Ұлттық спорт күні, ұлттық ойын түрлері
Айберген Майра Есенжанқызы
Наурыз айы – қыстан аман шығып, айнала гүлденіп, күн жылынып, ағайын туыс бір-бірімен қауышып, аман шыққандығымыздың құрметіне отыз күн ойын, қырық күн той жасайтын берекелі ай. Биылда көктемнің алғашқы айында елімізде бірінші рет «Ұлттық спорт күні» аталып өтілді. Осыған орай Астанада «Арғымақ» спорт кешенінде «Наурызнама:Ұлттық спорт күні» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шарада бірінші рет ұлттық спорт ардагерлерін марапаттады. Елімізде жылдан жылға ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық артып келеді. ҚР Ұлттық спорт Ассоциациясының президенті Исламбек Салжановтың мәлімдемесі бойынша ҚР Президентінің қолдауымен қыркүйек айында 5-нші Бүкіләлемдік спорт ойындары өтетінін жариялады.
Тоғызқұмалақ алғашқыда қалай ойналды? Асық қайдан алынады және сақа қалай жасалынады? Қазақтың қанша ұлттық ойындары бар? Мақаламда осы сұрақтарға жауап беруге тырыстым.
Қазақтың ұлттық ойындары деген кезде ең бірінші ойға келетін ойын – асық. Асықпен ойналатын ойындар өте көп және олар ежелден бері келе жатыр. Мысалы қола дәуіріне жататын обаларды зерттеген кезде жас балалардың жерленген жерінен асықтар табылған. Көшпелі өмір салтымен бірге асықпен ойналатын ойындар пайда болды деуге болады. Солардың кейбіреуін айта кетсек.
Бес асық – бес асық немесе бес тас ойыны. Атауы айтып тұрғандайбес асықпен немесе таспен ойналады. Оның ішінде сақасы болады. Бес асық ойыны 13 кезеңнен тұрады. Әр кезең қолдың шапшаңдылығын қажет етеді.
Асық ату – бұл ойындада сақа бар. Жалпы сақа басқа асықтарға қарағанда үлкенірек болады. Ал салмағы көбірек болу үшін оған қорғасын құйылады. Кезінде байдың балалары тіпті алтын құятын болған. Оны «Алтын сақа» деп атаған. Асық ату ойынында асықтарды тізбектей қойып, оны сақамен атады. Атқан асықты ойыншы өзіне алады. Асық ату ойынының да бірнеше түрі бар. Мысалы үш табан. Ол ойында асықты ойыншының үш табанынан асатын жерден шығару қажет. Басқа түрі – шеңбер сызып ойнау. Асықты шеңбердің сыртына шығару. Сонымен қоса асықпен ойналатын ойындар өте көп. Асықты кейбіреуі қазақтың боулингі, бильярды деп те айтады. Асықты қазақтар қайдан алған? Асық – қойдың жілігі мен жіліншігінің ортасында тұратын сүйек. Сонымен қатар ешкі, елік, сиыр, түйе, таутекенің де сүйектері ойында қолданылады. Тек жылқылардың асығы басқа пішіндес болып келеді. Сол үшін ойында қолданылмайды.
Тоғыз құмалақ – шахмат, нарды секілді арнаулы тақтада ойналатын қазақтың ойындарының бірі. Бұл өте көне ойын, кейбір тарихшылар бұл ойын 4000 жыл бұрын пайда болды десе, кейбірі одан ерте пайда болғанын айтады. Аңыз бойынша тоғыз құмалақ ойынын қойшылар ойлап тапқан. Қойдың құмалағымен ойнайтын болған. Қазіргі кезде құмалақты басқа материалдардан шар тәрізді етіп жасайды.
Қазақта сонымен қатар аттың үстінде отырып ойнайтын ойындар өте көп.
Аударыспақ – қысқаша түсіндіргенде ат үстіндегі күрес. Кім құлатады, сол жеңеді.
Бәйге – қай ат мәре сызығын бірінші болып кеседі, сол жеңеді. Бәйгеніңде көп түрлері бар. Мысалы аламан бәйге – ережелері жоқ бәйге.
Қыз қуу – жігіт пен қыз баланың арасында ойналатын ойын. Қыз аттың үстіне мініп, жігіттен сәл алдыға шаба бастайды. Жігіт ат үстіндегі қызды қуып жетуі қажет. Ертеде егер жігіт қызға жетіп алса, қыз сол азаматқа тұрмысқа шыққан. Ал егер жете алмаса қыздың қамшысының астында қалған. Қыз қуу жайлы бірінші болып Марк о Поло жазып кеткен. Алайда Геродотта сақтарда қыз қууға ұқсас бір ойын бар екенін айтып кеткен.
Көкпар – жылқы үстінде ойналады. Футболда доп болса, көкпарда серке болады. Серке ешкінің атауы. Серкені алаңның ортасына қояды, екі жақта қазандық болады. Қай команда серкені қарсыласының қазандығына салса, сол команда ұпай алады. Футболда гол десе, көкпарда салым дейді. Кім көп салым жасайды сол жеңеді.
Ләңгі – бала кезден бастап ойналатын ойын. Жүнге қорғасын құйылып, ләңгі жасалады. Ләңгіні аяқпен қағу арқылы ұпай жиналады.
Қазақта ұлттық ойын түрлері өте көп – қазақша күрес, теңге алу, жанбату, тартыс және т.б ұлттық ойындар өте көп.