Ұлттық киім-ұрпаққа аманат

Кәлім Мөлдір

Жетекшісі т.ғ.к., доцент Г.Е. Абикенова

Ұлттық киім ұрпаққа аманат

Бәрімізге белгілі болып отырғандай әлем өркениеті өте тез дамып, асығыстық, беймазалық басым болып келе жатқаны белгілі. Тіпті күнделікті тілімізде түрлі терминдер мен кірме сөздер қатары көбейіп, жас буынның өзіне түсінікті әлемі пайда болып отыр. Десек де, біз осы қалыптасқан мемлекетімізді сақтап, келер ұрпаққа аманаттау  жолында  өзімізге ғана тән мұраларымызды дәріптеп, құрметтеуге шақыруымыз керек.

Олардың қатарында қазақ халқының ұлттық киімін атауымызға болады. Жақында ғана Президентіміз Қ.К. Тоқаев Ұлттық мерекеміз, жыл басы Наурызды ерекше тойлау қажеттігін еске салды. Он күн бойына мерекені ұлықтау қажеттігі негізделді. Бұл тұста болса да ұлттық киім кию ерекше үрдіске айналып келе жатыр. Ұлы Даланы мекен еткен қазақ елі  көшпелі өркениетке негізделген, өте ерекше далалық киім үлгісін қалыптастырды. Тіпті адамдардың жас ерекшелігіне қарай киім кию үрдісі қалыптасты. Мәселен, үлкен жастағы аналар кимешек киіп, ақ самайын көрсетпесе, жас қыздар тақия киіп, әсем безендірілген көйлектер киді. Жалпы қазақ халқы ұлттық киімдерінің тарихы ежелден бастау алғаны белгілі. Оған этнограф ғалымдардың дәлелді еңбектері негіз болады.

Мәселен, зерттеуші С.И. Руденконың сырт киім түрі болып келетін күпі кем дегенде бұдан екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдейді. Сол сияқты Т. Аткинсон, В.Н. Шевченко, П. Кошаров, П. Орловский, И. Клапрот, Г.Г. Гуркин, П.И. Лерх, П.В. Маковецкий, Н.М. Ядринцев, Г.И. Спасский және т.б зерттеушілер еңбектерде де қазақ халқының киім үлгілері туралы мол мәліметтер   кездеседі. Яғни бұл еңбектерде қазақ киімінің нұсқалары, қазақтың тұрмыс салты мен мінез-құлқы, шаруашылық әдісіне сай пайда болғанындығы көрсетіледі.

Негізінен қазақ халқының ұлттық киімдердіерекше әшекейленіп, зерленіп жасалды. Ол далалық мәдениет, аңдар, құстар, көк аспан, күн, жұлдыздар символикасымен байланысты болды. Мәселен ресейлік ғалым М.А.Леваневский: «Қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің. …Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» деп атап өтеді.

Олай болса ғасырдан ғасырға жетіп, ұлттық мұрамыздың ерекше бір бөлігі болған ұлттық киімімізді ерекше құрметтеу, оны заманауи қалыпта түрлендіру жылдан жылға жанданып отырғаны белгілі. Бұл орайда әлФараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасы да үлкен үлес қосып, студенттер мен магистранттар және докторанттар ұлттық киімімізді дәріптеп, наурыз айынан бастап оны киюді дәстүрге айналдырып жүр. Жалпы қазақ жастары өз ұлтымыздың ұлттық құндылығын дәріптеп, оны қадірлеп отырса еліміз нығайып, іргесі беріктеле берері сөзсіз.

                                                             

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *