Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қандай жазаға тартылмақ?

Аружан Букенова

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев билігінің бірінші жылында берген уәделерінің бірі – тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту. Жазаны күшейту, заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу құқық қорғаушылар мен халық арасында кеңінен сын тудырды. Алайда тұрмыстық зорлық-зомбылық Қазақстанның Қылмыстық кодексіне енбеді. Ал жаңа түзетулер айыппұл түріндегі жазаны алып тастап, оның орнына жазбаша ескерту немесе 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады деп өзгерді.

Сонымен қатар түзетулерге сәйкес, егер іс бойынша ауыр жағдай болмаса, мысалы, жәбірленуші жүкті болмаса, сот ескертумен шектелуге міндетті. Сондай-ақ егер тараптар «жәбірленушілермен және арызданушылармен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянды өтесе» «бірінші рет» агрессор жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгерістердің барлығы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының жағдайын нашарлатады деп есептейді.

Көптеген пікірлер мен сараптамалар нәтижесінде психолог Ержан Мырзабаев: “Бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылық әлеуметтік және экономикалық жағдайы төмен, жұмыссыз, нашар отбасыларда болады деген стереотип бар еді. Бірақ соңғы жаңалықтардан жоғары лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлердің, халықты қорғайтын полиция қызметкерлерінің де осындай зорлық-зомбылыққа баруы әбден мүмкін екенін көріп отырмыз. Кез келген адам агрессор болуы мүмкін.

Таяқ жеген, зорлық көрген жәберленушінің мәселесі үйдегі зорлық-зомбылық тоқтағанда ғана шешіледі. Сондықтан агрессор психологпен жұмыс істеуі керек дегенді заңнамаға енгізу қажет.

15 күн түрмеге қамағаннан гөрі 15 күн психологиялық жұмыстар жүргізу әлдеқайда пайдалы. Агрессор аргессиядан арылып, отбасы құндылықтарын түсініп, оған себеп болған травмаларымен және комплекстерімен жұмыс істесе бүкіл отбасы мүшесі ұтады. Ер азаматтар ер психологтармен жұмыс істегісі келеді, сондықтан ер мамандарды көбірек жұмылдыру керек.”,-дейді.

2017 жылға дейін Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық екі бап бойынша – ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабы (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) және ҚР Қылмыстық кодексінің 109-бабы (ұрып-соғу) бойынша жазаланған болатын. Олар қамауға алу, айыппұл салу, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны қарастырды.

2017 жылдың 3 шілдесінде Нұрсұлтан Назарбаев бұл баптарды қылмыстан шығару туралы заңға қол қойды. Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның мәліметінше, бұл «құқық бұзушылармен профилактикалық жұмысты күшейту және оларды жауапкершілікке тарту тәртібін жеңілдету мақсатында» жасалған. Сонымен қатар егер агрессор қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталса, бұл тараптардың татуласу мүмкіндігін жоққа шығарады.

Кодексте 73-бап (отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер) бар, онда «әдепсіз сөздер айту, қорлау, қорлау, үй заттарын бүлдіру және құқық бұзушымен байланысты адамдарды сыйламаушылықты білдіретін өзге де отбасы-тұрмыстық қатынастар» – бес тәулікке дейін қамауға алу. Егер құқық бұзушылық алты ай ішінде қайталанса, қамауға алу мерзімі 10 тәулікке дейін ұзартылады.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылы Қазақстан соттары осы бап бойынша 24 149 істі қараған.

Кодексте 73-бап (отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер) бар, онда «әдепсіз сөздер айту, қорлау, қорлау, үй заттарын бүлдіру және құқық бұзушымен байланысты адамдарды сыйламаушылықты білдіретін өзге де отбасы-тұрмыстық қатынастар» – бес тәулікке дейін қамауға алу. Егер құқық бұзушылық алты ай ішінде қайталанса, қамауға алу мерзімі 10 тәулікке дейін ұзартылады.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылы Қазақстан соттары осы бап бойынша 24 149 істі қараған.

Орталық Азияда алғаш рет жүргізілген зерттеу нәтижелері елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жоғары деңгейін көрсетті. Бұрын-соңды қатынаста болған 18-75 жас аралығындағы әйелдердің 17%-ы ерінен физикалық, ал 21%-ы психологиялық зорлық-зомбылық көрген. Мұндай жағдайда болған әйелдердің үлесі 5,36%, ал Қазақстан 169 елдің ішінде 25-орында тұр.

2021 жылы Шымкент қаласында әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 11 685 оқиға тіркелді. Жоғары көрсеткіштер Астанада (6 456), Шығыс Қазақстан (5 162) және Қарағанды облыстарында (5 017), сондай-ақ Алматыда (4 881) және Алматы облысында (5 980) байқалады. Ең аз көрсеткіш Маңғыстау (1080) және Қызылорда облыстарында (1322) тіркелді.

“Ішімдік, нашақорлық және ойынға тәуелділік Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың басты себебі”,–деді Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Министр Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себептері туралы статистикалық мәліметтерде ішімдік, есірткі, құмар ойындар сияқты зиянды әдеттер көрсетілген. Басқа жағдайларда бұндай зиянды әдеттер әлеуметтік-экономикалық сипаттағы проблемалар (47,6%) мен тұрақты табыстың жоқтығына (29,2%).

«Өкінішке қарай статистика көңіл көншітпейді. Соңғы 4,5 жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 869 адам қайтыс болды. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша 2086 жағдай тіркелді», – деді министр.

    Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін отбасын қолдау орталықтары жұмыс істейді, онда мұқтаж адамдарға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетіледі. Олар уақытша баспанамен де қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Астана мен Шымкентте «Неке алдындағы кеңес беру» пилоттық жобасын іске қосты. Жоба аясында шаңырақ көтергісі келетін азаматтарға отбасы психологиясы, отбасы бюджетін жоспарлау және басқа да маңызды мәселелер оқытылады. Мамандандырылған орталықтар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетеді, тегін консультация береді, психологиялық және заңгерлік көмек көрсетеді, қажет болған жағдайда жәбірленушілерді медициналық көмек алу үшін арнайы мекемелерге жібереді. Баласы бар аналар мамандандырылған орталықтарда  бір айдан алты айға дейін бола алады.

Соңғы үш айда арнайы жұмыс тобы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу үшін жаңа Заң жобасын әзірлеуде. Құқық қорғаушылар үкіметке жолдаған петицияда жаңа заңда көрсетілуі тиіс 27 негізгі өзгеріс ұсынған. Көп ұзамай заң жобасы үкіметтің мақұлдауына жолданады, ал қыркүйекте Парламенттің жаңа шақырылымының жұмысы басталуымен Парламенттің Төменгі палатасына жіберіледі.   

        Жалпыұлттық шаралар жоспары шеңберінде аз қамтылған, көпбалалы, қиын жағдайға тап болған отбасыларға жәрдемдесетін орталықтардың көптігіне қарамастан, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандардың саны азаймай тұр. Қазіргі таңда еліміздегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Отбасы – бұл қоғамның бір бөлшегі. Ондағы жылулықты, даусыз тыныш өмірді, балаға, ата-ана арасындағы махаббатты сақтай білу аса маңызды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *