«Біз мектепке дайынбыз» (ересек тобы)
Сейтова Сауле Ибрашевна
Мақсаты:
а) Білімділік: Балалар бұрыңғы меңгерген білімдерін тиянақтау, берілген тапсырманы ынтамен дұрыс орындауға үйрету. Мұқият тыңдап, сұрақтарға толық жауап беруге тәрбиелеу.
ә) Түзете – дамытушылық: Балалардың зейінін, есте сақтау
қабілетін, тілін, қиялын дамыту.Сөздік қорын, ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Көрнекілігі: слайд, суреттер.
Әдіс – тәсілдер: Қызығушылықты ояту, ой қозғау, сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру.
Сәлеметсіздрме балалар.Балалар бүгінгі біздің ойынымыз ерекше өткелі тұр. Бүгінгі біздің ойынға көптеген қонақтар және апайлар келіпті.Қанекей бәріміз жылулық шеңберге тұрып шаттық шеңберімізді айтайық.
Сәлем деймін күнге мен,
Сәлем деймін достарға.
Сәлем деймін апайға,
Сәлем деймін қонақтарға.
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар бүгін біз жарты сағатқа мектеп оқушыларына айналамыз. Бәріміз көзімізді жұмамыз. Келесі күннің таңғы мезгілі келді деп елестейік. Сендерді аналарың оятып беттеріңнен сүйді. Жуынып, таңертеңгілік астарыңды ішіп,мектеп киімдеріңді киіп, сөмкелеріңді арқарыларыңа іліп, мектепке бара жатырсыңдар. Мектеп баспалдағымен тез көтеріліп, сыныпқа кірдіңдер. Сыныпта сендердің сыныптас достарың отыр екен. Осы сәтте қоңырау соғады (әуен ойнатылады), ал енді бәріміз көзімізді ашайық.Балалар біз қайда тап болдық? (мектепке) Балалар бүгінгі мектептегі алғашқы сабаққа сендер толығымен дайынсыңдар деп ойлаймын.
1 тапсырма «Артық затты тап»
Мақсаты: Балалардың зейінін дамыту.
Шарты:Балалар артық затты тауып, неліктен артық екенін айту.
2 тапсырма «Мамандықтар»
Тапсырманың шарты: Суретке қарап, мына адамдар кімдер? Немен айналысады? Қалай білдің? Әр суретке қарап қандай жұмыс атқаратынын атап берші. Дәрігерге қандай заттар қажет? Аспазшыға қандай сурет қажет? т.б.
3 тапсырма«Қисынсыздықтар» «Суретші нені шатастырды?»
Мақсаты: қоршаған әлем туралы, олардың арасындағы қисынды байланыстар туралы қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін анықтау.Баланың қисынды ойлау және өз ойын грамматикалық дұрыс білідіру икемділіктерін анықтау.
Тапсырманың сипаттамасы: Көгілдір экранда қисынсыз жағдайлар бейнеленген сурет көрсетеді.Суретті қарап көру кезінде бала, шамамен мынадай мазмұндағы нұсқаулық алады: «Мына суретке зер сала қарап, онда ненің теріс бейнеленгенін және оның шындығында қалай болуы керектігін айт,өз жауабыңды түсіндір»
4 тапсырма «Геометриялық пішіндерді ата»
Шарты: Геометриялық пішіндерді ата және слайд бойынша келесі бетке ауыстығанда не өзгергенін тап.
5 тапсырма« Мына суреттерде не жетіспейді?»
Мақсаты: қабылдау (ұғыну) тұтастығын анықтау.
Тапсырманың сипаттамасы: балаларға кейбір заттың бір бөлігі жетіспейтіндей етіп бейнеленген суреттер тобы ұсынылады және жетіспейтін бөлікті мүмкіндігінше тез анықтап, оны атау жөнінде тапсырма беріледі.
6 тапсырма «Айырмашылықтарын тап»
Мақсаты: заттарды өзара салыстыру тәсілдерін меңгеру деңгейін анықтау.
Тапсырма: бала 2 суретке зер сала қарап ,олардың өзара айырмашылақтарын (барлығы 5 айырмашылық бар) атап көрсетуі қажет.
7 тапсырма «Сюжеттік суретті әңгімеле» Шарты: Суретке қарап әңгіме құру керек.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Бір мезгілде неше ай?
Сонымен қазір көктем мезгілі. Көктем қандай болады? Қандай өзгерістер болады деп допты лақтырады. (Қар ериді, ағаштың бұтақтары жарылады, күн ұзарады, шөп шығады, құстар жылы жақтан ұшып келеді т.с.с)
8 тапсырма Логикалық есеп: «Нешеу?» (Презентация)
1) 4 қонжық орманға,
Бара жатты қорбаңдап.
Біреуі олардың шаршады,
Әрі қарай бармады.
Қанша қонжық кетті орманға? (3).
2) Менде болды 3 алма,
Бердім досыма 1 алма.
Қалды сонда неше алма?(2) 9 тапсырма «Шығармашылық тапсырма» Тапсырма: бірінші оң қолымен күннің дөңгелегін саламыз, екі қолмен күннің шапағын саламыз Суретті салып болған бала көршісімен алмасады. Көршіңіздің суреті дұрыс болса қосу белгісін, дұрыс болмаса алу белгісін қоясыңдар.
Қорытынды: Психолог: Ал, балалар, бүгінгі мектепткегі сабағымыз аяқталыды. Сендер ең тәртіпті балалар болдыңдар. Бәрің бүгінгі сабаққа жақсы дайындалыпсыңдар. Ал қазір қоңырау соғып жатыр. Сендер өз заттарыңды сөмкеге салып, достарыңмен қоштасып сыныптан шығасыңдар. Мектеп баспалдағымен төмен түсіп, далаға шығасыңдар. Ал, енді, көзімізді ашайық. Сендерқайтадан ересек топ балаларысыңдар. Рахмет сендерге! Сау болыңыздар.