Баспанадағы «Махаббат және шығармашылық» іс –шаралары
Кенжегулова Молдир Сабыршыновна
Арқалық балалар мен жасөспірімдер баспанасындамахаббат пен шығармашылыққа толы іс – шаралар болып өтті.
Атап айтсақ, он күндіктің алғашқы күні баспанада балаларға арналған Р.Х.Нұрғалиеваның ұйымдастыруымен «Мейірім төгетін ана» тақырыбында қамтитын кітаптар көрмесі болып өтті. Көрмедегі көптеген кітаптарға балалардың қызығушылығы артып, тіпті жүздерінен қуаныштың, мейірімділіктің не екенін көруге болатын еді. Баспанадағы тәрбиеленушілер бір – бірлерімен оқыған кітаптарымен ой бөлісті. Келесі күні «Қайрат» спорт мектебіне балалар саяхат жасап және спорттық өзара жарыс ойындары болып өтті. Спорттық жарыстарда өздерінің спортқа жақындықтарын көрсетіп, спорттың денсаулыққа көп пайдасы бар екеніне тағыда көздерін жеткізді. Тәрбиеленушілеріміз спорт мектебінен құр қол қайтқан жоқ, ол жерде де өздерін белсенді көрсетіп марапатқа ие болды.
Ал, В.Н.Карабекованың жетекшілік етуімен «Алтын жүрек анамыз», «Сердце, наполненное любовью» тақырыбындағы мәнерлеп оқудан сайыс өз деңгейінде өтті. Балалар тақырыптың ауқымында әр алуан, әр ақынның шығармаларын мәнерлеп оқыды. Өлең оқыған балалардың көзінен анаға, Отанға, отбасына деген махаббатты оқуға болатын еді, өлеңдерін нақышына келтіріп оқыған сайысқа қатысушылар өте қуанышты еді. Әр қатысушыларға белгілі дәрежелеріне сай мақтау қағаздарына ие болды.Сонымен қатар, «Ана, мейірім, әлем және достық» тақырыбында балалардың шығармашылық жұмыстарынан көрме өтті. Б.Н.Халелованың ұйымдастыруымен өткен көрме өте қызықты да мағыналы болды. Тіпті, кей үндемейді деген балалардың жұмыстарын көргенде таңқалыс болды. Осы көрме арқылы балалардың қаншалықты шығармашылыққа жақын екенін көрсетті. Және де өз ойларын ашық айтып, белсене қатысқаны үшін Камила Визитиу және Анира Халимовалар марапатталды.
«Мейірімділік – асыл қасиет», «Қызығы толы бұл әлем» тақырытарындаВ.Н.Карабекова және А.Е.Әбділда өткізген сабақтар болды. Сабақ қызыққа толы болды деседе болады. Балаларға әлемдегі қызыққа толы ақпараттар беріліп, сонымен қатар балалардың білетін қызықтарында ортаға сала отырып, бір –біріне деген мейірімділікті және де әрқашан жан – жағына мейіріммен қарауға, осы сабақтан өз бойларына сіңірді десек те болады.
Б.Н.Халелованың ұйымдастыруымен «Ән – көңілдің ажары» атты ән сайысы өтті. Сол күні баспананың іші көңілді, әр жерде сайысқа қатысушылырдың жарқын дауыстарына толы болды. Балалардың тығылып жатқан өнерлерін ашуға сайыс септігін тигізді. Сайыс болған соң жеңу мен жеңілістің қатар жүретінін де балалар жақсы қабылдады. А.Қалиев, А.Шилько, А.Михель, М.Сафаргалиевтар марапатталды.Сол күні ән – көңілдің ғана емес, балалардыңда ажары болды. Ары қарай апталық жалғасып жатты.Сонымен қатар, «Өнеге –отбасынан» суреттер сайысы, «Балажан» ойын сауық орталығына барып және де баспанамызда «Теремок» атты театрланған ертеңгілік қойылым қойылып, яғни он күндік іс – шарамызды «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясына студенттер келіп өз білгендерімен бөлісіп, тәрбиеленушілірімізге сыйлықтар сыйлап, түрлі қойылымдар қойып, жүректеріне жылулық пен махаббат сыйлағандай болды.
Балалар үшін бұл он күндік берері мол күндер деп толық айтуға болады. Өйткенібір – біріне деген көз – қарастары мейірімділікке, адамгершілікке толы еді.Бал – бұл жанған жүздерінен ата – анаға деген сағыншы байқалып, баспананыңберген жылылығын сезініп, әсер алғаны байқалды.
Баспанадағы балалардың жүрегіне жол тауып, олармен етене жұмыс жасап, яғни біз психологтар жан – жақты, үлкен жүректі, мейірімді, білімді тұлға бола отырып, мысалы, әр баланың тағдырымен танысып, жеке жұмыс жасау, психологиялық әдіс – тәсілдер арқылы тұлғалық ерекшеліктерін анықтау, ойларын айтуға баланың ашылуына көмектесетін ой – талқылаулар, яғни осы аталып айтылған көркемдік іс – шара да, тәрбиеленушілерімізге басқа да ашылмаған қырларын ашыуға үлкен септігін тигізді деп сеніммен айта аламын.
М.Жұмабаев ғылыми еңбегінде, «жас бала – жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ», сондықтан балаларға берер тәрбиесі мол осындай апталықтар болып тұрса, нұр үстіне нұр болар еді.