Сауатты қоғам мен билік
Амангелді Айша
Сауатты қоғам мен билік
Сауатты қоғам мен білімді орта құру әр елдің міндеті. Қоғамның алға жылжуы, жастардың сауатты болуы, елдің дамуы мен саяси құндылығына байланысты.
Халқының ұлттық сана-сезімін ояту үшін жанталасып күрескен күрескер адам әркез болған. Солардың бірі елі десе жанын беруге дайын болған, қазақтың аса көрнекті ағартушысы Міржақып Дулатұлы. Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 Қарашада Торғай облысы, Сарықоп өзенінде дүниеге келген. Жазушы туылғаннан елінің, жерінің, халқының адамы болып өсе отырып, ұрпақтарының көзі ашық, көкірегі ояу болуы үшін жанталасты.
Міржақып Дулатұлының есімін естігенде халқының тұлға болуы үшін қолынан келгеннің барлығын жасаған,қазақтың қазақ болуы үшін күрескен адамды есімізге аламыз. Жазушы Қазақ халкының ұлттық сана-сезімін оятуға аз үлес қосқан жоқ, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтерді, ағартушылық идеяларын насихаттады. Басқа адамдар сияқты өз қара басын ғана ойлап қойған жоқ. Елінің ел болып қалыптасуы үшін жұмыстар жасады,елінің құндылықтарын сақтап қалды.
Міржақып Дулатұлы еліміздің саяси дамуы ешкімге еліктемеяқ, ешкімнің қол астында болмаяқ жүзеге асатындығы жайлы өзіңің “Ашық хат” атты мақаласында жазып өткен.
«Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ –
Мен неге, қазақтыктан сақтанамын?!», деп казақтын жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған жанкештілікпен күресіп өткен Алаш ардақтысы мақаласында бүкіл қазақ елінің жағдайын көрсетті.
Елдің алға дамуы үшін саясаттың алар орны ерекше. Саясат халықтың дамуы мен елдің өркендеуі үшін жасалатын жұмыстар. Саясат ісінде біреуге біреу үлгі бола алмайды. Болған күннің өзінде жаппай халыққа емес. Көп жағдайда саясатта барлығына ұстаз Еуропа халқы. Сол кездегі Еуропа халқындай болуымыз керек, солар не жасаса бізде соны жасауымыз керек деген ұғым, елдің жағдайын жақсартқан жоқ. Саясат жақсы болу үшін елдің жағдайын ойлайтын адамдар болуы керек. Сондай адамдардың бірі Міржақып атамыз болған еді. Қазіргі таңда ол кісінің жасағанын ешкім жасаған жоқ. Жасаған болса қазірде басқа елдерге еліктемеуші едік. Еліміздің дамуы үшін қаншама жұмыстар жасалып жатыр, алайда жасалған жұмыстардың кейбірі аяқсыз қалып жатады немесе нәтиже беріп жатқан жоқ.
Бізде Еуропа мәдениетінен де жақсы мәдениет құра аламыз. Ол үшін елдің мәдениетінің бұданда жақсаруы үшін жұмыстар жасауымыз керек.
Халыққа қызмет етемін деген адамға бәрібір: депутат бол, министр бол немесе билік басында отыр. Еліне шынында жаны ашыған адам, кім болсада жұмыс жасайды. Ол үшін депутат немесе билік басында отырудың керегі жоқ.
Сол себептіде Міржақып Дулатұлы жалпы қазақ сиезі учредителное собрениеде сөз сөйлеуді құп көрмеді. Дулатұлы өзінің депутат болып,атаққа қызықпаяқ елінің дамуына үлес қосатындығын жақсы білді. Жазушы елдің жағдайын ойлау үшін депутаттыққа қарап тұрған ештеңенің жоқ екендігін дәл айтқан. Қарапайым адам болып елдің дамуына үлес қосуға болады. Міржақып Дулатұлы билік басында депутат болмаяқ елінің тілін, дінін, құндылықтарын сақтау үшін аянбады.
Депутат болғанымызбен халықтың надандығы бір деңгейде тұрса онда билік басында отырғаннан не пайды?
Дәл осы сияқты бүгінгі біздің саясатта көптеген қағидалар әлі де ескерілмей келеді. Билік басында отырған адам халқының сауаты мен мәдениетінің жақсы болуы үшін жұмыстар жасамаса, елдің жағдайын ойламаса билік басында отырғанынан кімге,не пайда?
Алаш қайраткерлері сауатты қоғам құрғысы келсе,Патша үкіметінің көздеген мақсаты сол сауатты қоғамды құрғысы келген тұлғаларды халыққа жау етіп,надандық жаулаған қоғам қалыптастыру болды.
Орыстардың қол астында жүре бермеуіміз үшін Алаш қайртаткерлерінің қазақ деген елдің құрылуына қосқан үлестерін біз ұмытпауымыз керек.
Орыстардың қазақты қалай басынғандығын көрген Алаш қайраткерлері, олардың жасаған істеріне шыдамады. Қазақтың білімді болуын қаламаған патша үкіметіне Алаш қайраткерлері қарсы шығып, ұрпақтарының тұлға болып қалыптасулары үшін аянбады.
Көп қазақ осыған көніп жүргенде, елінің көзін ашу үшін Алаш қайраткерлері өз өмірлерінен артық уайымдады. Өз өмірлеріне қауіп төнерін білсе де ұрпақтарының надан болғанын қаламады. Сол үшін білгендерінің барлығын өз ұрпақтарына үйретті.
Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы тағы да басқа белгілі тұлғаларымыз біздің осындай ел болуымызға үлкен үлес қосты.
Міржақып Дулатұлы езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлады. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп,
«Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан шаруаңа жараса,
алаш!» деп бар даусымен жар салады.
Осындай ұрпақтарын ойлаған адамдардың ұрпақтары бола тұра біз неге басқа елге еліктеуіміз керек?
Қазіргі таңда өз алдымызға тәуелсіз елміз, алайда басқа елге еліктеуіміз тағы бар.
Басқаға еліктемеуге үйреткен ұлы тұлғаларымыздың сөзін жерге тастамай өз еліміздің саясатын одан әрі жаңғыртсақ бұдан асқан бізге не керек?
“Халкың надан болса, мың депутатың болсын одан пайда жоқ”-деп Міржақып Дулатұлы дұрыс айтқан.
Атаққа қызығып билік басында бос отырғанша, қарапайым адам болып өз еліміздің дамуына үлес қосқанымыз өте жақсы.
Жалғыз депутат болып ғана елдің дамуына үлес қосу деген сөз жоқ. Елдің дамуына үлес қосамын деген адам қарапайым адам болып ақ елінің көзін ашуға, егеменді ел болуына өз үлесін қосады.
Екі қазақ таласып, бір орысқа олжа болмауымыз үшін күрескен ата-бабаларымыздың үмітін ақтау біздің қолда.
“Көзiңдi аш, оян, Қазақ, көтер басты,
Өткiзбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кеттi, Дiн нашар боп, Хал қараң боп,
Қазағым ендi жату жарамас-ты”.
Болашақ жастардың қолында, сондықтан еліміздің тәуелсіздігі мен саясатының жақсы болуы үшін аянып қалуға болмас.
Амангелді Айша Бекжанқызы
Журналистика факультетінің 1-курс студенті Ғылыми жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Р.С.Жақсылықбаева.