Бейсенбай Диана. Аффирмация әлде Сөз құдіреті?
Сөзіңді түзе, әдетіңе айналады,
Әдетің мінезіңе айналады, Мінезің сенің тағдырың.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Сөз сиқыр. Сөз тылсым. Сөз жыр. Сөз көңіліңді көтереді. Сөз жүрегіңді жылатады. Сөз күлдіреді. Сөз қуантады. Сөз қайғыртады. Сөз ашуға бөктіреді. Сөз жұбатады. Сөз ғашық қылады. Сөз дұшпан- дық жасайды. Сөз шабыттандырып, жігерлендіреді. Сөз ұнжырғаңды түсіріп, кері тартады. Сөз соғыс отын тұтандырады. Сөз суырылған қылышты қынына қайта кіргізеді. Сөз көндіреді. Сөз өндіреді. Сөз тәрбие. Сөз білім. Сөз Құран. Сөз дұға. Сөз рухыңның үні. Сөз нәпсіңнің тілі.
Міне, сөздің құдіреті осындай.
Сөздің әсері осындай алапат болғандықтан, қазақ «Жақсы сөз жарым ырыс», «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады, қатты-қатты сөйлесең, мұсылман дінінен шығады», «Жылы сөз жан семіртеді», «Сөз сүйектен өтеді», «Тіземнен сүріндірсең де, тілімнен сүріндіре көрме» деп мақалдатқан.
Жақсы сөз бейне бір тамыры жерге терең тартқан, бұтақтары көкке жеткен мәуелі ағаш сияқты. Ол ағаш Раббысының рұқсатымен үнемі жеміс береді. Алла тағала адамдар ойланып, ғибрат алсын деп осындай мысалдар келтіреді. Ал жаман сөз бейне бір жерден түп-тамырымен қопарылған, тамыр тартып өз діңінде тұра алмаған жаман ағаш іспетті» жібі түзу, дұрыс сөз айтындар! Сол арқылы Алла істеріңді түзу қылып,күнә қателіктерінді кешіреді – деп, сөз түзелсе, іс оңалатындығын айтқан.
Ал Абай атамыз: «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел», – деп бекер айтқан жоқ. Сөз түзелгенде, ой-санамыз кез келген нәрсенің жақсы жағын көруге бейім болады. Адамдар арасында жақсы көңіл-күй қалыптасады. Жылы сөз айтылған жерде жағымды энергия орнайды. Жақсы сөзге көңіліміз көтеріліп, қандай да бір істі жасауға ынтамыз артып, жігерлене түсеміз. Шабытымыз оянады. Өзімізге деген сеніміміз арта түседі.Қазақта “АНДАМАЙ СӨЙЛЕГЕН-АУЫРМАЙ ӨЛЕДІ” өледі деген керемет мақал бар. Яғни әр сөзіңді абайлап айт дегені ғой, сондай-ақ “10 ПӘЛЕНІҢ 9-ы ТІЛДЕН”дегенде бар.
Көп жерде біз андамай сөйлеп қоямыз, кейін жапа шегіп жатамыз біреуді жамандау ғайбаттау олда кейін өзімізге екі еселеп қайтып келетінін білсекте білмегендей тоқтай алмаймыз.Кім біреуді сынайды, сол адам сонымен өзі сыналады деген заңдылқта бар. Сондықтанда әрбір сөзімізге өте абай болу керек жаман сөздер айту арқылы сіз жамандықты өзіңізге тартасыз. Ой→СӨЗ→әрекет→нәтиже
осы өмір формуласы.
Ойды, сөзді таза ұстау- Берекелі өмірге алып келеді.
“ЖАҚСЫ СӨЗ-ЖАРЫМ ЫРЫС”
үнемі жақсы сөз айтып жүрген абзал.
МЫСАЛЫ: Шыбын тек сасық боққа қонады, ал ара талғампаз, ең дәмді шырынды гүлге қонады, өзіміздің ойымызды,СӨЗІМІЗДІ басқара алсақ біз өзімізді,өмірімізді басқарамыз. Сөз ол дұға. Әр сөзімізге кейін ана өмірдеде жауап беретінімізді ұмытпайық, ЖАҚСЫ СӨЗ СӨЙЛЕ, НЕМЕСЕ ҮНДЕМЕ деп Пайғамбарымыз бекер айтпаған.