«Қазақ» газеті-ұлттың газеті
Аблулла Нұрхан ҚазақҰУ-дың 1 курс студенті
1913 жылдың 2 ақпанында жоғымызды бар еткен, жоғалтқанымызды тапқан Қазақ газеті жарыққа шықты. Ол күнде біз бүгінде баспасөз күні деп тойлап жүрміз. Сол газеттің 1914 жылы 7 ақпанда жарық көрген №49 санында сол мерекенің алғашқы жылы, тәй-тәй басқан қадамы тойланып, алғаш мерекеміз аталып өтілді. Сол мереке қарсанында жазылған №49 номері қолымызға түсті. Сол хақында бір-екі ауыз сөз айтпақпыз.
Алғаш мақаласы «2-нші феурал» аталып газеттің дүниеге келуі, жол бастауы сөз етіледі. Небәрі 750 соммен(газет шығаруға аз сомма) басталған газет сол жылы-ақ көздеген мақсаттардан асып кетті. Қазақ студенттері, жас қазақтар, мұғалім Қодаров, 1931жылы Алматы медициналық институтының директоры болған Саратов университетің сол кездегі студенті Есенғали Қасаболатовтың құттықтау сөздері, жылы лебіздері берілген.
Бұл газет номерінде Қыр баласының(Әлихан Бөкейхан) екі мақаласы жарияланды. Бірі «министр өзгерілуі» екіншісі «ашық хат». Министр өзгерілуінде елдегі жағдай мен біз Еуропадан үлгі ретінде алған «парламентаризм» жүйесін салыстыра келе Ресей патшалығының неден қателесіп, неден шалыс басқаны жөнінде талдау, анализ жүргізеді. 1906 жылы жарияланған Мемлекеттік думаның 8 жыл бойына адамдары өзгергені мен мазмұны өзгермегенін, өзге дамағын Екропада бұл жүйенің қалай көрініс тапқаны жайында толық ақпарат береді. Келесі ашық хатында ұлт көсемі Ахмет Жанталиннің Петербугқа қазақ атынан қарауылшы кісі жібермегіне сынын айтады.Баласын оқуға бермегенде Петербургке қазақ мал шығармақ па деп қазақты да, партиялас жолдасын да сынап алады.
Газеттің тұрақты сыртқы және ішкі хабарларында сол кездегі айтулы оқиғаларды халыққа сауатты жеткізе білді. Сыртқы хабарларына Түркия мен Грек соғысын, Петербургке келген түрік елшісі Хақы паша, Болгариядағы екінші балкан соғысынан кейінгі Түркияның діни қысымды шешкені жайлы әлемдегі жағдайлар баяндалған.Әлемдегі өзгерістерден баспа біздерге де сабақ алуды нұсқайды. Ішкі хабарларға Орыл уезіндегі Нұрдан Шолақтың игі бастамаға себепкер болғаны, Уфадағы «Ғалия» медресінлегі кітап тапшылығы, Омскідегі мектеп орындарының босау әрі қабылдау емтиханы жөнінде, Ақмешіттегі(қазіргі Қызылорда) жұқпалы ауру турасында хабарлар жазылған.
Одан бөлек мойын бұрғызар М.Д лақап атымен Міржақып Дулатұлының «Шума жайында» мақаласы Орал облысындағы өршіп кеткен дерт жөнінде ащы шындықты жазады. Неше мың шақырым жердегі 600,000 адамға 3 қана дәрігер тағайындалғанын, оның өзіне ол дәрігерлерді тек орыс-қазақ шекарасындағы мекенде дерт табылғаннан кейін ғана тағайындалған. Сол мәселені шешуге губернатор Мордвинов бірде бір дәрігермен кеңеспей ауруды керісінше ушықтырып алғанын жазады. Ол аурудың өзге аймақтарға да тарап үш күн ішінде 120 қазақтың қайтыс болғанын ащына баяндайды. Сол мәселені шешуді үкіметтен талап етіп, дерттің ауқымен нақты фактілермен баяндап береді.
Қазақ газетінде емле жайлы тұрақты насихатталып отырды. Ғалия медресесінің оқушылары ұлт ұстазы Ахмет мырза Байтұрсынұлы жасаған емлесін қолдай, көмек көрсетуге, елді бірігуге шақырады. Газеттің әр номерінде емле жайында жаңа жаңалықтар мен толымды өзгерістер жөнінде ақпараттар беріліп отырды.
Газет номерінің соңында Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» жинағының екінші рет басылуы, оның бағасы әрі поштамен келу соммасы берілген. Одан бөлек шөп шабатын машинаның мүмкіндіктері мен қызметі жайлы жазылған.
Бұл сол газеттің тек 1 номеріне ғана арналған талдау. Қазақ газеті әлі де толық талдауларды талап етеді. Ол тек журналистерге ғана емес, қазақтың жоғын жоқтап жүрген әр саналы қазақтың міндеті деп білемін.