Қоғамдағы педагог мәртебесі

Мұханова Дәметкүл Мырзаханқызы

Ана -тәрбиеші

 

Қоғамдағы педагог мәртебесі

Ұстаз – бұл ұлы есім. Ұстаз болу мамандықтардың ішіндегі ең асылы, ең биігі және ең қасиеттісі деп білемін. Ұстаздық ету – ол үлкен еңбек. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуге балаға» дегендей, ұстаздық жолы оңай емес, оны таңдағандардың, онымен еңбек етіп жүргендердің бәрі бірдей ұстаз емес әрине.

Менің түсінігімде «Ұстаз» мыңнан  біреу, мыңнан жүйрік, асыл жан иесі. Қазіргі жаһандану дәуірінде тіптен бөлек. Менің ойымша, қазіргі ұстаздық жолды таңдап, «ұстаз» деген атқа лайықты еңбек ету дегеніміз, қазіргі білім жүйесінің түрлі өзгерістеріне қарамастан, барлық жаңашылдықтарды түгел қабылдап, өзіндік саралау жүргізіп, білім алушыларға өзінің сараптамасынан өткен жеке әдісімен алдына келген әр оқушының потенциалын ашуға күш жігерін салып, олардың еліне, жеріне абыройлы қызмет етіп, өздерін тауып, мамандықтарын дұрыс таңдай алатындай мінез-құлық қалыбын түзу құю, қалыптастыру.Соның ішінде, бастауыш сыныбының мұғаліміне қойылар талап зор.

Бастауыш сыныбы мұғалімінің оқушы алдындағы еңбегі орасан зор. Себебі адам баласының оқуға деген құштарлығын арттырып, оған ең алғаш әріп үйретіп, ең алғаш жазуды, оқуды, оқуға деген сүйіспеншілігін, қоршаған ортасына деген жақсы қарым-қатынасын ояту, ол үлкен күш жігерді талап етеді. Әрине, ол мұғалімнің өз мамандығына деген үлкен құрметіне, сүйіспеншілігіне байланысты. Ол адамның бойында терең біліммен қатар, оқушыға деген мейірім – шапағаты, парасат ақылдылығы, ең бастысы адалдығы, әділдігі үлкен рөл ойнайды деп білемін. Ол оқушының күнделікті психикалық деңгейін бақылай отырып, күнделікті бойына жақсы әдет-әдебін қалыптастырумен қатар, оған білім береді. Тек қана баланың жан-жақты үдістерін баланста ұстау арқылы, баланың білім деңгейін жетілдіре алады. Ал ол мақсатқа жету үшін мұғалімнің мақсаты айқын, оған жету жолдары да анық болуы қажет. Әрине, әр мұғалімнің мақсаты айқын, арманы алдына келген әр оқушы белгілі бір дәрежеде жетістікке жетіп, алға мақсат қоя білетін, оған жету жолында ештеңеден тайынбайтын, барлық жағынан мықты адамды қалыптастыру.

Сондықтан мен, барлық ұстаздық жолдағы әріптестеріме сәттілік тілеймін, бұл жолды таңдаудың өзі үлкен жеңіс екенін айтқым келеді. Себебі, ұстаздық жолды таңдаудың өзі үлкен жеңіс екенін айтқым келеді. Себебі, ұстаздық жолды таңдаған адам өзін тәртіпке бағындырады, отбасында да, өз ортасында да білімді, білікті болу үшін барын салып ғұмыр кешері сөзсіз дегім келеді.

Өмірдің өзі ұстаз. Бірақ осынау ұстаз сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан деп Абай хәкім айтпақшы, әр ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздық бір тамшыдай болса да, еңбегі бар екенін ұмытпаңыз.

Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт пен ұстаздың қуанышы сізбен бізге елестетуге келмейтін сезім.

Мамандық көп. Бірақ мамандықтың түрлі болғаны маңызды емес. Маңыздысы қанша мамандық болса да сізді маманқылатын тағы да ұстаз. Мың жыл өтсе де ұстаз деген ұғым өлген емес.

Әл-Фараби атамыз айтқандай жас ұрпақты ең алдымен тәрбиемен жетілдіру қажет. Үндінің «Аспандағы белгісіз жұлдыз», «Звездочки на земле» атты киносында бір ауыл баласының бойындағы жасырын кереметін мұғалімі дәлелдеген. Оның басқа балаларға ұқсамайтын ерекшелігі: суретті керемет сала алатынында. Алғашында бала өзін мойындамайтын, үнемі ішкі түйсігін жасырып, көп сөйлеп, үндемейтін баланың талпынысын шабыттандырған оның мұғалімі болды. Ол өзінің сабырлығы мен қайтпас мінезінің арқасында әлгі оқушыны әлемге әйгілі етті. Қашанда ізденісті талап ететін мамандық болғандықтан мықты шыдамдылық қажет.

«Тәрбиесіз берілген білім,

Адамзаттың қас жауы» деп

бекер айтылмаған.

Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу адамның асылдығы.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *