Бір сәтте бәрін түсіндірген сілкініс.

  • Жер сілкінісі талай адамның үрейін ұшырған,жанын шүберекке түйіп,тақымын қыстырған табиғатта кездесетін ең жойқын құбылыстардың бірі.Ол жер қыртысының қозғалысынан пайда болатын апат.Дегенмен,адам өміріне ғана емес,қоршаған орта,жан-жануар мен планетамызғадазияны тиері анық.Зерттеулер бойынша жер сілкінісінің себеп-салдары белгілі. Ол жер қыртысының қозғалысы нәтижесінде пайда болады. Жер қыртысы үнемі қозғалатын және бір-бірімен соқтығысатын бірнеше тектоникалық плиталардан тұрады. Бұл плиталар қозғалғанда, олар ұзақ уақыт бойы жиналатын және ақырында жер сілкінісі ретінде босатылатын кернеуді тудырады. Сонымен қатар адамзат пен қоршаған ортаға жойқын әсер етеді.Үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, соның салдарынан адамдарда үрей пайда болады.Қазіргі таңда жер сілкінісі шиеленісіп тұрған мәселелердің бірі болып саналады.Заманға сай жер сілкінісін зерттеу үшін көптеген әдістер мен технологиялар бар. Ең көп таралған құралдардың бірі-жердің тербелісін тіркейтін сейсмографтар. Сейсмографтар жер сілкінісі мен сейсмикалық белсенділікті зерттеудің негізгі құралы болып табылады. Бұл құрылғылар жер қыртысының тербелістерін тіркеуге және талдауға мүмкіндік береді, бұл ғалымдарға жер сілкінісінің себептерін түсінуге, олардың пайда болуын болжауға және қауіпсіздік шараларын жасауға көмектеседі. Сейсмографтар нақты уақыттағы сейсмикалық белсенділікті бақылау үшін қолданылады. Көптеген сейсмографиялық желілер бүкіл әлемде таралған, бұл жер сілкіністерін үздіксіз бақылауға және ықтимал қауіптер туралы халықты ескертуге мүмкіндік береді. Осының арқасында жер сілкінісі туралы ерте ескерту көптеген адамдардың өмірін сақтап, зиянды азайтады.Айта кететін жайттардың бірі қазіргі уақытта жер сілкінісі жер ғаламшарының кейбір елді мекендеріндежиі орын алып тұр.  Соның ішінде,Қазақстанныңтәуелсіздігін бірінші болып мойындаған Түркия елінде 2023 жылдың басы,ызғарлы суығы сүйектен өтетін ақпан айында болды. Түркия елімен қоса бар ғаламды дүр сілкіндірген бұл апат әлемдік қоғамның назарын елдің табиғи апаттар алдындағы осалдығына назар аударып қана қоймай, апат кезінде дайындықтың, әрекет етудің және ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетті. Апат жағдайында адамдардың бір-біріне деген жанашырлығы және керемет күші де көрінді. Жергілікті билік, Түркия үкіметі және еріктілер ұйымдары дағдарысқа тез жауап беріп, зардап шеккендерге көмек қолын көрсетіп, құтқару жұмыстары кезінде қолдау көрсетті. Көптеген қала тұрғындары үйлерін ашып, баспанасыз қалғандарға қолдау көрсетті. Бұл түрік халқының күшін ғана емес, сонымен бірге қиын кезеңдерде өзара әрекеттесу мен қолдаудың,бірліктің маңыздылығын айқын дәлелдеді.Бұлоқиғаны бүкіл енді ұмытқан сәтте, 2024 жылда Қытай,Қырғызстан,Жаңа Зеландия,Жапония сонымен қатар Қазақстан және тағыда бассқаа елдерде орын алды.Көктемнің алғашқы күндерінде болған бұл апат Алматы қаласының тұрғындарын абдыратқанысөзсіз.Сасып қалған бір қауым елдің көкейін тесіп,өзектерін өртеген сұрақтарыда бары мәлім.Жұрталдағы уақытта жер сілкінісі болатынын және сол апатқа қатысты қауіпсіздік шаралары жүргізілгені жайлы нақты ақпарат білгісі келеді.Дегенмен,әлеуметтік желілерде көптеген жалған ақпарат таралғаны анықталды.Текжаңалықты нағыз маман иелері жариялаған кезде ғана сенген жөн.Қазіргі орын алып жатырған жағдайларға қатысты жер сілкінісі болған сәтте қандай қауіпсіздік шаралары бар екенін білу өте маңызды.Ескертетін жайт,терезелерден, айналардан және құлап кетуі мүмкін ауыр заттардан алыс болып, берік жиһаздың астына немесе ішкі қабырғаға жақын тұрыңыз. Егер сіз жер сілкінісі болған кезде үйде болсаңыз, іште қалып, паналаңыз.Сілкініс тоқтамайынша далаға шықпаңыз.Сыртқа жүгіруден аулақ болыңыз, себебі көптеген қабат үйлерде сатының құлау қаупі мен лифт тоқтап қалу мүмкіндігі бар.Алдын-ала өзіңізге керек заттарды,құжаттарды бір сөмкеге салып жинап қойған абзалырақ. Осы сақтық шараларын сақтай отырып және дайын бола отырып, сіз жарақат алу қаупін азайтып, жер сілкінісі кезінде өзіңізді және жақындарыңызды қорғай аласыз.

    Қорытындылай келе,бұл зіл-зала апат адамдарға көп нәрсені түсіндіргені анық.Соның ішінде Алланың бар екенін,бұл біздің өмір сүріп жатырған қазіргі уақытымыз мәңгілік емес екенін көп адамның есіне түсірді.Себебі сол уақытта әр адам тек қана бір нәрсені ойлайды.Тек жанын аман алып қалуды ғана.Қазіргі уақытта бәрі емес,бірақкөп адамдар жақындарын бағалаудан қалып онымен қоса оларға ауыр сөйлеп,көкіректерін керіп кешірім сұрауға жарымай отқан жандар қаншама.Осындай апат оқиғасы орын алғанда көп адам тәубеге келері анық.Бұл жер сілкінісі бізге жақын адамдарымыздың қаншалықты қымбат екенін ұқтырды.Әр үйдің күні қараң кеші мұңды,бауырларың қақпаса есігіңді дегендей жақын адамдарымызға тірі уақытымызда жақсы көретінімізді жиі айтып,көмек қолын созып,татулықты сақтап қалу маңызды екенін ескергеніміз жөн.

     

     

    Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем                                   тілдері университетінің 3 курс студенті Мадениет Гүлнұр Айболқызы.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *