Мектептегі bulling – ке жол жоқ!
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Көктұма ауылы.
11 сынып оқушысы Мәди Жансая
Мектептегі bulling-ке жол жоқ!
Буллинг – бопсалау, адам құқығын аяққа таптау, кемсіту, қорлау, жәбір көрсету фактілері.
Адамға әлімжеттік көрсету, оның өміріне қауіп төндіретін құйтырқы әрекеттер жәбірлеушінің өз-өзіне сенімсіздігінен пайда болатынын бүгінгі сұқбатымызба Көктұма қазақ орта мектебінің педагог-психологы Анар Еркінқызы айта өтеді. Бүгінгі сұқбатта буллинг себептері туралы, оны қалай шешу керек, адам бойындағы қасиеттер туралы көкейтесті сұрақтардың жауабын алатын боламыз.
- Оқушылар арасындағы буллинг себебі не деп ойлайсыз?
“Буллинг, әлімжеттік бүгінгі таңдағы өте өзекті мәселелердің бірі. Әлімжеттік- қабілеті, күші жағынан, денсаулығы жағынан мықты оқушылардың төменгі сынып оқушыларына, әлсіздерге күш көрсетуі. Олардың әлсіз тұстарын, әлсіз іс-әрекеттерін өздеріне кері бағыттайды. Осы себептен буллинг пайда болады”
- Қанша жастағы оқушылар буллинге көп ұшырайды?
“Біз әсіресе айтамыз жоғарғы, орта буындағы балалар көп буллингқа ұшырайды деп. Негізінде, бастауыш пен 5-7 сынып оқушылары буллингке көп ұшырайды. Неге? Себебі, біз айтамыз бастауыш сынып оқушылары мазақтап кетті, дөрекі сөйлеп кетті деп, негізі осының барлығы буллингке жатады. Өйткені, намысына тиетін сөздер айтылады. Бір бала екінші бала тарапына кемсітетін сөздер айтып жатып, бұл менің қалжыңым деп ойлайды. Ал бірақ мәселеге тік қарайтын болсақ, ол буллингке жатады. Көп жағдайда балалар бір біріне кімнің күшті екенін дәлелдеу мақсатында буллинг көрсетеді.”
- Егерде бала буллингке ұшыраса, ең алдымен кімге айтқан жөн деп есептейсіз?
“Ең алдымен бала буллингке ұшырап жататын болса, алғашқы бас ұстазы ата-анасына ескерткен жөн. Кей жағдайда балалар ата-аналарына жақын болмайды. Ол кезде бала мектептегі әкімшілік, яғни педагог-психологқа, тәрбие орынбасарына, сынып жетекшісіне жақын болса, сол кісілерге ескерткен жөн.”
- Егерде бала тұйық, ешкіммен араласпайтын болса кімге жүгінген жөн?
“ Біздің мектепте сенім жәшігі бар.Бұл жерде анонимдік түрде бала хат жазуға болады. Сенім телефондары бар, сол телефондарға өзінің аты жөнін айтпай хабарласып, өзінің жәбірленіп жүргенін айтса болады. Ол бала өзінің аты- жөнінің айтылғанын қаламаса да, кімнің жәбір көрсетіп жүргенін, қалай көрсетіп жүргенін айтып немесе жазып What`s up желісі арқылы жіберсе болады.”
- Буллинг көрсетушілерде осындай қатыгездік мінез қайдан пайда болады деп ойлайсыз?
“ Көп жағдайда бала қандай тәрбие алып жатады, үйінде не көріп жатады, оның жүрген ортасына, қандай балалармен араласады соған байланысты мінез-құлық көрсетеді. Бұл жерде буллинг әсіресе “мен мықтымын” деген дүниені көрсету, өз өздеріне дәлелдеу. Мысалы, бала ата-анасынан қандай тәрбие көріп жатқанын немесе ата-анасының арасындағы қарым-қатынасты іс-әрекет арқылы шығарады. Одан кейін мұндай жағдайда “бала кездегі травмадан” да болады. Көп өзі махаббатты көрмеген, қатыгездікте өскен балаларда осындай оқиғалар көп орын алады. Мейрімділік көрмеген, ата-анасынан дұрыс бағыт-бағдар алмаған балалардың бойында жағымсыз қасиеттер пайда болады. Қазіргі таңда көп балалар қатыгездікпен, аяусыздықпен соғып, жәбірлеп жатады. Демек, олар мейрімділік не екнін көрмеген балалар.”
- Сізге буллинг, кибербуллинге ұшырадым деп шағымданған балалар саны көппе?
“ Бізде ай сайын профилактикалық жұмыс жүргіземіз. Балалардан жасырын сауалнама аламыз. Қазіргі таңда ешқандай бала аты-жөнін көрсетіп сауалнама толтырмайды. Сондықтан, біз ай сайын жасырын сауалнама аламыз. Сол кезде “сіз кімнің тарапынан буллинг көресіз?” деген сұрақтар болады. Бір оқушы сыныптасымның тарапынан деп жауап берген болатын. Біз ол оқушымен түзету жұмыстарын жүргізіп, келесі айда сауалнама алғанда нәтиже жақсы болып шыққан болатын. Демек, балалар буллинг тек күш көрсету емес, сөзбен де орын алатын процесс екенін түсініп жатыр.”
- Буллингпен күрес шешімдері қандай?
“ Буллингпен профилактикалық жұмыс көп жүргізу керек, сауалнамалар көп алынуы керек, баланың санасына жеткізу үшін, ата-аналармен де көп жұмыс жүргізу керек. Себебі, тәрбие бір жақтан ғана болмайды. Үштік одақ болғандықтан, яғни бала-ата-ана- мектеп. Сол себепті ата-аналармен жеке түсіндіру жұмыстарын ж үргізу керек. Буллингтің тек ұрып-соғу фактілерін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік желі арқылы қорлап, бопсалау сөздерін айту да буллингке жататынын түсіндіруіміз керек. Ата-аналардың осы тұста буллинг туралы сауаттылықтарын арттыру жұмыстарын жүргізу арқылы буллингтің алдын алуымызға болады.”
- Өзіңізден психологиялық кеңес сұрасақ!
“ Ең бірінші, буллингқа ұшырап жатсаң, қарсы күш көрсетпе, екіншіден, міндетті түрде жасырып қалма. Мысалы, сенің досың біреуге буллинг көрсетіп жатса, дереу досыңа тоқтау айт немесе өзің ұшырап жатсаң, міндетті түрде қажетті мамандарға қоңырау шал, ешқашан жасырып қалма дегім келеді.”
- Менің осымен буллинг туралы сұрақтарым аяқталды. Психолог- педагог Анар апайымызға рахмет айтқым келеді. Осы сұқбатты оқи отыра оқырман бір ой түйді деген ойдамыз!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718