Оян, қазақ
«Оян, Қазақ!»
ХХ – ғасырда қазақ халқы патша өкіметінің озбырлығына өте қатаң түрде ұшыраған. Аумалы-төкпелі кезеңде халқына үндеу жасаған Алаш зиялыларының орасан зор еңбегі бар. Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы, Жұмағали Тілеулин тағы да басқа зиялылар «Алаш қозғалысы» атты саясатын жүргізген.
Сол замандағы сауатсыз, қараңғы болған қазақ халқына арнап Ахмет Байтұрсынұлы «Масасын» ұшырды, Міржақып Дулатұлы «Оян, қазақ» деп ұрандатты. «Оян, қазақ» кітабын жарыққашығарудағы мақсаты қазақ халқын ұйқысынан оятып, қараңғы сана-сезіміне жарық беріп, алға қарай жетелеуді көздеді.
«Оян, қазақ» кітабының 1000 данасын жеткізуді Жұмағали Тілеулинге табыстаған.
Жұмағали Тілеулин – 1890 жылы бұрынғы Ақмола облысы Көкшетау уезі Айыртау болысындағы Жаманшұбар ауылында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткерлерінің бірі. 1913 жылы Омбы әскери-медициналық училищесін тәмамдап, Фельдшер мамандығын игерген.
Міржақып Дулатұлы Қызылжар уезіндегі (қазіргі Петропавл қаласы) Сымағұл Турин деген 1000 данасын сақтатып қойған. Аталған 1000 дананы сатып, босқын қырғыздардың (қазақтардың) пайдасына жіберуді Жұмағали Тілеулинге тапсырған. Бірақ, сол хатты алған уақытта Сымағұл Турин үйінде болмай, өзінің Уездный комитет ел аралап кеткендігін айтқан. Қайта келгенінде Сымағұл ол кітаптарды қайда көмгенін таба алмай, кітаптарды жоғалтып алған. Яғни, кітап жоқ. Ал дәл сол уақытта Жұмағали Тілеулинге «Оян, қазақ!» үшін 900 сомдай ақша келіп қойған және үсті-үстіне тағы келіп тұрған. Кітап табылмай қиын болды, содан амалсыздан иелеріне ақшаларын қайтарған. Бұдан кейін ешкім «Оян, қазақ!» үшін ақша жібермеуін өтінген.
Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» шығармасының шығуына патша өкіметі түбегейлі қарсы болған, бірақ сондай қиындықтарға қарамастан қолынан келгенше қазақ халқына қызмет еткен.
Міржақып Дулатұлы – 1885 жылдың 25-қарашасында Торғай облысында дүниеге келген.Ақын, жазушы, драматург, педагог, публицист, қоғам қайраткері болған. 1909 жылы«Оян, қазақ» атты жинағын шығарған. «Бақытсыз Жамал» романы, «Азамат», «Терме», «Бүркіттің кегі» т.б. өлеңдер жинақтарының сонымен қатар «Балқия» пьесасының, «Абай», «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов», «Ахмет Байтұрсынұлы» мақалаларының авторы. «Есеп құралы» және «Оқу құралы» оқулықтарын жазды. А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, И.Крыловтың бірқатар өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
«Оян, қазақ!» туындысын мынандай өлең жолдарымен бастайды:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас- ты.
Ресей патшасының отарлау саясаты қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің, хал-жағдайының төмендеуі мен өнер-білімнің аздығына қоса басқа да түрлі қасіреттерден жапа шеккендігін 4 жол өлеңмен сипаттап, қазақ халқын оянуға, «құл» болмауға шақырып, үлкен үндеу тастаған.
Қазіргі кезде Міржақып Дулатұлының аты қазақ тарихында «алтын әріптермен» жазылған биік тұлға.
«Міржақып. Оян, Қазақ (2023)» – атты толықметражды фильм түсірілді.
Қазақ халқына үлкен әсер қалдыра білген керемет туынды.
Фильм – Міржақып Дулатұлы туралы түсірілген тарихи, көркем фильм. Фильм Қазақстан ұлттық телеарнасының тапсырысымен түсірілген 6 бөлімнен тұратын сериалдың ықшамдалған нұсқасы ретінде дайындалды. Фильмнің қоюшы режиссері — Мұрат Есжан, продюсері — Айсауле Әбілда, сценариін жазғандар — Мұрат Есжан, Ұларбек Нұрғалымұлы, алаштанушы ғалым Ұшқын Сәйдірахман. Басты рольді Астана қаласы Жастар театрының актері Бақыт Қажыбаев сомдайды.
Міржақып Дулатұлының үндеуі әлі де өзекті саналады. Сондықтан, ұлттық идеялогияны бойымызға сіңіріп, өз еліміздің патриоты болуға міндеттіміз.
Серік Досымжан,
Ғылыми жетекшісі:
фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева