Жемқорлық
Жулдыз
Сыбайлас жемқорлық мемлекетті іштей жойып, оған қауіп-қатер туғызады. Мемлекет тұрғындарына деген зардабы өте көп. Сыбайлас жемқорлық бар кезде мемлекетті жаңарту мүмкін емес! Сонымен жемқорлық дегеніміз не?
Жемқорлық дегеніміз мемлекет қызметкерлерінің, жеке тұлғалардың өз бас пайдасын ойлап, пара алысуы. Бұның зияны өте көп, ол қылмыстық іс-әрекетке жатады. Әдетте адамдар пара береді немесе бағалы қағаздармен алмасады.
Мемлекеттік қызметкерлер билігін пайдалана отырып, туған-туыстарын ешқандай да білімсіз, тәжірибесіз қаражаты жақсы жұмыс орындарына тұрғызуы өте қате деп санаймын. Себебі, олар жұмысты қалай жүргізуді білмей, өзгелерге зиянын тигізуі әбден мүмкін.
Жемқорлыққа біздің елде орын жоқ деген пікірмен әрбір адам келісуі керек.
Жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер жаппай жемқорлыққа салынған жағдайда ,құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптасады. Бұның арты халқы сорлаған, жағдайы жасалмаған, өткенін ұмытқан, ертеңі бұлыңғыр елдің пайда болуына әкеледі. Сондықтан неге осындай мемлекет қызметкерлерін аямай жазаға салмасқа? Бұндай қызметкерлер елдің экономикалық өсу жағдайының тежеленуіне әкеп қана қоймай, қоғамдық мүлікті талан-таражға салып жатыр.
Бұл мәселені қалай шешуге болады? Ең алдымен неден бастау керек?
Менің ойымша, әрбір адам өзінен бастау керек, ең алдымен өзіңді жөнде, ары қарай басқаларды және де мемлекеттік орындарда тиісті бақылау шаралары болуы керек.
Қытай елінде пара алған, берген адамдар өте қатаң жазаланады. Мемлекет қызметкерлерінің қолын шауып тастаған жағдайларда болған. Біздің елде де осылай болуы керек деп ойлаймын.
Сыбайлас жемқорлықпен күреспесе, бенефициарларды, әсіресе халықтың ең кедей және осал топтарын қажет ететін көмектен айырады. Бұл сондай-ақ азаматтарды дамуға, белсенді қатысуға ынталандырады. Демек, даму ұйымдары сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік көрсету үшін өз институттары ішінде және одан тыс бірлесіп жұмыс істеуі керек, тіпті дағдарыс кезінде де бұл шараны тоқтатпау керек.
Біздің елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басталды. Қасым Жомарт Тоқаев: “Біз ұлттық экономиканың ашықтығына, келісім-шарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз” деген болатын. Әрқайсымыз жемқорлықпен күресті өзімізден бастайық.