Қазақ тілі және әдебиеті пәнін оқытудағы ұлттық дәстүрді дәріптеудің маңызы

Қазақ тілі және әдебиеті пәнін оқытудағы ұлттық дәстүрді дәріптеудің маңызы

Ана тілінен бастау алатын, бесігімізде құлаққа тұңған қазақ тілінің ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор. Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты Н.Оңдасынов атындағы жалпы білім беретін мектепте ұстаздарымыз және оқушыларымыз ұлттық киім киюге бір күнді арнайы арнағанбыз. Әдемі нақыштағы, ою-өрнектелген қазақ халқының ұлттық киімінен орын тапқан әшекейлер ұлтымыздың бай мұрасын айтпай ақ түсіндіріп тұрғандай. Дала даналарына бай еліміздің тарихы, салт-санасы, тұрмыс дәстүрлік, жол – жоралғылары ұмыт болмауы тиіс. Қазақтың ұлан -ғайыр жерін иеленіп отыруы, батыр халықтың ұрпағы екеніміздің белгісі. Ұлттық дәстүріміздің бір көрінісі ол киіз үйден бастау алады десек, көшуге ыңғайлы, домалақ пішіні іштегі адамдардың бір-біріне қарап отыруына ыңғайлы жасалған. Сырты желдің айналып өтуіне , киіз үйді жоғарғы сүйір болуы түтіннің түзу шығуына, түндікті түсіргенде күн сәулесінің жан-жақтан түсуіне жасалғаны көрініп тұр. Есіктің босағасы пәс болуы шаңыраққа кірген адамның сәлеммен кіріуіне ыңғайласқандай әсер береді. Шаңырақтың төрт таяғы төрт құбыламыз түгел болсын, уықтар шаңыраққа шаншылғанда бірлікпен көтерілетініне куә боламыз. Кереге кеңейуіне ыңғайлы ағаш.Қазақ даласының осынау киіз үйінің өзінде, ұлттық нақыш толып жатыр. Оның ішінде домбыра, түлкі, қасқыр терісі, қамшы, ат әбзелі, көк аспанда қалықтаған қыран құста қонақтаған керемет әлем емес пе? Әрбірінің өзі бір күндік әңгіме боларлық бай мұрамыз жоғалмасын десек, дәсүрімізді дәріптей білейік оқырман.

Н.Оңдасынов атындағы №14 ЖББМ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Усербаева Тамара

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *