“Тар жол тайғақ кешу”

«Тар жол тайғақ кешу» романы – қазақ зиялыларының бірі Сәкен Сейфуллиннің туындысы. Бұл шығарманың басы «Қызыл Қазақстан» атты журналда жарық көрген. Сәкен Сейфуллин романда өзінің басынан кешкен оқиғаларын бүге-шүгесіне дейін баяндайды.

ХХ ғасыр әдебиетіндегі дау-дамайлы күрделі мәселенің бірі – көрнекті қазақ-совет әдебиетінің негізін салушы, дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің 1927 жылы Қызылорда қаласынан жеке кітап ретінде араб қарпімен жарық көрген «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романы.

С.Сейфуллиннің «Тар жол,тайғақ кешу» мемуарлық романы 1922-1927 жылдарда жазылып,1936 жылы қайта өңдеуден өткен.Шығарма 1916-1919 жылдардағы тарихи оқиғаларды суреттеген.Романда осы кездегі оқиғалар тарихи дәлдікпен беріліп,көркем суретпен бейнеленеді. «Тар жол,тайғақ кешудің» жанрлық жағынан ерекшелігі де – тарихтағы өткен оқиғалардың нақты көрсетілуі әрі оның көркем шығарма түрінде жазылуында.Басты кейіпкер – Сәкеннің өзі.

Бұл роман – революциялық күрестің көркем шежіресі.

Айтып өткендей, бұл романда басты кейіпкер-Сәкеннің Сейфулиүнің өзі. С.Сейфулин өз басынан кешкен сұрапыл оқиғаларды еске түсіре отырып, эпизодтық кейіпкерлер өмірінен тікелей баяндайды. С.Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешуі” қазақ ұлты бастан кешкен ХХ ғасыр басындағы әрі тарихи оқиғаның талғап, оқитын көркем шежіресі болып табылады.

Романда төңкеріс қарсаңы мен кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы Қазақстанның бар түкпіріндегі саяси-қоғамдық істердің бағыты, барысы, салалары кең пайымдалады.

Сәкен прозасының шоқтығы – оның «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық романы. «Тар жол, тайғақ кешу» романында Сәкен Сейфуллин революция жылдары оқиғаларының қазақтың кең даласын бірте-бірте қамтып, күні өтіп тозған ескіліктің қирап, жаңаша дамуға жолдың еркін де кең ашыла бастағанын үлкен суреткерше қорытып айтып бере алды. Роман халықтың бақытты келешегі үшін күрескен ерлердің аққан тері мен төгілген қаны текке кетпейтініне, мұның өзі бүкіл адамзаттың жарқын болашағымен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Саяси-әлеуметтік тақырыптарды қозғау, ел басшыларының берекесіздігін сынау, жоқтықтың зардаптары, надандық шырмауындағы қазақты білімге үндеу халық мұраттары тұрғысынан оларға жауап іздеу ақынның азаматтық ой-өрісін танытады. Бұл идеялар «Мұра», «Түс», «Кім басшы аға халыққа», «Надан бай», «Жетімге», «Інішегіме» өлеңдерінің бәріне тән. Сәкен өлеңдері идеялық тұрғыдан алғанда ағартушылық, демократтық бағытта, сыншыл реализм әдісінің арнасында жазылғандығын көреміз. Сталиннің жеке басына табыну кесірінен жазықсыз жалаға ұшыраған заман жыршысы 1938 жылы 26 ақпанда мерт болды. Ақынның әр шығармасынан оның қаламгерлік мұраты азаматтық позициясымен терең ұштасып отырғанын байқаймыз.

“Тар жол, тайғақ кешу” романы автобиографиялық роман. Сол себепті, көп жағдайда автор мен баяндаушы бірігіп қызмет атқарады. Романдағы баяндаушы-кейіпкер шығарма фабуласындағы әр түрлі мағыналық астарларды талдайды және оған қатысты ойын жеткізіп айтушы, эмоционалды түрле ой қорытушы, баяндаушының рөлі өте маңызды.

Романда айналада өтіп жатқан оқиға, құбылыстарды терең қуатпен бейнелейтін әсерлі жолдар жиі кездеседі. Бірінде автор – қаһарман халық басына түскен ауыртпалыққа күңіренеді, бірінде идеологиялық қарсыластарына ашынады немесе өзінің, достарының қателіктеріне күйінеді, бұқараның аңқау, надандығына кейиді. Әйтпесе тұтқында жатқанда көрген азап-тауқіметтерін еске түсіріп, шамырқанады, қиын-қыстақтан халықпен бірге шығар жол іздеп, ширығады.

Сәкен Сейфуллин романы ұлттық прозаның балаң шағында туғандығына қарамастан, жазушы көркемдік құралдарының әр алуан түрін пайдаланады. Бұл жолда ұлттық әдебиет үшін мүлде тың тақырып әрі жөргекке ораулы роман жанрының автобиографиялық үлгісіне тән кейбір стильдік-композициялық шектеулер әкелетін кедергілерді жеңе білді. Мәселен, жазушы мұрат тұтатын кейбір характер өлшеміне қарама-қарсы келетін мінез-қылықтарды кездестіріп, ашына толғанатын шағынан басқа жерде аса ірі рухани-эволюциялық мәні бар монологтарға барған. Ширыққан тақырыпқа толы бұл монологтар дүниетанымдық, әлеуметтік-ұждандық сауалдарға терең сезім толқынымен жауап іздеу, нағыз ақиқатқа ұмтылу пафосын өрнектеген. С.Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешуі” қазақ ұлты бастан кешкен ХХ ғасыр басындағы әрі тарихи оқиғаның талғап, оқитын көркем шежіресі болып табылады.

 

Орындаған: Өтеген Меруерт

Жетекшісі:Жақсылықбаева Римма

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *