кетуіне де себепкер осы кісілер. Халық қынадай қырылған сәтте мәселенің шешімін іздеумен емес, Елтаңбаның түсі ұнамағанымен әлекпіз… Әрине қынжылтары анық. Бар мәселемізді ысырып қойып, сол бір Елтаңба мен анашаның жырын жырлап әлі жүрміз, жаңа Қазақстан сіздіңше осы ма?!   Атырау қаласының маңында мұнайға бай Құлсары атты елді-мекен орналасқан. Меніңше бұл тактика Құлсарыны көшіру үшін жасалынған секілді. Өйткені 3-поколения завод қосу үшін айналасында 200-250 км жер ашық болу керек. Елді мекен болмау керек… 

 Сондықтан халық елін-жерін тастап көшпейтін болған соң, шлюздерді ашпай, суды дәл Құлсары үстінен жүргізіп отыр. Тілсіз жау от пен судан қорқады деп. Бәрі құйтырқы саясат… 

Айранкөлдегі екі шлюзді әлі ашқан жоқ. Неге? Білесіз бе? Ашса Құлсарыны су баспайды. Он жерден топан су келсе де шлюздердің бәрін ашса өз арнасымен кетер еді…

Былайша түсіндіргенде Ақтөбе қаласын сіріңкенің қорабы деп алсақ, ыдыс толы су сол сіріңкенің үстіне құйылайын деп тұр, ернеуіне жетсе жарылып кету қаупі бар, желдің толқыны бар дегендей, сондықтан сол ыдысты толтырмай ұстап отыру керек, толып бара жатса ортайту керек… Ал су жинамайын десек Ақтөбеде басқа су қоры жоқ, сарқырап ағып жатқан өзен жоқ, жазда егіске, басқа да шаруашылыққа ол су қоры керек.    

  Жаңа Қазақстанның жаңа басшылары шлюздің тетігін басқаннан басқа еш әрекет жасамай, қол қусырып отыр. Кімге налып, кімге жыларын білмеген сорлы халық қираған үйдің қабырғаларына жас толы жанарымен ғана қарайды…

 

 

(с) Аққұба жан

 
akkubazhan2024

akkubazhan2024

Аққұба жан

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *