Математика сабағында заманауи технологияларды қолдана отырып, білім сапасын арттыру

Сихынбекова Меруерт Орынбасаровна

Астана қ., №53 Б.Момышұлы атындағы МЛ,

математика пәнінің мұғалімі

 

Математика сабағында заманауи технологияларды қолдана отырып, білім сапасын арттыру

 

«Қандай ғылым болса да, ол-адам санасына дербес,

 ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды».

Әбу Насыр әл-Фараби

 

Математика біздің өмірімізде

 

Математика – тарихы тереңге жайылған нақты  ғылым. Қоршаған ортаны танып-білуде, өмірдің барлық салаларында, математикалық есептеулерсіз  елестету мүмкін емес. Біз бір күнімізді сандарсыз сөйлей алмаймыз, уақыттың дәл мәнін айта алмаймыз, болашаққа жоспар құра алмаймыз. Математикасыз физика, химия, тіптен биология салаларын елестету мүмкін емес.

Математика – барлық ғылымдарға жан бітіріп, ғылым мен білімнің биік шыңына дамыған технология заманына қадам басуға мүмкіндік жасап, ғылымдардың іргетасын қалап отыр.

 

Математика сабағында заманауи технологияларды қолдану

 

Математика пәнінен сабақ бере отырып , заманның көшінен қалмау үшін, жаңашылдыққа ұмтыламыз. Сабақтың барысында жаңа технология әдістерін,платформаларды меңгеріп, түрлендіріп өткізуге талпынамыз. Математикалық оқыту процесінде заманауи технологияларды қолдана отырып, сабақты тартымды өткізуге көңіл бөлеміз. Интерактивті тақталар және онлайн ресурстарды оқыту процесінде  тиімді  қолдану үшін әрине мұғалім үшін цифрлық технологияны меңгеру қажеттілігі туындайды. Математикалық моделдеуді жүйелі, сауатты ұйымдастыру  негізінде үйлесімді математикалық бағдармаларды пайдалану арқылы оқушыларға функциялардың, графиктердің  ерекше жақтарын немесе сирек кездесетін модельдерін жасау сабақтың жоғары деңгейде өтуін қаматамасыз етеді. Мақалалық қамтылымды сілтемелер мен интерактивті сабақтарды қолдану нәтижесінде оқушылардың қызығушылықтары артады. Жоғарғы сынып геометрия сабағында «GeoGebra» – бағдарламасын енгізіп отырамын.

«GeoGebra» – геометрия және алгебраны байланыстыратын компьютерлік интерактивті бағдарлама. Жансыз фигураларға графиктер жан бітіріп, оқушылардың қызығушылығын арттырып, ғылыми ізденуге бағыттайды. Оқушылар абстрактілі түсініктерін өз көздерімен кере алады.

«Chatgpt» –  бағдарламасының   тест тапсырмасын бергенде, бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсан бойынша жиынтық бағалау  алғанда мұғалімге көмегі зор. Өз сабақтарымда осы бағдарлама көмегімен 10-20 сұрақтан тұратын тест құрастырып, жеке, жұптық, топтық жұмыстарды  бағалап отырамын.

Сабағымда қолданатын  «ZipGrade» –  бағдарламасын сабақты бекіту кезінде, кері байланыс  жасауда қолдану мұғалімге  өте тиімді, әрі жылдам бағалауға мүмкіндік береді. Математика сабағында сабақты бекіту мақсатында  кері байланыс жасай отырып, оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру  үшін немесе бір тарауды аяқтағанда тест тапсырмасын беру арқылы жылдам әрі нақты бағалай аламыз.

 

Қорытынды

 

Математика сабағында цифрлық технологияларды қолдану оқу процесін жүйелі ұйымдастыруға, мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты дамытуға көмектеседі. Заманауи технологиялар мен жаңа әдіс-тәсілдер платформаларын меңгеріп, сабақта қолдану  оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *