Ұмытылмас қаһарман
Мен бұл мақаланы өзімнің туған, Ұлы Отан соғысының ардагері үлкен атама арнағым келеді.
Шаймерденов Ғалимолла 1912 жылы Башқұртстан елінің Әлшаев ауданында дүниеге келген. 1934 жылы Қызыл әскер қатарына қосылып, 1939 жылға дейін әскер қатарында, 1939 жылы Фин шайқасына қатысты.1940 жылы еліне қайтып, 1941 жылы Ұлы Отан соғысынан алынып, 1-ші Беларусь майданындағы ұрысқа кірісті. Бірнеше рет жараланды. Гвардия аға лейтенанты ретінде Беларусия, Австрия, Венгрия, Польша, Германия, Чехословакия жолында жүріп өтті. Ұлы Жеңіс күнін Чехославияда қарсы алды. Жапония соғысына қатысты. Ерлік үшін 11-ші, 11-ші “Даңқ”, “Қызыл ту”, “Қызыл Жұлдыз” және “Отан соғысы” орденімен марапатталды.
Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуге бір кісідей өз үлесін қосқан қарт майдангер Ғалимолла Шаймерденов 1947 жылдан бастап Баршын ауылында тұра бастады. Ол ауыл адамдарының құрмет-сыйына бөленген жан. Атамның сол бір ауыр жылдарды өз басынан өткергенін кейінгі ұрпаққа өсиет ретінде қалдырып кеткен. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып биік шаңырағының бақыты мен баяны қоса шалқыған кішкентай немерелерінің қызығын көріп кеткен. Көз тірісінде 10 бала, 26 немере сүйген. 1985 жылы жоғары марапат 3-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені және жеңістің 40 жылдығына арналған мерейтой медалімен марапатталған. Кейіннен 1988 жылы дүниеден озған соң, Баршын ауылында жерленген. Бұл өмірден мәңгілікке кестеде, біздің жадымызда өмір бойы сақталып қала береді. Қаншалықты қиындық көрмеде, алапат соғысты женуге үлесін қосқан қаһарман қария, ауылымыздың келер ұрпағына үлгі болары анық!
🔥🔥🔥