Қазіргі заманның батырлары.
Қазіргі заманның батырлары.
Дәл қазіргі біз тұрып жатқан 21 ғасыр бейбіт заман. Еліміз соғыссыз, барлығы тату-тәтті өмір сүріп, бақытты балалық шақ, уайымсыз өмір кешіп жатқан кез. Бұрында еліміз басқа елдермен соғысып, елді-жерді аман есен алып қалу үшін соғысқа қатысып, халқының амандығы үшін жанын кешкен адамдарды “Батыр” деген. “Батыр” сөзінің астында өте үлкен мәртебе әрі үлкен құрмет жатыр. Батыр сөзін кез-келген адамға бере бермейді. Бұрынғы заманда соғысқа қатысқан ардагерлерді батыр десе, қазіргі батырлар кім?
Бұл сұраққа жауап беру өте оңай. Себебі, қазіргі заманның батырлары ол әрине: дәрігерлер, өрт сөндірушілер, шахтерлар және мұғалімдер. Менің ойымша, осы мақаланы оқып отырған әрбір жан бұл пікірмен келіседі. Жоғарыда атап өткен мамандық иелері нағыз батырлар. Дәрігерлердің батыр екені сөзсіз, алайда, 2020-сыншы жылы Коронавирус індеті тарағанда барлығының көзі анықтай жетті. Қанша жерден қауіпті індет болсада, үйіндегі отбасыларын тастап, елінің азаматтары үшін адал еңбек атқарған жандар. Адамның қас жауының бірі – өрт. Өрт өте қауіпті болғанына қарамастан, өрт сөндірушілер өз өмірлерін қатерге тігіп, адамдарды құтқаруда. Ыстық, лапылдап жанып тұрған оттың астына түсіп, адам жанын сақтап қалу – нағыз ерлік. Шахтерлардың жұмысы өте қиын. Оған дәлел ретінде 2023 жылғы оқиғаны айтуға болады. Қаншама бала әкесіз, қаншама ана баласыз, қаншама отбасы тірегісіз қалды?
Қорытындылай келе, халқы үшін әрдайым қызметті жүрген әрбір жанды батырлар деп айтуға болады. Елінің амандығы үшін аянбай еңбек етіп, өз өмірін аямаған жан – сөзсіз батыр. Батырларымыз көп болсын және олардың еңбегіг түсінетін жан одан да көп болсын.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718