Дәмді және газды су
Абельдинова Бахыт Сериковна
Тақырыбы:«Дәмді және газды су»
Эксперименттік іс – тәжірибе жасау
Ортаңғы «Бүркіт» тобы
Мақсаты: Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету.
Білімділік: Су –тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап,аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:суреттер, су, сүт, қасық, бояу түрлері, шырын, түтікше, жұмыртқа, тұз, стакан, мұз, бу
Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, көрсету, тәжірибелер, суреттерді құраст.
Сөздік жұмыс: судың қасиеті, түссіз, дәмсіз, иіссіз, қатты, сұйық.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
«Жылулық шеңбер»
Самал жел бізді желдетші,
Күн нұры бізді жарқырат.
Таза ауа дем берші,
Мөлдір су бізді салқындат.
Бейнетаспадан ағып тұрған судың дыбысыз естіледі.
-Балалар, ненің дыбысын естідіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар, бұл ағып жатқан судың дыбысы ғой.
-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз өте қызықты болады.
Бүгін біз сумен көп тәжирибе жұмыстарын жүргіземіз.
Тәрбиеші: Балалар, «су» деген сөзді естігенде кезде көз алдарына ең алдымен не елестейді? (балалардың жауаптары тыңдалады)
-Дұрыс айтасыңдар арине. Суды адамдар не үшін пайдаланады?
Суды ішеміз және жуынамыз.
Сумен өсімдіктерді, бау – бақшаны суарамыз.
Сумен ас әзірлейміз.
Сумен кір тазалаймыз.
Суға адамдар да, жануарлар да шомылады.
Ал сендер суға байланысты қандай мақал-мәтелдер билесіңдер?
1.Судың да сұрауы бар.
2.Су анасы — бұлақ,
Сөз анасы — құлақ.
3.Сумен ойнама — батарсың,
Отпен ойнама — жанарсың.
4.Су – табиғат ажары.
5.Су –тазалық досы.
Ал, енді сендермен бірігіп бірнеше тәжірибелер жүргізіп көрейік.
I Тәжірибе «Судың иісі жоқ»
- Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек.
II Тәжірибе «Суда дәм жоқ»
- Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант , тұз қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.
ІІІ – Тәжірибе «Су — мөлдір»
- Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».
Тәрбиеші:Балалар, сендер су туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Тақпақтар:
- Ал, халайық, халайық
Табиғатқа қарайық
Жер, су, ауа тазарса
Пайдалы екен бұл аса.
- Суық қой деп ызғарлы
Қорықпаймын судан мен
Су пайдалы адамға
Щынығамын күнде мен.
3.Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым
Таза бетің, маңдайың.
Тазалықтың досы
Су дегеніміз осы.
4.Су деген – өмір көзі
Тіршіліктің нәрі бұл.
Су болмаса оянбайды
Табиғаттың барлығы.
5.Тіршілік тірілді, оянды
Табиғат жасарды, баянды.
Сылдырап су ақты жылғадан
Жаңа күн жақындап бір қадам.
Сергіту сәті
Ал, балалар тұрайық,
мойнымызды бұрайық,
Қолымызды созайық,
су ішінде қалықтап,
Қане, жүзіп алайық,
Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық.
Тәрбиеші: Ал, балалар сумен тәжирібе жұмыстарын жалғастырайық.
4 –ші тәжирибе
Керек заттар:шикі жұмыртқа, 2стақан, бірнеше шай қасық тұз.
1.Стақанға таза су құйып, суға шикі жұмыртқаны саламыз. Жұмыртқа су түбіне батып кетеді.
2.Екінші стакандағы суға тұз салып, қасықпен арластырып, жақсылап ерітеміз.
3.Енді тұзды суға жұмыртқаны саламыз, жұмыртқа суға батқан жоқ.
♦Тұз судың тұздылығын арттырады. Судағы, тұздың мөлшері көбейген сайын оның тығыздылығы күшейіп, ол суға түскен кез келген зат батып кетпей су бетінде қалқып жүреді.
Балалар түзды суды қайда кездестіреміз?
Тұзды өзенде, тұзды өзенге суға түссең батпайсың.
5- ші тәжирибе:
Керек заттар: стақан, су, бояу , қылқалам.
Стақанға су құямыз. Түрлі түсті бояу таңдап алып суға қосамыз.
Судың түсі өзгерді.
6-шы тәжирибе.
Ғаздалған су.
Суды ашып стаканға құйғызу.
Су ашылғанда ненің дыбысы шықты?
Судың газдары шығады.
Ғажайып сәт:
Есік қағылып посылка келеді.
Тәрбиеші:
-Балалар, қараңдаршы бізге посылка келіпті, кәне ашып көрейік, ішінде не бар екен?
Посылканы ашып көрсетеді, оның ішінде түрлі түсті мұздар бар екен.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар бұл мұздарды қандай сусындардар жасаған??
-Дұрыс айтасыңдар,қатырылған газдалған сусындарды :
-Балалар сендер қандай газдалған сусындар білесіңдер?
-Кола, фанта.
7-ші тәжирибе:
Балалар мұзды алақандарына салады. Мұз ері бастайды, өйткені алақандарымыз жылы,
Сабақты қорытындылау:
Сонымен балалар, бүгіңгі сабақта не туралы айтылды?
Жер бетінде су қандай күйде кездеседі?
Су қайдан пайда болады екен?
Сендермен бірге қандай тәжірибелер жасадық?
(балалар жауаптары)
Су-түссіз, бояу қосқанда өзгеред і.
Су-дәмсіз, бірақ қант қосқанда дәмі өзгереді.
Судың пішіні болмайды.
Тыйым сөздер:
- Суға түкірме
- Суды бекер ағызба
- Судың бетін ашық қалдырма
- Суды лайлама
- Түнде су алуға барма
-Балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
Сендер бүгінгі сабақтан су туралы көп нәрсен түсінгенсіңдер деп ойлаймын. Суды үнемдеп пайдалану керек екенін, суды ластамау керек. Өйткені сусыз тіршілік жоқ.
Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу іс – әрекетімізге белсене қатысқандарыңыз үшін сендерге алғысымды білдіремін. Ал енді келген қонақтармен қоштасайық!
Сау болыңдар!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718