Баланы қалай еңбекке баулимыз?

МКҚК  №8 «Балбөбек» МДҰ

Тақырыбы: «Баланы қалай еңбекке баулимыз?»

Әдіскер: Абдуллина Н.Т.

Ақтобе қаласы

Баланы қалай еңбекке баулимыз?

 

Баланың ата -анасына көмектесуі үлкендердің жиналыстарында жиі талқыланып жатады.Және үнемі осы тақырыпта ата- аналар пікірі екі жаққа бөлінеді.Олардың кейбірі баланың балалық шағы ойынмен өтуі тиіс,еңбек етуге кейін де үлгереді деп санаса,кейбірі кішкентайынан еңбектеніп үйренген бала кейін адамгершілігі мол,таза еңбекқор,қоғамға қажет азамат болып қалыптасады деп ойлайды.Сондықтан ерте жастан еңбекке балулудың тиімді әдістерін қысқаша назарларыңызға ұсынамын.

Егер ата- ана баланы бірге еңбек етуге үйретпекші болса,олар алдымен «Бұл неге керек?» деген сұраққа жауап тауып алуы тиіс,яғни бұл мәселеде алдына қандай мақсат қойып отырғанын анықтап алу қажет.

Мысалы :

1.Балан еңбектен қашпауға үйрету;

2.Ержеткенде өмірдің кез келген қиындығына дайын болуды үйрету;

3.Отбасылық жұмыстың кішкентай бөлігін болса да атқаратын көмекшісі болғанын қалағаннан;

Бұлай сұрауымыздың да өзіндік себебі бар.Егер бала ата- ананың ешқандай мақсатсыз,жай қалыптасқан дағды бойынша еңбеккке үйреткісі келгенін байқаса,онда ата- ананың бұл жұмысы нәтижесіз аяқталады,өйткені бала ерте ме ,кешпе,ата- ана сөздерінің жасандылығын сезеді,содан кейін олда әрдайым ынталы еңбекшінің түрін көрсетуге тырысады.Мұндай жағдайда балаға еңбекке деген сүйіспеншілік қалыптаспайды және кейін адал еңбекті бағалай алмайтын болады.Ал егер балаға оның да отбасының бір мүшесі екенін ұғындырып,басқалар сияқты оның да өзіне сай міндеті бар екенін түсіндірсек,бала өзіне берілген жұмыстың отбасы үшін маңызды екенін түсінеді.Кейбір ата- аналар баласының еңбегі үшін ақша беріп,балаларының табыс тауып жатқанын мақтанып айтып отырады.Бұл әдіс дұрыс емес,себебі мұндац әдіспен тәрбиеленген бала ашкөз,ешкімге қайырымдылық жасамайтын болып өседі.

Бастапқыда баланың жұмысы қиын болмауы керек.Мысалы, 3-4  жастағы баланың өз ойыншықтарын жинап,аяқ киімдерді реттеп қоюға шамасы келеді.Ұлғайған сайын тапсырмалар қиындай бастайды.Міне,осылай тапсырылған жұмыстар баланың жасына сай келіп отыруы керек.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *