«Қазақстан: болашақ елге жастардың көзқарасы»

Кез-келген ел өз болашағын жастармен байналыстырады. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел азаматы.

“Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!” деп, ұлы ақын Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, қазір технологияның дамыған заманында, бәсекеге қабілетті бола білу керек. Білімді азаматтарды талап ететін ғасырда әлбетте қырандай қанатты болу маңызды. Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың: “Еліміздің келешегі жастардың қолында” деген сөздерінен – ақ жастарға үлкен жауапкершілік пен сенім артылатынын байқауға болады. Ата-бабаларымыздың қайсар рухы мен қара күшінің, жауапкершілігі мен еңбекқорлығының арқасында, міне бүгін дамыған мемлекеттермен тереземіз тең болып, көк туымызды биік ұстап отырмыз. Ал енді, білім мен еңбекқорлық тұсынан өзімізді дәлелдейтін кез келді.   Тарихымыз бен мәдениетіміз бай ел болғандықтан, жастар өзін-өзі дамытуына, білім алуына, шығармашылық пен кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндіктер көп. Қазіргі таңда, елімізде жастардың сапалы білім алып, білімнің әртүрлі салаларына мамандануына мүмкіндік беретін университеттер мен ғылыми орталықтар белсенді түрде дамып келеді. Тіпті, көптеген жас қазақстандықтар ой-өрісін кеңейту және бойына жаңа тәжірибе сіңіру үшін шет елдерге барып білім алуды таңдайды. Қазіргі жас ұрпақ бірінен бірі озып, белсенді, ізденімпаз деп айта аламын. Адамгершілік қасиеттерді де жоғалтпай, жүректерін иман мен мейірімділікке толтыруға да құлшынады. Еліміздің жастары – өз әлемдерін жақсы тұсқа өзгертуге қабілетті. Осының арқасында әрбірі өзі армандаған жарқын болашақты құра алады. Балалық шағын емес, болашағын қазірден ойланатын жастар, мақсат армандарына жетері анық. Жаңа ұрпақтың біліміне, жаңашылдығына, жасампаздығына сүйене отырып, еліміздің алға басуы үшін жастардың әлеуетін қолдау және оны дамыту өте маңызды. Ал мен еліміздің болашағын бейбіт, дамыған, білімді ел ретінде елестетемін.

 

Нағашыбаева Луиза Ғазизжанқызы

«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері» университетінің 3 курс студенті

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *