Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары

Алдамжарова Гүлзира Жақсыбайқызы

Мақсаты:

Білімділік: Қандай  ұлттық  мерекелер  мен  ойындарды  білеміз, олардың  пайда  болу  тарихы  мен  маңызын  әңгімелеу. Қазақтардың  денсаулығы, халық  емшілері, атақты  қазақ  спортшылары  жайлы  түсінік  беру.

Дамытушылық:  Ұлттық  мерекелер, ойындар,спорттық  жарыстар  туралы  білімдерді  игерту, ұлттық  өнерге  қызығушылықтарын  ояту.  Анализ, синтез  жасап,  баға  беруге  талпындыру.

Тәрбиелік: Ұлттық  мерекелер, ойындар,спорттық  жарыстарды  білуге, халқының  ұлттық  дәстүрлерін  құрметтеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: Жаңа  білімдерді  игерту  сабағы.

Сабақтың  әдісі: «Оқу  мен  жазу  арқылы  сыни  тұрғысынан  ойлауды  дамыту» бағдарламасының  элементтерін  пайдалану, оқулықпен  жұмыс, іздену,  талдау, баяндау, ойын.

Көрнекіліктер: тірек  сызбалар, интербелсенді  тақта, көркем  суреттер.

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі

Оқушылармен  амандасу, түгендеу,сабаққа  керек-жарақты  дайындау, сыныпты 4 топқа  бөлу (сурет арқылы)

І топ  Наурыз, ІІ- топ  Ұлттық  ойындар, ІІІ топ  – Денсаулық, ІV топ  Халық  емшілері.

ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру :

І топ – Қазақ  ауылы,  қазақтардың  қысқы  және  жазғы  тұрғын  үйлері

ІІ топ- Мал  шаруашылығы, өрт  қою, жұт

ІІІ топ- Халықтық  мал  емдеу  тәсілі, шөп  шабу  ісінің  дамуы

ІV топ  Егіншілік  кәсібі,  аңшылық, балық  аулау

Әр  топ  осы  үйге  берген  тапсырманы  айтып  шығады.

Сергіту  сәті:

Сақина  салу.Ортаға  бір  қыз  бен  жігіт  шығады. Жиналғандар  екі  қолын  уыстап, алдына  қойып  отыруға  тиіс. Қыз  бала  сақинаны  әр  ойыншының  уысына  салғандай  кейіп  танытып, отырғандарды  жағалап  өтеді.  Сонан  соң

Сақина  кімде, соны тап!- дейді.  Жиналған  жұрт  алақанын  жазбай, жігітті  жаңылыстыруға  әрекет  жасайды. Ол өз  ұйғарымымен  бір адамға  жақындап  келіп:

Сақина  сенде. Соны  бер!-деп  сұрайды. Тапса, сақина  салынған  адам  өз  өнерін  көрсетеді, онда   сақина  болмай  шықса, жігіт  айып  тартады.

ІІІ. Жаңа  сабақты  ұйымдастыру.

«Миға  шабуыл» әдісін  қолдану  арқылы  оқушылардың  танымын, есте  сақтау   қабілетінің  деңгейін  байқау  мақсатында    сұрақтар  қою.

«Ұлт» ұғымын  қалай  түсінесің?

Мәдениет  неше  түрге  бөлінеді?

Рухани  мәдениет  дегеніміз  не?

Материалдық  мәдениет  дегеніміз  не?

Салт-дәстүр  деген  не?

Әдет-ғұрып  ұғымын  қалай  түсінесің?

ІVЖаңа  сабақты  түсіндіру

Ендеше  бүгінгі  біздің  тақырыбымыз.Қазақ  халқының  мерекелері  мен  ұлттқы  ойындары.

Ұлт  дегеніміз- адамдардың  тарихи  қалыптасқан  әлеуметтік – этникалық, қауымдық  бірлестігінің  жоғары  түрі.

Ұлттық  ойындар  туралы  әңгіме  өрбіту

Қазақ  халқының  ұлттық  ойындары: аударыспақ, қыз  қуу, жілік  сындыру, айгөлек, көкпар,ақсүйек, күміс  салу, қазақша  күрес, алтыбақан, асық  ойнау.

Халық  арасына  тараған  спорт  жарыстарының  бірі-қазақша  күрес. Оқушылардың  көрінісі.Қазақша  күрес  ойынын  көрсете  отырып, баяндау.Қазақ  тарихында  Қажымұқан  Мұңайтпасұлы, Балуан  Шолақ  сияқты   басқа  да  балуандар  ұмытылмастай  болып  есте  қалды.

VІ. Жаңа  сабақты  бекіту  тапсырмалары:

І тапсырма

Атақты   қазақ  спортшылары   жайлы  не  білеміз?

ІІ тапсырма

Денсаулық  туралы  мақал-  мәтелдердегі  жоқ  сөздерді  табу.

Тест  жұмысы. Әр  топтың  дайындаған  тест  жұмыстары  бойынша   тапсырмаларды  орындау (10 минут)

1-топ: Тест  жұмысы.

  1. Ең сұрапыл  жұт  қай  жылы  болған?

А) 1908 жылы  В) 1880 ж  С) 1878 ж

 

  1. Табиғи шипалы  шөптермен  емдейтіндер  кім  деп  атаған?

А) тәуіптер  В) дәрігер    С) оташы

 

2- топ   Тест  жұмысы.

  1. Ер  адамдарда  кең  тараған ойын?

А)  асық  ойнау  В)   жамбы  тау  С)  көкпар

 

  1. Жас мөлшері  мен  салмағы  шектелмейтін  ойын  түрі?

А) аударыспақ  В) жілік  сындыру  С)  көкпар

 

VІІ. Рефлексия

VІІІ. Оқушыларды  бағалау

ІХ.  Үй  тапсырмасы

«Қазақ  халқының  әдет-ғұрыптары»  эссе  жазу.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *