Менің мамандығым
Менің мамандығым
Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қайдан арман болсын. Міне,осындайда «Ұстаз-ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын.
Әрине, ұстаз болу жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізі аласың деп білемін. Бұл менің ұзақ жылдар ұстаздық еткен қызметімнің алтын арқауы, бәйтеректей биік діңгегі.
Ұстаз ретінде ментек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын. Ешбір сәтте есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі шыққан емес. Басты өмірлік кәсіби ұстанымым ретінде мақсатымды алтын қазыққа байлап келемін.
Менің ұғымымда, біріншіден ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жандүниесіне жол таба білу – біздердің, ұстаздардың бұлжытпас борышымыз.
Екінші, ең бастысы, мұғалім шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мұғалім өз мәртебесін көтере алады.
Үшінші, балаға үнемі қолдау көрсету – үлкен мәнді гуманиеті ізгі ұстаным. Оның астарында не бір қағидалар бар: баланы жақсы көру, оның адами өмір сүру ортасын шама жеткенше ұйымдастыру, баланың бойынан өзінің балалық шағын зерделі көзбен көру.
Төртінші, мұғалім әр оқушының мінез-құлқын, көз қарасын, талғамы мен әдет дағдыларын зерделеп, әр баланың өз шамасына сай дамуын қамтамасыз ететін тәрбие сағаттарына бейімдеу қажет.Бұл сағаттар – ғибратты да әсерлі болуы тиіс- ақ.
Бесінші, алға қойған мақсаттарға кедергі келтіретін себептерді дер кезінле айқындап, оның алдын алу немесе болған жағдайларға сәйкес тәрбие бағдарын жедел өзгерту, баланың өз белсенділігіне көбірек сүйену – тамаша нәтижелер береді.Ұстаздың асыл да ауыр еңбегінің мұраты сонда ғана ақталады. Мен осы айтылған талап – деңгейінен табылып, отыруға бар күш жігерімді, білімім мен білігімді жылдар бойғы тәжірибемді жұмсап келемін. Егер де қолым өз еңбегіммен нәтижелерге жетіп жатса, соның арқасы деп білемін.
Иә, қазіргі біз өмір сүріп жатқан ХХІ ғасырдың алғашқы баспалдақтарында білім жүйесінде қарқынды түрде инновациялық жаңғырту процестері жүріп жатыр. Әлемде болып жатқан жаhандану жағдайы бала тәрбиесін зерттейтін педагогика ғылымына да түбегейлі өзгерістер әкелуде. Жаңа заманның жас жеткіншектері жаhандану үрдісіне етене кірісіп кеткендей. Ақпарат легі өте көп. Сондықтан бүгінгі ұстаз олардың сапасымен тәрбиелік көп көңіл бөліп отыруы керек
Мен өз мамандығымды жақсы көргендіктен де, оның мәртебесі мені ойландырмай қоймайды. Мұғалім мәртебесін асқақтатып, қоғам алдында биікке шығара алсақ сонда ғана алдымызға қойған міндеттер іске асады деп ойлаймын. Сондықтан болашақ ізбасарларымыз болатын мамандық иелерін жастар арасында жүйелі түрде насихаттап отырсақ, қанекей!
Жоғарғы оқуға түсу барысындағы іріктеу – мұғалімдікті шын қалағандардың арасында ғана талғампаздықпен жүргізілуі керек. Жас өскін талапкерлердің мұғалімдікке табиғи икемділігі, мамандыққа мақсатты түрде бет бұруы бірінші кезекке шығарылып қойылуы тиіс.
Иә, «Ел іші — алтын қазына » емес пе, білімді, рухани санасы жоғары ақпараттық технологиялық құзіреттілікпен қамтамасыз етілген дарынды педагогтер легі де қалыптасып жатыр. Бұл үрдіс — өзім еңбек ететін №49 «Сырдария» жалпы білім беретін мектебінде де уақыт талабына сай орындалуда. Ол елімізге қуаныш ұялатады. Бұл ұрпақ тәрбиесіне қажет. Сөз де жақсы. Оған қоса ісің керемет болса ұтылмайсың, кемелдікке іркілмей қол жеткізесің. Мүмкін мен еңбек ететін ұжымның республика, облыс, ауданда топ жарып үздік атануының сыры да осында жатырған шығар. Мектеп жеткен биік нәтижелер сондай еңбек ететін ондаған мұғалімнің жүрегінің тамшылырынан, алақандарының аялы ыстығынан құралып, жасалып жатқан шығар. Мен солай деп ойлаймын. Өйткені біз бір мақсатқа жұмылған, арманы айқын ұстаздарымыз дер едім.
«Дәуір даналығын ілестіреді, ұстаз білім нәрін үлестіреді» демекші, мұғалімдердің кейінгі болуына заманына сай өркениетті мемлекеттің жаңғырту саясатын жүзеге толық асыра алатынына кәміл сенемін. Ұстаздықты, осы мамандықты шын жүрегіммен қабылдап, білім алаңында ерекше жігермен еңбек етуші жас әріптестеріме қарапайым кеңестерімді ұсынсам деймін. Мамандықтарыңызды сүйіңіз, құрметтеңіз, сол жолда адал қызмет етіңіз. Баланы шын көңілмен жақсы көріңіз, сырласуға асығыңыз. Алдыңыздағы шәкірттеріңізді өзіңізбен тең ұстаңыз. Әр сабағыңызды қызықты мереке қылып өткізіңіз, оны ауыр жұмысқа айналдырмаңыз, баланы ойната отырып оқытыңыз, шешімін таппаған сұрақтарыңыздың жауабын бала мен бірге іздеуге арланбаңыз, бірлескен еңбектің қадірі әрқашан да нұсқап артық екенін естен шығармаңыз. Бала алдында оның айқын, әсерлі сөйлеуге дағдыланыңыз, ісіңіз де, өзіңіздің түр-әлпетіңіз де ұқыпты жинақы болғаны абзал. Өзіңізді мақтамаңыз, қайта бала сізбен мақтанатындай дәрижеге жетіңіз. Өтірік айтпаңыз, балаға берген уәдеңізді орындаңыз, баланы бағамен қорқытпаңыз. Баланың бойынан кемшілік емес, жетістік іздеңіз, жақсы істерін дер кезінде бағалап, қолпаштап, ынталандыруды да ұмытпаңыз. Бала жүрегі нәзік, көңілі пәк екенін естен шығармаңыз. Ертеңгі сабақтарыңыздың бүгінгіден қызықты болуын қамтамасыз етіңіз. Ол үшін әрбір сабаққа ерекше шығармашылықпен мұқият дайындалыңыз. Сол жолда ізденіңіз, технологиялық әдіс-тәсілдерді жүйелі қолданыңыз. Себебі педагогикалық технологиялар әр оқушының дербес оқу үрдісіне қатысуына ықпал ететін тиімді әдіс тәсілдер жиынтығы екені даусыз. Алайда, ешқандай технология – шебер ұстаз тұлғасын, оның мәртебесін алмастыра алмайды. «Мұғалім – адам жанының инженері» деп текке айтылмаған. Бала темір емес, робот емес, ол — өзіндік әлемі бар ғажайып жеке тұлға. Оған сіздің көз қарасыңыз жылы жүрегіңіз, ыстық ықыласыңыз өте қажет. Сабағыңыз тұтас дүние болсын: мынау білім, мынау тәрбие деп бөлмеңіз. Себебі, білім мен тәрбие егіз үрдіс кенін ұмытпаңыз, сабақ басынан аяғына дейін тұнып тұрған білім, ғылым, тәрбие болып, олар ұлттық рухпен өрнектелуі тиіс, ал мұғалім мен шәкірттер осы дүниенің күре тамырына айналуы қажет.
Міне, осы айтып отырғандарым – мұғалім қызметінің жемісі. Ұстаз ұлылыққа тек шәкірттері арқылы жете алады.
Білім сапасы — мұғалім қызметінің жемісі, шәкірт еңбегінің шыңы – шығармашылық . Шығармашылық жолға түскен оқушы – терең ойлай алатын кез-келген жағдайға орай өзіндік шешім қабылдай алатын өзіне де туғандарына да, еліне де берері мол парасатты тұлға. Ертеңгі ел иесі. Егемен Қазақстанымыздың нағыз ел сүйер азаматтары. Әр шәкірттерімнің осындай сапаларға жетуі ұстаз ретіндегі ұлан асыр еңбегімнің жарқырып жанғаны, уақытымның, саналы ғұмырымның еш зия кетпегендігін көрсетеді.
Ел ертеңі үшін аянбай еңбек ететін ұстаздардың ұлылығы да осында дер едім.
«№ 49 « Сырдария» жалпы білім беретін мектеп»
комууналдық мемлекеттік мекемесінің
Әлеуметтік педагогы және биологи пәнінің мұғалімі
Жалмаханбетова Жұпар Абдимуратовна