Асқарбас атау дәстүрі
Қазақтың салт-дәстүрлері
Орындаған: Жөкен Әмина Алмасқызы
Қабылдаған: Әлтаева Нұрсұлу
Дінтану 3 курс
Ақсарбас атау дәстүрі.
Аннотация. Мақалада халқымыздың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерінің бірі Ақсарбас атау туралы болмақ. Оның жасалу әдебі, бізге берер пайдасы және жағдайға байланысты Ақсарбас атаудың түрлері жайлы болмақ.
Түйінді сөздер: Ақсарбас атау, Қазақтың салт-дәстүрлері, әлеуметтік дәстүрлер, бозқасқа, көкқасқа, қызылқасқа.
Салт-дәстүр бұл атадан балаға жалғасатын әлеуметтік және тұрмыстық ұстанымдар. Қазақтың салт-дәстүрін ешбір заңда, ешбір кодексте жазба түрінде көрсетілмегенімен халық оларды есіне сақтап, бұлжытпай орындауға тырысқан, себебі адам өміріне дәстүрлік тәлімдердің пайдалы жақтары көп десе де болады. Дәстүр – адамдардың істерін, өмірге деген ойларын, рухани білімдерін дамыту үшін негізгі рөл атқара отырып, тәрбие негізін қалауға көмектеседі. Негізінде салт-дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен кезеңдерден қалған оның ең озық түрлері, ырым-жоралары, кәде-рәсімдері кіреді. Көп салт-дәстүр әр түрлі заманда өзінің өмір сүру заңдылығына толық ие болғаннан кейін ғана әрмен қарай жалғасын тауып, болашақ қоғамнан тұрақты орын алады. Сол себепті біздің қазіргі қоғамда қолданылатын қазақтың әдет-ғұрыптары мәңгілік өмір сүру құқығын алған салт-дәстүрлер деп айтуға толық негіз бар.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері ата-бабаларымыздың күн көріс кәсібіне, өмірлік сеніміне, дүние тәлімінебайланысты пайда болып отырған. Салт-дәстүрлер қоғамдағы атқаратын қызметіне қарай отбасылық және қауымдық-әлеуметтік дәстүрлер деген басты екі топқа бөлсек болады. Оның отбасылық дәстүрлеріне баланың туылуы, өсуі, тәрбие алуы, үйленіп үй болуы, қыз ұзату, келін түсіру, өлім-жітім мәселесі сияқты дәстүрлер жатады. Екінші үлкен топтағы дәстүрлерге көпшілік жиналып өткізетін әдет-ғұрыптарды жатқызсақ болады. Мысалы, Наурыз мерекесі, діни мейрамдар, ас беру, бәйге ұйымдастыру, және т.б. Онымен қоса қазақ халқыныңтұрмыс-тіршілігіне, ата кәсібіне байланысты әдет-ғұрыптарды санап бітпейміз, себебі әр отбасындағы дәстүрлер мен халықтық жоралғылар көбінесе өзара бірлесіп, араласып жатады.
«Ата салтым – алтын қазынам» демекші, өз ұлтымыздың қадір-қасиетін, ой-өрісін танытатын салт- дәстүрлерімізге барынша құрметпен қарап, оларды қастерлеу барша қазақтың жауапкершілігі. Қазақ елін басқа жұрттар сыйлап, бағаласын десек, ұлттық салт-дәстүрімізді ардақтай білейік, асқақтата білейік. Ертеңгі ұрпағымыз ұлтжанды, отаншыл болып өссін десек, ата дәстүрімізді ардақтауды үйретейік. Кейін өкінбеу үшін жеткіншектеріміздің бойына ұлттық тәрбие нәрін ертең емес, бүгін сіңірейік.
Осы мақаланы сіздерге «Ақсарбас атау» деген қазақтың ұмытылып бара жатқан салт дәстүрі туралы мағұлмат беру мақсатында шығардық. Ақсарбас атау дегеніміз – көне дәстүрлі дініміздегі құрбандық шалу ғұрпы. Қуаныш пен қайғыда, ауырып, қиындыққа тап болғанда немесе сапарға аттанғанда мал атайды. Бұл тылсым күшке сеніп, Тәңірдің құдіретіне иланудан пайда болған. Бірнеше дектерде ақсарбас атаудағы шалынатын малдың үш түрі кездеседі: бозқасқа, көкқасқа және қызылқасқа. Соның ішіндегі бозқасқа дегені ол қой, көкқасқа дегені ол жылқы, қызылқасқа түсі ол сиырға қатысты. Қазақ халқы аруақтарға арнап құрбандық шалып, құдайы бергенде өте сирек кездесетін ақ сары бас немесе боз қасқа түстісін союға айырықша мән береді. Себебі, боз қасқа атау Тәңірге тілеушінің тілегін тез жеткізеді деп сенген. Боз, көк түстер қазақ халқы сыйынған тәңірінің, Көктің символына теңелетін қасиет түске саналады. Бұл жерде құрбандық шалудың қалыптасқан тәртібі байқалады: мысалы, құрбандыққа шалынатын қойдың түсі ақ, басы мен мойыны сары болуы өте жақсы ырымға бағалайды. Әрі, мал жастау, яғни екі тісті, түсі ақ, тұла бойы түгел қардай аппақ, маңдайы ақжолақ болып келуін жақсылықтың нышанына балап, құрбандық қабыл болады деп ырымдайды.
Соңғы деректерге сүйене отырсақ, адамның қауіп-қатерге ұшырағанда, ауырғанда, қатты қиналғанда Алла атымен бастап «ақсарбас» деп үш рет айтуы керек. Ауыр жағдайдан тірі қалған кісі осыдан кейін ел-жұртты шақырып, құдайы тамақ береді. Алыс жолға шығып жатқан жолшының амандығы үшін аталған малды да Ақсарбас атадым дейді. Ұзақ жолға шығып жатқанда ол кісінің артынан үйдің үлкені және қадірлі кісісі шығып: «А, Құдай оң жолыңа баста, пәледен сақта, жолыңа ақсарбас айттым!» деп Тәңірге тәуекел етеді. Халықымыздың дәстүрлі сенімінде егер өз ауылдан алыста, жырақта, қауіп-қатердің арасында жүрген адам үшін «айтылған иесіне тілекші болып, оның амандық-саулығын тілеп жүреді» деген мақсатта да адамның жолына аталған ақсарбас деп саналады.
Әйел аман-есен босана салысымен ол кісіге ақсарбас ретінде қой сойып, бір-біріне жақсы сөздер мен ниеттер айтып, қалжа жегізеді. Өйткен екі қабат кезіндегі кездегі тер шықпаса, анасы мен баласын қырық түрлі қырсық шалады, қалжа жемеген әйелдің баласы ынжық болады деген ырым бар халқымызда.
Қызға құда түсіп келіп, екі жақ келісімге келіп, «құдандалы» болғанда, қыздың әкесі құдаларына батасын оқытып, ақ қой сойған. Қазақта «ақ қойдың қаны, ақ бата оқығаны» деген сөз осыны меңзейді. Күйеу жігіт тарапы жаңатүскен келіннің «өлі-тірісіне» ақтоқты апарады. Оның мағынасы дәстүрлі наным-сенімдегі өркендеу идеясынан бастау алады. Халқымызда қойдың ақ сары басын құрбандыққа шалу – құдайы айтудың жақсылық, қуанышпен аяқталуын тілеу. Беделді адам қайтыс болғанда құрбандыққа қойдан ақсарбас шалынса, қатардағы құрбандыққа қоңыр тоқты мен қара шұнақ лақ сойылғаны белгілі.
Соңғы кездері «ақсарбас атадым» деп айтатын адамдардың саны азайып бара жатыр. Әдебін жасаған күннің өзінде, бұл тіркес сөзі көп айтылмайды. Ұлтымыз өазақ болғандықтан, құдайы ас, құда күту деген ғұрыптар жасала береді. Ал, ақсарбас атаудың тәртібін жіне мағынасын түсінетіндер бұл ғұрыптың адамға тигізер пайдасын және жеңілдік сыйлайтынын да түсінеді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718