Жыл мезгілдері

Кенжеева Бағила

Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»

Мақсаты:Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдысын қалыптастыру.Балалардың сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін жетілдіру.Есте сақтау қабілетін дамыту.

Нейро жаттығумен сәлемдесу.

Тәрбиеші:Балалар көңіл күйлерің қалай ?(Тамаша)

Қане балалар жыл мезгілдерін атап өтейік?

Ал қазір қай мезгіл?

Қыс мезгілі туралы тақпақтар.

Балалар осы күнге дейін не өттік соны қайталап өтейікші.1 ден- 10 дейінгі сандарды тура кері санату.Сандарды қосып алу.Аз көп сандарын айту.

Әріптерді Балалар алфавитте неше әріп бар?Ал балалар тақтаға назар аударайық . Тақтадағы әріптерді талдау,буынға бөлу,дауысты дауыссыз  дыбыс екенін айту.

Балаларды жыл мезгіліне қарай пішіндер арқылы  бөлу.

1.Қыс-көк түсті пішін.

Кемпірқосақтың суреті беріледі, түрлі түсті  қиындылармен жапсырып  шығады.

2.Көктем-жасыл түсті пішін.

Жапырапқтың суреті беріледі , триз әдісі бойынша гуашпен  бояйды.

3.Жаз-қызыл түсті пішін.

Түрлі жемітет мен гүлдердің суреттері беріледі пластелинмен жапыстырып шығу керек.

4.Қызылсары түсті пішін.

Құрастырғыштардан түрлі ғимараттар жасау.

Жұмбақ жасыру.

Шана сырғып келетін

Шаңғы коньки тебетін

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың  (Қыс)

Су көбейіп

Бүршік шашып

Жапырақ ашып

Бәйшешек басады

Айтыңдаршы бұл қай мезгіл(Көктем)

 

Кубикпен ойын

Шарты: Кубик лақтырылады қандай сан түссе сол санды аударғанда  ертегі шығады,сол ертегіні ң кейіпкерлерін атап беру керек.

Қорытынды:          Балалар бүгін қызықты не білдік?

Жыл мезгілдерін, сандарды, әрІптерді айтып өттік.

Ойындар ойнатылды

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *