Ала жіпті аттама
Н.Оңдасынов атындағы № 14 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Усербаева Тамара Алмахамедқызы
Алажіпті аттамау
Қазақтың “ешкімнің ала жібін аттама деген” тәрбиелі сөзі бар. Оны естіген кезде алажіпті аттама дегенді кісіге қиянат жасама, біреуге жамандық ойламау деп түсінетінбіз. Бұл сөздің түп төркіні тереңде екен, жазда жайлауда, қыс қыстауда жүрген мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі жұрт отырықшы болмаған. Киіз үйін жинап малға жайлы қоныстарына көшіп көшпенді өмір сүрген. Ағайынды алтаумыз, анадан төртеуміз, әкеден алтаумыз деген сөзде бірнеше әйелден ұрпақ тарап ынтымақты болғанын көрсетеді. Сол киіз үйдің есігіне құлып салмаған бабаларымыз кетерінде есікке ала арқанды іліп кетеді екен. Сол үйге келген адам ала арқанды көріп, үйде ешкім жоқтығын түсініп, кері қайтқан. Яғни ешкімнің ала жібін аттамау да содан қалған деседі. Сонда жәй ғана ала арқанды көріп тұрып ол үйге кірмеген қазақта ала арқаннан бұрын арын сақтаған ел болғанын көрсетеді емес пе? Малым жанымның, жаным арымның садағасы деген қазақ, арын сақтаған, ардақты ел болды. Қонақжай болды, қаншама елінен жерінен қуылған халықтарды бауырына басты, бір нанын бөліп беріп көмектесті. Ешкімнің ала жібін аттамады. Ала жіп оқиғасын айтайын.бұл болған оқиға.Әкем бір күні өрісте қасқырдың апанынан бөлтіріктерін алып өлтіріп тастапты.сол күнен бастап қорадағы малға қасқыр тие бастаған.осы күнге дейін көрші болып тұрған қасқыр бір малға тимеген.содан тыныштықта берекеде кетті дейді. Етке у қосып тастадық.қақпан .тұзақ еш нәтиже жоқ.содан бір көне көз қария айтыпты қораға айналдыра ала арқан тартып қой депті. Қасқыр ала жіпті аттамайды екен.