Дауыссыз дыбыстар

Жумагалиева Мая Смагуловна

Пән аты: Қазақ тілі

      Сыныбы: 5

      Күні, айы, жылы:

      Тоқсан: IІІ

      Мұғалім: Жұмағалиева Мая

     Сабақтың тақырыбы:  Дауыссыз  дыбыстар

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Дауыссыз дыбыстар, олардың

түрлері: қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетіндігін

түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау, өз бетінше іздену

қабілеттерін, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Өзара сыйластыққа, елін, жерін сүюге батырлық пен ерлікке

тәрбиелеу. экологиялық, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: дәстүрлі.

Сабақтың көрнекілігі: Слаид, плакаттар, кесте карталар.

Пән аралық байланыс: әдебиет, музыка, табиғаттану.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. (Сәлемдесу, сабаққа бағыттау).
  2. Үй тапсырмасын тексеру.

І. Жаттығуды тексеру. (бірін-бірі тексереді).

Өткен сабақты бекіту.

ІІІ-деңгей оқушыларына қойылатын сұрақтар:

  1. Көп нүктенің орнына қажет дауыстыны қой.

Ж…бір, ж…рмеңке, ж…уады, жар…с, ж…н-жоба, ж…ңышқа, ж…март, к…мпит, к…рі, к…сіпкер, кел…ссөз, көг…л, к…лін, к…зқарас, л…біз, л…йық, л…м-мим, м…жіліс, м…л, м…мын, қ…с, қ…лақ, к…лкі, к…ндіз, ….лке, …неге.

  1. Әліпби деген не?Әліпбиде неше әріп бар?
  2. Тек қазақ тілінің сөздерінде ғана кездесетін дыбыстарды ата.

ІІ-деңгей оқушыларына қойылатын сұрақтар:

  1. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ата. Дыбыс нешеге бөлінеді? Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (У неге құбылмалы)
  2. Дауысты дыбыс деген не?Олардың түрлері
  3. Жуан,жіңішке дауысты дыбыс дегеніміз не?

4.Ашық,қысаң дауысты дыбыс дегеніміз не?

5.Еріндік,езулік дауысты дыбыс дегеніміз не?

І-деңгей оқушыларына қойылатын сұрақтар:

  1. Ізденіс тапсырмасы:

Еліміздегі қай өзендер әліпбидегі 8-әріптен басталады?

2.Жұмбақтар жауап беру.

Құмайда бар,

Суда жоқ.

Тұманда бар,

Буда жоқ. (ұ)

Жаңада бар,

Ескіде жоқ.

Танада бар,

Ешкіде жоқ.(а)

 

Биікте бар,

Ойда жоқ.

Киікте бар,

Қойда жоқ.(і)

3.Жұмбақтардың шешуіне фонетикалық талдау жасау:ұ,а,і

4.Алфавиттегі бірінші әріп пен соңғысының алдындағы әріптен қандай сөз шығады?

Бейнеролик

Жаңа сабақ.

Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап шықса онда олар дауыссыз дыбыстар деп аталады.

Дауыссыздар:

Б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ, (у).

Олар салдыр мен үннің қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып 3-ке бөлінеді.

Айтқыза отырып әр қатарға тіземіз.

Қатаң                                      Ұяң                                 Үнді

П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,ч,х,ц,һ.      Б,в,г,ғ,д,ж,з.                   Р,м,н,ц, й, (у)

Салдырдан                         салдыр мен үннен        салдыр мен үннен, үні  басымырақ

         Кітап-досың ақылшың. Ережені оқу.

262 -жаттығу. Ойын «Жұп дауыссыздың орнын тап»

Осы сөздерден келетін 1 мақал тауып айт.

270 жаттығу.

Ід.  І абзацтан қатаңнан басталатын сөздерді теріп жаз.

ІІд.ІІ абзацтан ұяңнан басталатын сөздерді теріп жаз.

ІІІ д. ІІІ абзац бойынша өз ойыңды айт. Үндіден басталатын сөзді тап.

«Ата ақылы-алтыннан қымбат» сөзінің мәнін аш.

271 жаттығу.

Тек ұяңнан басталатын сөздерді ауызша жеткіз.

«Табиғат көркі – ағаш» тақырыбына шағын мәтін құра.

(Слаид көрсетіледі)

Қорытынды:

Слайдта Венн диаграммасы көрінеді.

Дауысты дыбыстар

Үннен жасалады, жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік езулі.

Дауыссыз дыбыстар

Үн мен салдырдан жасалады. Қатаң, ұяң, үнді.

Бағалау:

Үйге тапсырма: ережені жаттау.

І д.– 276 жаттығу.

ІІ д. – 272 жаттығу.

ІІІ д. – 273 жаттығу.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *