Сөйлей алатын маймыл-Коко

Сіз сөйлей алатын маймыл Коко туралы ақпаратт естігенсіз бе ? Естіменсеніз бұл ақпараттар сізге! Адам тектес маймылдар өзге жануар әлемінен әрқашан бөлектеніп тұрады. Бізге ұқсас, олар қашан да ғалымдар мен зерттушілердің ақылын алған. Маймылдарға жүргізілген көптеген тәжірибелердің арасында нәтижесіз де, сондай-ақ күтпеген жерден табысты болғандары бар. Осындай зерттеулердің бірінде қаһарман болған Коко горилласы – өз тайпасының арасындағы нағыз вундеркинд, әлемді өзінің ақыл-ой мүмкіндігімен таңғалдырған, сонымен қатар адамдардың тілін түсінетін қабілетімен қоса мылқаулардың тілінде араласа алады. 

Соңдай-ақ  Коконың адам тілін ұғынуға жасаған алғашқы қадамдары

Тәрбиеші мылқау балаларды ым тіліне үйреткен кезде, ол өз бетімен қолдарын қажетті ыңғайына келтіріп икемдейді. Кішкентай Коко, болашақ жануарлар әлемінің өкілі ретінде бастапқыда қонаққа өзіне қол тигізуге жол бермеді. Пенни Кокоға әрбір затты кезекпен қаратып және соған сәйкес ишараларды көрсетуге тура келді. Осындай тәртіппен сабырлы ұстаз горилланың зат пен ым-ишараның арасындағы байланысты түсіну үшін көрсетуін қаншалықты қайталау қажет болса, соншалықты жалғастыратын. Сонымен, кішкентай горилланың алғашқы сөзі ретінде «ыстық» ұғымы – ерінге тақаған саусақ белгісі болды. Уақыт өте келе оқыту үдерісі айтарлықтай қарқындады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *