Электронды темекі – қаупі зор бәлекет

Тулепбергенова Амина Санатовна

Жасөспірімдердің арасында трендке айналған зиянды заттар жетерлік. Соның бірі—электронды темекі. Қазір көшеде аузынан түтін будақтатқан азаматтарды жиі көреміз. Ең қорқыныштысы, мұндайды мектеп оқушыларынан да байқауға болады. Қоғам жастары есеюдің көрінісі десе, енді бірі бүгінгі таңның сәні ретінде күнделікті өмірде кеңінен пайдаланады. Электронды темекі-ішінде сұйықтығы, арнайы ауыстыратын картриджі бар, өкпеге тыныс алу жолдары арқылы никотин жеткізетін темекінің жаңа түрі. Электрондық темекі қазіргі уақытта, әсіресе жасөспірімдер арасында үлкен қауіп-қатер туғызып отыр.

Темекі шегушілік студент жастардың арасында да жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе. Шылым, электронды темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Жас келіншектің шеккен әрбір тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10 пайызға көбейтіп, нәрестеге қажетті оттегінің мөлшерін 10 пайызға кемітеді екен.

Ж.Садықованың пікірлеріне сүйенсек, aikos пен glo – қыздырыл­ған табак өнімі. Оның ішінде никотин 6 мг дейін болуы мүмкін. Мұның енді кәдімгі темекіге қарағанда никотині аз деп айтып жатады. Солай жарнамаланып та жүр. Бірақ күні бүгінге дейін жасалған зерттеулер электронды темекінің зиянсыз емес екенін көрсетті. Өйткені олардың құрамында қандай мөлшерде болса да никотин бар. Ал кез келген формадағы никотинді қолдану – зиян. Оның үстіне бұл өнімдер электронды шылымды шегушінің ғана емес, оның айналасындағы адамдарға да зиянын тигізеді. Әсіресе балалар темекі түтінінен тез уланып, түрлі ауруға шалдығуы әбден мүмкін. Сондықтан ДСҰ электронды темекілер зиянсыз деген тұжырыммен келіспейді. Темекінің қай түрі болмасын өте қауіпті екенін естен шығармаған жөн.

Электронды темекі қолдану нәтижесінде психикалық және физикалық тәуелділік қалыптасады. Тәуелділіктің даму жылдамдығы және оның ауырлығы әртүрлі болуы мүмкін: жасы, қолдану жиілігі және дененің әсер ету ерекшеліктері. Психикалық тәуелділік жағдайы адамның электронды темекі көмегімен ішкі тепе-теңдікке қол жеткізгісі келетінінен көрінеді. Физикалық тәуелділік – ағзаның никотинсіз қалыпты жұмыс істей алмайтындығынан көрінеді және ол болмаған жағдайда абстиненттік синдром дамиды.

Электронды темекі өкпенің қатерлі ісігі, өкпенің созыл­малы обструк­тивті ауруы, демікпе, қан айналым жүйесі ауруларын, соның ішінде жүректің ишимия­лық ауруы, артериялық гипертония, қан тамыры ауруларын тудырады. Бұған қоса ағзаның ин­фек­ция­мен күресу қабілетін төмен­детіп,иммундық жүйеге кері әсер етеді. Десе де әлеуметтік желіде де әлеуеттің әлегіне айналып, әб­ден жарнамаланған вейп, айкос­тар қолжетімді бағада сатылады. Мәселен, әрбір бөлшек сауда дүкенінде бір вейптің баға­сы 2 мың теңгеден аспайды. Республикалық психи­ка­лық денсаулық ғылыми-прак­тика­лық орталығы ШЖҚ РМК Пав­ло­дар­дағы филиалының аға дәрі­гері Мәди Тоқановтың айтуынша, вейптер қол­жетімді болғандықтан тұтына­тындар қатары да көбейеді.

Орталық Азия мен ЕАЭО елдеріндегі темекі тұтыну 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы жаһандық темекі індеті туралы есебі бойынша, Орталық Азия мен ЕАЭО елдері арасында Түрікменстан мен Өзбекстан тұрғындары ең аз темекі шегетіндер қатарында. Оған сәйкес, Түрікменстан мен Өзбекстандағы күнделікті темекі шегетін ересектердің үлесі – 4% және 9%-ды құрайды. Ал Қазақстан аймақтағы жеті елдің арасында 3-орынға ие болған. Елімізде күнделікті темекі шегетін ересектердің үлесі – 16%. Ал Қырғызстанда ересектер арасында күнделікті темекі шегетіндер үлесі – 22%, Беларусь елінде – 23%, Арменияда – 25% болды. Ресей Орталық Азия (ОА) мен ЕАЭО елдері арасында ең көп темекі шегетін ел атанды. Мұнда темекі шегушілердің үлесі 27% болған.

Темекі шегушілік студент жастардың арасында да жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе. Шылым, электронды темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Жас келіншектің шеккен әрбір тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10 пайызға көбейтіп, нәрестеге қажетті оттегінің мөлшерін 10 пайызға кемітеді екен.

Қоғамдағы бұл індет жайында : – «Қазір қоғамда вейпке мектеп жасындағы балалар әуестене бастаған. Көпшілік вейп құрамында тек хош иістендіргіш аэрозоль бар деп ойлайды. Дегенмен нарколог дәрігерлер электронды темекіде хош иістендірілген сұйық пропиленгликоль, никотинді аэрозоль барын айтады. Электронды темекі кәдімгі темекіден зиянсыз деген пікірлерді қоғамда жиі естіп жатамыз. Дәрігер ретінде айтарым, бұл жалған пікір. Жақында Қырым Федералды Университет қауымдары электронды темекі буы өкпе аурына әкелетінін дәлелдеп шықты.Ғалымдардың жүргізген зерттеу бойынша вейп сұйықтығын егеуқұйрыққа берген. Осылайша 40 күн ішінде егеуқұйрықтың өкпесі іри бастаған. Сол сияқты ата-анасының бақылауынсыз жүрген жасөспірімдер вейп шегу аркылы өзінің ағзасына қалай зиян тигізіп жатқанын біле бермейді,» – дейді медицина магистрі Мыңжылқы Бердіқожаев.

Жануарларға жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, электронды темекі құрамындағы никотин қысқа мерзімді қолданудың өзінде ми жасушаларын, көңіл-күйдің өзгеруін бақылау үшін қолданатын зат – серотонинді өлтіреді.

Электронды темекінің адамдарға әсері әлі де зерттелуде. Дегенмен электронды темекіні пайдаланудың зиянын ересектерге қарағанда балалар әлдеқайда өткір қабылдайды деген қорытындыға келуге болады. Арақ ішіп, темекі шеккен, денсаулықтың түбіне жетеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Себебі, зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Ал бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *