Қазақ тілінің қазіргі хәлі немесе замануи қазақ тілі

 

Кез келген ұлттың ең асыл қазнасы ол тіл. Ана тілінен айырылған ұлт жетім. Тіл болмаса салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тарих туралы сөз қозғаудың өзі бекер. Бүгінгі қазақ тілінің хәлі мүшкіл болмаса да, адам қуанарлықтай емес екені сізге де, бізге де мәлім. Ал осының себеп салдарлары неде екенін бірге талдап көрейік.

Жақында ғана түркі халықтар одағы құрылды және күллі түркі елдерінің ана тілі, ең таза тіл ретінде қазақ тілі танылды. Қазақ тілі судай мөлдір, таза, әлемдегі ең бай тілдердің бірі. Түркі тілдерінің ішіндегі ең тұнығы. Осындай ғажап тілге басқа тілдерден сөздер енгізіп, заманауи жастардың аңсары неге орыс тіліне ауып тұратынына таңым бар. Қазір ірі қалаларда, көпшілік орталарда ауыз екі тіл ретінде орыс тілінің ықпалы күшті екені белгілі. Тіпті қазақ тіліне сіңіп кеткен паразит сөздерде жетерлік. Мысалы: че там,звондау, привет, мама, папа айта берсек жетерлік.

Өзге тілде әсіресе Тәуелсіз Қазақстанда туылған жастардың сөйлеуінің алғашқы себептерінің бірі, заманауилық мыс… Мен бұны заманауилық пен еліктеушілікті ажырата алмау деуші едім. Ғасырлар бойы киіп жүріп талай боздақтың қанымен шешкен құлдықтың қамытын, қайтадан өз еркімен кию десем де артық емес. Үш тұғырлы тіл саясатын тұрмыста емес, керек кезде ғана пайдалануды дұрыстап түсіндіру керек те шығар. Қанша тіл білсек те ана тіліміздің қадір қасиетінің түсуіне әкеп соқтырмауы тиіс. “Өзге тілдің бәрін біл. өз тіліңді құрметте”- деген сөздің қадірін енді түсініп жатырмыз,

Тіпті шекара асып келген қандастарымыздың тілін түсінбей, күлкіге айналдырып жататын жайттарда аз емес. Сонда таза қазақтың үстінен шала қазақ күліп отыр ма деген ойға келесің.  Қазақ тілі болашақта көне ұмытылған тілдердің қатарына кіріп кетпеу үшін, қазақ жастарының немесе Қазақстан жеріндегі елін сыйлайтын әр бір азамат пен азаматшаның қазақ тілін білуі міндет деп білемін. Ана тілі балаға ананың ақ сүтінен тарайтын болса, кейін елім, тілім үшін жаным пида дейтін азаматтардың болатынына кім кепіл?

    Халықты қойшы, ел билігіне араласып жүрген, ел сенген атқамінер ағаларымыздың қазақша сөйлегеніне қарап жүрегің ауырып, қарының ашады. Атқамінер ағаларымыздың қазақшасының халі мүшкіл болып тұрған да, қарапайым халықтан тек қазақша сөйле деп қалай талап етесің деп те ойланасың. Жә, бастысы алдыңғы арба қайда жүрсе соңғы арбаның жүретін ізі де сол екенін ұмытпағанымыз жөн.                                                           

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *