С. Сейфуллин« Тар жол, тайғақ кешу»
Сәкен Сейфуллин«Тар жол, тайғақ кешу»
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894-1938) қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.
Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш класты училищеде оқыған.
1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» деп аталған тұңғыш өлеңдер жинағын бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болған. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берген. 1918 жылғы сәуірде «Жас қазақ марсельезасын» жазып, 1 мамырда «Бақыт жолында» атты пьесасының беташар қойылымын көрсеткен. Сонымен қатар, 1927 жылы «Тар жол тайғақ кешу» атты жалшы-жарлының сырт кейпіндегі ерекшеліктер шет-шегі жоқ бейнет тауқіметін бейнелейтін романы жарық көреді.
Тар жол, тайғақ кешу” – ең алдымен тарихи, әдеби факт және көркем мәтін. Ал мәтін әр заманда әр адам арқылы әр түрлі оқыла береді. Дәлірек айтқанда, 1916-1919 жылдардың оқиғалары қамтылады. Бұл роман – сол кездегі қоғамдық — саяси өмірдің көркем шежіресі іспеттес тарихи тұрғыдан баяндалған мемуарлық шығарма. «Тар жол, тайғақ кешудің» алғашқы бөлімдері 1922 жылдан бастап «Қызыл Қазақстан» журналында жарық көрген. Романның негізгі сюжеті – сол уақыттағы қазақ даласында болған ірі саяси оқиғалар болған. Автор бақытты өмірге жету үшін қандай қиын өткелдерден өткенін барынша нақты әрі боямасыз баяндаған.
Сондықтан да бұл роман- революциялық күрестің көркем шежіресі болып саналады.