Жамбыл ата жырға салдым өзіңді!
Жақсылық Балнұр
Жамбыл ата жырлайын өзіңді,
Жүрекке жылы тиген әуенді сөзіңді.
Сыр құрап,бұлағымнан ағызайын,
Еске алып сенің сонау кезіңді.
Жамбыл ата көкжелектей қасқағым,
Атап өтпей өлеңінді айтар кім.
Әр бір шумақ парасат пен ой берер
Басымды иіп өлеңінді бастадым
Сөзіңменен оятып сен халқыңды,
Жамбыл ата қайраттысың,батылды.
Сақалыңның ағарғаны текке кетпес,
Иіп өтем мәңгі саған басымды!
Жамбыл ата 100 жасадың ғасырлап,
Ой бердің жастарға жүректен ап.
Қазағымның жастары мақтан тұтар,
Бір өзіңді барша халыққа жар сап.
Нұр сыйладың ұйықтап жатқан халқыңа,
Қайрат беріп әр бір жас ұланға.
Жамбыл ата сен туралы жырым көп,
Атап өтсем естеріңде қалар ма?
Сөзіңменен күш қайрат бердің адамға,
Батыл қадам жасап жүрміз ғаламда.
Жүрегімнің түкпірінен ой тауып,
Сен туралы жырлағанда өзгелерден қалам ба?