Жаһандық жылынуды әкелген-экологиялық ахуал

Жаһандық жылынуды әкелген – экологиялық ахуал

 

 Табиғаттың бір бөлшегі саналатын адамзат қоғамы үшін ХХІ ғасырдың басты мәселесі – жаһандық жылыну.Жаһандық жылыну туралы алғашқы болжамдар өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының ортасында пайда болды.Тұңғыш дерек америкалық баспасөз бетінде жарық көріп, «жаһандық жылыну» термині өмірге келді.

  Жаһандық жылыну үрдісінің тежелмеуі, қайта үдей түсуі қоршаған ортаға, сонымен қатар адамзат тіршілігіне орасан зор қауіп төндіріп отыр. Ғалымдардың зерттеуінше жер шары жылдан-жылға қызып барады. Қыза берудің қаупі мұзды мұхитты ерітіп,жер бетін топан су қаптауға әкелетін апатты құбылысқа жол ашатыны белгілі.

  Жаһандық жылынудың негізгі себебі не? Осы сұраққа жауап іздеушілер оның бірнеше жеріналға тартады екен.Климаттағы өзгерістерді кейбір ғалымдар күннің белсенділігінің арқасы деген пікір айтса,екінші біреулері югославтық астроном Миланкович оны жердің күнді айналу орбитасының бұрыштық өзгерісінен деп түсіндіреді.Осындай болжамдар қатарына атмосфераға көмірқышқыл газы мен күкірт қышқылы аэрозолін шығарушы вулкан белсенділігін,күн жүйесі мен күннің өзара қарым-қатынасынан туындайтын өзгерістерді т.б. жатқызуға болады.

   Ал енді біреулері бұл жағдайды жер шарындағы адамдардың санының өсуінен деген пікірді алға тартады. Бұл пікірдің растығына анық көз жеткізе алмасақ та, 2050 жылы 9 миллиардқа жетеді деп болжаған  адамзат ұрпағының табиғи өсу процесі,шынында да,үлкен мәселе екенін мойындамасқа болмайды.

  Дегенмен ғалымдардың басым көпшілігі жаһандық жылынудың негізгі себебін ауаға бөлінген техногендік қоқыс қалдықтары көмірқышқыл газы мен метанның көлемі шектен тыс асып кеткендіктен болып отыр дейді. Осыдан келіп ғалымдар қазіргі жаһандық жылыну үрдісіне себеп болып отырған кесапат негізінен адам қолымен жасалып отыр деген тұжырымғакелген.Сондықтан зерттеушілердің пікірінше,жаһандық жылыну – адамдардың қоршаған ортаға деген жанашырлығының жоқтығынан пайда болған әлемдік маңызы бар күн тәртібіндегі өте қауіпті мәселе!

  Жер ғаламшарына бағытталған күн сәулесінің 1-5%-ға өзгерген уақытта жаһандық жылыну орын алады екен. Мысалы жер жаһан 1-5%-ға көп күн радиациясын тартатын болса мұздықтареріп,континенттер су астына кетеді екен. Ал керісінше 1-5%-ға аз түсетін болса, бүкіл жербеті,мұхит беттері қоса қатып қалады.Адамзаттың міндеті климатты тұрақтандыруға барынша күш салуы керек.

  Әлемдік экология саласының са­рапшысы М.И.Будыко «Адамзат ат­мосфераға көмірқышқыл газын (СО2) шығарып, кезекті мұз дәуірінің алдын алды» деп болжайды.Былай қарасақ таңғаларлық пікір.Шынымен де біз әрекетіміздің арқасында ғаламды мұз басу­дан аман алып қалған болсақ,демек ғалам жылынуынан да өзімізді сақтап қала алатындығымыз анық деген сөз.

  Мысал ретінде парниктік газдарды алайық.Парниктік газдар шығарындыларын азайтудың ең оңай жолы – заттарды өзі­­мізге қажетті мөлшерде ғана сатып алу. Барлығы осыдан басталса керек.Мысалы,бензинді және дизельді автокөліктерді аз жүргізу немесе қайта пайдалануға болатын азық-түлік өнімдерінен шығатын қалдық пен сол азықты салып таситын полителен қал­ташаларды пайдаланбай, сынды қара­­­пайым ғана мысалдар парниктік газ­­дардың шығарылуын азайтуға әр адам үлес қоса алады екен. Тұтынудың артуы бүкіл әлем бойынша өнімді өндіру және жеткізу үшін көп қазба отындарын жағуға әкелетіні шындық.

    -«Жыл сайын шамамен 12 миллион гек­тар орман жойылады. Ормандарды кесу, ауыл шаруашылығы және жерді пайдаланудың басқа түрлері әлемдегі пар­­никтік газдар шығарындыларының дең­гейін арттыра түсті.Бұл жағынан ағаш­тарды жал­ғыз немесе ұжым болып отырғызу арқылы бәріміз бұл қауіптің алдын алуға сәл болса да ықпал ете аламыз. Осылайша, әр адам жер шарымыздағы климаттың өзгеруі процесін төмендетуге атсалысуы қажет. Ол үшін экологиялық транспортқа, энергияны үнемдейтін шам­дарды пайдалануға, тұрмыстық заттарды оңтайлы пайдалануға және қайта өңдеуге әрекет жасауы керек. Егер біз жаһандық жылынуды тоқтатып, климат­тың өзге­руінің қорқынышты салдарын алдын алу үшін, атмосфераға парниктік газдар шы­ғарындыларын бөлінуін тоқтата алмасақ не үшін адам болып жүрміз. Бұған әр адам өз үлесін қоса алатыны анық», – дейді PhD жасыл технологиялар саласының сарапшысы Серікхан Айдарханұлы.

  Сарапшының айтып отырғаны,қазба отындарын пайдалануды азайту және жаппай жаңартылатын энергия көздеріне көшу,жер жамылғысын қалпына келтіру,өйткені топырақ бетіндегі қара шіріктің жоғалуы парниктік әсерге тікелей әсер ете­ді екен. Қалалы жерлерде жеке көлік­тен бас тартып, велосипедтерге, қоғам­дық көліктерге және электромобильдерге ауы­­суымыз қажет.

  -«Табиғи парниктік газдар қатарына көмірқышқыл газы (СО2), метан мен азот оксиді жатады. Мыңжылдықтар бойы табиғат атмосферадағы бұл газдардың деңгейін өзі реттеп келді. Бұл адамдар энерг­­ия алу үшін тау жыныстарын пай­далана бастағанда өзгеріске ұшырады. Ал ол өз кезегінде (СО2) эмиссиясының ар­туына алып келді. Атмосферадағы табиғи теңгерім бұзылғаннан кейін жер шары­ның жылынуы басталады», – дейді кли­маттың өзгеруі бойынша әлемдік сарапшы Паскаль Педуцци.

  Билл Гейтстің айтуы бойынша ат­мосфераға шығарылатын парниктік газ­дардың 50%-ға төмендеуі темпера­тураның көтерілуін тоқтатпайды, тек оны баяул­атады. Егер бұл шығарындылар 99%-ға қысқарған кезде экономика салалары қандай жағдайда болатыны белгісіз болып отыр. 2050 жылға қарай парниктік газ­дарды жоюға бағытталған техноло­гиялар, саясат және нарықтық құры­лымдар бойынша қарқынды жұмыс кезеңі болуы керек деп санайды. Қазіргі таңда шы­ғарын­дыларды ең төменгі мөлшерге дейін төмендетудің әртүрлі тәсілдері және оларды іске асыру әдістері егжей-тегжейлі қарастырылып жатыр. Егер қоғам мен саяси билік  мәселеге асқан жауап­кер­шілікпен қарайтын болса, әлем апаттан құтылып шыға келуі бек мүмкін. Жаhандық жылыну әлем халқы­ның алдында тұрған аса үлкен мәсе­ленің бірі екені рас. Ең өкініштісі сол, біз ғаламның жылынуы туралы ха­бар­­ды күн сайын естіп, сәт сайын оқып жүргеннен кейін оның тереңіне үңіліп, маңызына мән беруді мүлде қой­дық. Ғаламдық жылыну салдарынан бүгінге дейін белгісіз болып келген патогендер қоршаған ортаға түсіп, адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін екен. Қалай айтқанда да адамнан айла құтылмаған. Әрине, оның ақыл-ойына қозғау салушы – бір жаратушы Алла!

                                     Төкен Әйгерім

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *