Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығы
Ахметказиева Света Ахметказыновна
Бүгінгі таңдаата-ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе-бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Ата-анаүшін бала өмір жалғасы, көздің нұры,үміт күткеншырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне,сондықтанда: «Ана үйдің берекесі, бала үйдің мерекесі», «Бала болсаң болғандай бол, айналаңа қорғандай бол» деген қағиданы берік ұстанған ата-бабаларымыз өз ұрпағын «Адам,азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Бала тәрбиесінің қай саласында болсын,ата-ананың өнегесі үлкен рөл атқарады. Егер баланың ата-анасы үйді таза ұстап, өздерін күте білсе, жақындармен сыпайы қарым-қатынаста болса, жақсы кітап, кино шығармалар жайлы әңгімелеп отырса баланың эстетикалық танымын күшейте түсері хақ. Отбасы-бұл баланың өмір сүру ортасы қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын.Отбасында тұрақты, жылы жағдай қалыптасқан болса, ондай ортада тәрбие алып өскен бала да жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады. Алайда, заманауи отбасылары қоғамдық дамудың сапалы және қарама-қайшы жағдайында қалыптасады.1. Қоғамның қарқынды жіктелуі (материалдық байлығының деңгейі және әлеуметтік мәртебесі бойынша)2. Балалардың психикасына кері әсер тигізетін ажырасулар санының артуы.3. Бір ата –анаға тәрбие беретін отбасылар санының өсуі.4. Бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет жаһандық желісінің қуатты озбырлық ықпалы.Сапалық тұрғыдан алғанда отбасын нығайту жөнінде кешенді бағдарламалар әзірленіп жүзеге асырылуда. Ал отбасындағы қарама қайшылық мәселелерді шиеленістіруге әкеліп соқтыратын жағдайлар.Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық баланың қанағаттану деңгейімен тәрбиеші жұмысының сапасын арттырады. Осының барлығы отбасымен қоғамдық мекемелердің бірігіп жұмыс жасауының нәтижелі болатындығына көз жеткізеді. Ол үшін алдымен баланыңотбасылық ортасы зерттелуі керек.Зерттеу әдістері: бақылау, әңгімелесу жеке және топтық, сауалнама іскерлік ойын арқылы балалардың отбасылық ортасына зерттеу жүргізіледі.Отбасылық орта мынадай параметрмен анықталады:1. Әлеуметтік мәдени орта, ата-аналардың және отбасының басқа мүшелері, ата-аналардың білімділік деңгейі, қоғам өміріне, балабақша істеріне қызығушылығы.2. Техникалық-гигиеналық орта: тұрмыс тіршілік жағдайлары, үй жайдың жабдықталуы,тұрмыс салтының ерекшеліктері.3. Демографиялық орта: Отбасы құрылымы, оның жасқа байланысты құрамы.Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар1. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының физикалық, психикалық, адамгершілік саулығының негіздері.2. Отбасы баланы әлеуметтендірудің қалыптасуының алғашқы институты.3. Баланың қоғамда өмір сүру даярлығын реттеу және бақылау.
- 4. Ата-аналардың баланың денсаулық жағдайларына дене бітімінің даму деңгейіне отбасы мүмкіндігіне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарды таңдауға құқы бар.Отбасы тіршілігін, дәстүрі мен рухани бағдарын зерттеу арқылы баланың мінез-құлық жағдайларын анықтауға болады. Отбасындағы тәрбиелеу жұмыстарымен танысқаннан кейін алынған ақпарат ата-аналарды балабақша жұмысына қызықтыратын оңтайлы жағдайда құрылу керек. Яғни, ата-ана балабақшада өздерінің балаларына деген құрмет пен махабатты сезінуікерек.Ата-аналарменжұмыстыңтүрлері:
Дәстүрлі | Дәстүрдентыс |
1. Ата-аналаржиналыстары.-Жеке топтық және балабақшаның жалпы конференцияларын ұйымдастыру.- Тәрбиеші-педагогтың жеке кеңесі; -Балалардың үйінде болуы; -Ашық есік күндері; -Отбасы жөнінде мәліметтер дәптерін толтыру;- Ата-аналарға арналған ақпараттар бұрышы;- Әр түрлі тәрбиелік шараларға, мерекелік ойын-сауық ертеңгіліктерге қатысу;- Оқу-тәрбие үрдісін жоспарлауға қатыстыру;- Сауалнама жүргізу,әңгімелесу. | 2. Ата-аналармен тренингтер өткізу.- Пікір сайыстар жүргізу;- Психологиялық демалыс сәттері (разминка);- Ауызша журнал;- Ата-аналар кештер;.- Ата-аналар оқулары;
– Ата-аналар рингі; – Ашық сабақтар. «Менің жанұям газетін»шығару. |
Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:Отбасы баланы әлеуметтендірудің алғашқы институты ретінде қалыптасуының физикалық, психикалық адамгершілік саулығының негіздерін қалайды. Баланың жетістіктерін қажеттілігін қалыптастырады. Ресми және бейресми ереже, ұстанымдар нормалар мен белгілер кешенін анықтайды. Баланың қоғамда өмір сүруге даярлығын реттейді және бақылайды. Баланың әлеуметтік байланыстар туралы ұғымын қалыптастырады. Баланың мінез құлқының жалпы адамзаттың моральдық және мәдени стандарттарына үйретеді. Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің баланың жеке қабілеттеріне, денсаулық жағдайларына дене бітімінің даму деңгейіне отбасы мүмкіндіктеріне сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын таңдауға құқығы бар.
Отбасы тәрбиесінің міндеттері:Баланың дене және танымдық дамуы үшін максималды қауіпсіз жағдайлармен түрлі мүмкіндіктер жасау. Баланы эмоционалдық қолдауды қамтамассыз ету. Баланың жақын және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы, олармен берік қарым-қатынас орнатудағы жеке талаптарын қанағаттандыру, тіршілік іс әрекеттерінде қауіпсіздік туралы алғашқы білімін қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет етуге және жақындарына көмектесуге бағытталған қолданбалы дағдылар мен іскерлікке үйрету, тілдік қатынастық дамуын қамтамассыз ету, отбасы мен қоғамның дәстүрлерімен құндылықтарына тәрбиелеу, бейімімен қызығушылығын дамыту. Отбасы тәрбиесін ұйымдастыру шарттары; отбасы бала тұлғасын дамытуда оның алғашқы қоршаған ортасын құрады.АТА- АНА ТОПТАРЫ: Балалары үлгілі отбасылар тобы. Барлық мүмкіндігі бар тек бала тәрбиесіне кері (әртүрлі себептерге сай) әсер ететін отбасылар.Отбасындағы қарым-қатынастар: Түрлі себептерден туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас. Ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас. Ынтымақтастық қарым-қатынас (отбасы мүшелерінің өзара түсіністікпен көмекке бағытталған қарым- қатынасы).
Отбасы мен балабақшаның өзара әрекетінің басты қызметтері:– Ақпараттық;-Тәрбиелік-дамытушылық; Қалыптастырушылық; Қорғау-сауықтырушылық;Бақылаушылық;ТұрмыстықОтбасы мен балабақша ынтымақтастығын өзара ұйымдастыру жолдары;Отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен балабақша ынтымақтастығын өзара ұйымдастыружолдары;Отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатындағы зерттеу,адамгершілік бағыттылығына қарай топтастыру, бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау.Коллаж: отбасы ұраны, отбасы фамилиясы, үлкен фото, эмблема, отбасы жасы, отбасының туған күні.Партфолио: отбасылық мерекелік күн тізбегі отбасындағы әндерімен ережелері, отбасылық кулинария, есімдермен фамилиясының құпиясы, жұлдызнама.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718