Жоспарлау = мәнді өмір
Кенжебек Гүлжан
Адам өмірде жетістікке жету үшін: өз өмірін жоспарлай алу керек. Себебі, жоспарлау- миымыздағы хаосты ретке келтіретін құрал.
Ал жоспарсыз өмір- өкінішке толы өмір. Яғни, «кезінде істеу керек еді…» – деп өкіну ол жоспарсыз жүрген адамның сөзі.
Ғалымдардың айтуынша: «жоспармен өмір сүрген адамның 90% жетістікке жетеді. Ал 10 % жоспарды дұрыс құрамағандықтан көбінесе өз мақсатына жете алмайды.»
Бұдан туындайтын сұрақ: жоспарды қалай дұрыс құруға болады?
1. Мақсатты дұрыс тұжырымдау.
2. Жоспарды әдетке айналдыру.
3. Жоспарлау тәсілдерін дұрыс таңдау.
Ең тиімді жоспарлау тәсілдері:
1-тәсіл: АҚШ-тың 34 президенті Дуайт Эйзенхауер тәсілі.
Онда жоспарды екіге білесіз. Бірі маңызды, екіншісі маңызды емес. Маңызды іс өз ішінен екіге бөлінеді. 1- Шұғыл. Яғни, оны жасау маңызды,уақытпен байланысты әрекеттер. Мысалы, емделу, мектеп тапсырмасын жасау. 2- шұғыл емес. Яғни, жоспардағы жеке өсу үшін қажет мерзімсіз істер. Мысалы, спортпен шұғылдану , тіл үйрену.
Маңызды емес жоспарда өз ішінен екіге бөлінеді. 1- жеңілдету. Яғни, нақты дағдыларды қажет етпейтін тәртіп. Мысалы, сіз басқа адамға бере алатын тапсырмалар тамақ дайындау, дүкенге бару. 2-жою. Яғни, пайда алып келмейтін әрекеттер. Мысалы, кино көру, әлеуметтік желіде көп уақыт отыру. Осы тәсіл арқылы сіз жоспармен де өміріңізді жеңілдете аласыз.
2- тәсіл:Парето заңы.
Жоспар маңыздылығы мақсат үшін көп уақыт жұмсау емес. Тек күш жұмсау. Нақтылап айтсақ, 20% күш жұмсау арқылы біз кейде жетістіктің 80% орындауымыз мүмкін. Мысалы:сіздің мақсатыңыз шет тілін үйрену ол үшін күніңіздің барлық уақытын жұмсамай, тек белгілі уақытта бүкіл фокусымызды қойып, күш жұмсау болып табылады.
3-тәсіл: бөлу әдісі
Егер тапсырма тым көлемді болса, сіз оны орындаудың бастапқы кезеңдерінде тоқтап қалуыңыз мүмкін. Бұған жол бермеу үшін оны кішігірім қадамдарға бөлу керек, осылайша неден бастау керек және мақсатқа қалай жетуге болатыны анық болады. Егер ол жылдық жоспар болса , оны айға, аптаға, күнге бөлу болады.
Нақтылап айтсақ: жоспарлау маңызды , ал жоспармен жүру одан да маңызды екенін ұмытпаған жөн.