Жаһаншаның арыз хаты

Жаһаншаның  арыз хаты

 

Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері ,заңгері және  өмірін қазақ ұлтының өніп өсуіне жұмсаған  Жаһанша  Досмұхамедұлы Үкіметке қандай   шағымдармен өз наразылығын білдіріп хат жазды

 Ең бірінші ,Жаһанша Досмұхамедұлының еңбектеріне тоқталсақ,бірі білсе,бірі білмес Құранның  алғашқы  нұсқасының бірін жойылудан сақтап қалған, Ресей мұсылмандарының кеңесі  бүкілресейлік  “Шуро-и-ислами” комитеті  төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген Жаһанша атамыз тәуелсіз қазақ еліміздің тарихында  ерекше орны бар тұлға.

   Айтып өткендей , “Шуро-и-ислами” комитетінде жұмыс істеп жүріп , комитетттік жұмыстарға адам саны жеткіліксіз және үкімет жіберем деген  өкілдері келмегендіктен  , үкіметке арыз хат жазды деген түйіндеміз .Себебі Арыз хатта :” Жалпы қазақ сиезінде  жасалған қаулыда  Шораи ислам  комитетіне  облыс басына  бір өкіл  жіберілмек  болып еді .Ол өкілдер әлі келген жоқ .Міні ,мен  бірге жұмыс  қылып жүрген  Уалихан Танашев,о да жақын  арада шақырған  соң еліне кетті.Сөйтіп,Петроградта мен  жалғыз қалып тұрмын.5-6 комиссияда жұмыс қыламын.Олардан басқа қазақ   кірісіп жұмыс  қылуға керекті бар тағы бірнеше комиссиялар  бар .Солардың бәріне жетісе алмаймын ,бір өзім бәріне қалай жетісермін ?Мұны ойлау керек .Әр облыс жібермек болған өкілдерін жіберулері керек.Нағыз осы керекті кезінде жібермей,қашан жібереміз деп отыр…..”

Осылайша хаттың мазмұнында Жаһанша  комиттетік жұмыста бірнеше адамның жұмысын істеп ,үлгере алмай жүргенін және үкіметтің жіберем деген өкілдерін жібермей жауапкершіліксіз қарайтынын тие өткен.

1917 жылдың шілдесінде Орынборда І жалпықазақ съезі өтеді. Съезд Жаһаншаны Орал облысы атынан Құрылтай мәжілісіне депутат, Шура-и-Исламға Орал облысынан мүше, Киевте өтетін Федералистер съезіне Әлихан Бөкейханов, Уәлитхан Танашевпен бірге делегат етіп сайлайды. Ал, Шура-и-Исламға мүше ретінде Жаһаншаға Мұстафа Шоқай, Әбікей Сәтбаев, Айдархан Тұрлыбаевтармен бірге «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасын дайындауды тапсырды. Мұсылман съезі жұмысының ұзаққа созылуына орай, Жаһанша «Алаш» партиясы бағдарламасын жаза алмайтындығын айтып, хат жазады.

«Петербордағы Шура-и-Исламға Жаһанша мен Уәлитханнан басқа ешкім бармады. Уәлитхан да бірде бар, бірде жоқ болып, жұрт жұмысымен Петерборда үнемі тұра алмады. Жаһанша мекемелерде, комитеттерде, уездерде қазақтан жалғыз өкіл, жүгірінді болып, бәріне бірдей үлгере алмады. Сондықтан жалғыздықта Шура-и-Ислам ағзалары қазақ партиясының жобасын жасай алмады.»

Қазақ газетінде 1917 жылы жарық көрген осы бір мақаланы “Арыз хаттың” дәлелі ретінде қарастыруға болады.Себебі,көп сөздер бір бірімен жанасады.Мысалы,Жаһаншамен  бірге жұмыс істеп жүрген Уәлитхан Танашев өз еліне шақырулармен кетті және жұмыста бірде бар бірде жоқ деп жұмысқа немқұрайлылықпен қарайтынын айтып өткен.Жоғарғы билік  алдында  Ресейдегі барша мұсылман халықтарының мүдделерін қорғайтын Комитет  Мәскеу сьезінде  мемлекеттік құрылыс мәселесінде үлкен 2 топқа бөлінді.Бірінші топ жетекшісі -осетин  журналисі   Ахметбек Цаликов  “Ресей бөлінбесін”деген ұстанымда болады.Ал,Цаликовтың орынбасары  Жаһанша бастаған топ  “қазақ,өзбек,башқұрт ,әзірбайжан,Қырым халықтары территориялы  автономия алсын”дейді.Осындай мақсат қойған Жаһаншаның алдында көп жұмыс және қиындықтар күтіп тұрды.Үкімет көбіне Жаһаншаның сөзін елемей ,Ахметбектің істерін құп санап бар көмекті ,бар назарды бірінші топтың  пайдасына асырды.Бұл істер шамына тиген Жаһаншаның 5-6 комиссияда жалғыз жұмыс істеуге тура келді.Үкіметке қанша арыз жазсада ,тек бітпейтін уәделермен  үйіне шығарып салатын.Жаһаншаның мойнында  тек орынбасарлық жұмыс емес,Учредителное собрание сайлауы,главный жер комитеті,ішкі істер министірлігінің ұлт бөлімшесі және сот министірлігінің халықаралық сотты өзгерту кеңес жұмысыда тұрды.Одан қоса айта өткендей,”Алаш”партиясының бағдарламасын жазу да мойнына жүктелді.Бұл жұмыстың барлығына үлгере алмағандықтан, өзінің барлық комитеттерде қазақтың мүддесін қорғап жұмыс істеуге жетісе алмай жатқанын “Арыз хат “ретінде  5 қазан 1917 жылы жеткізеді.

   Жібереміз деген өкілдерді жібермей отырғаны үкіметтің таза комитетке деген немқұрайлығы жәй қол сілтегені болды.

     “Шуро-и-исламның” ісімен Мәскеуде біраз уақыт жүрген Жаһанша  сол жылдары 21-26  шілдеде  Орынборда өткен жалпықазақтық сиезде  Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай  жиналысынан депутаттыққа  ұсынылды.

      Жаһанша Досмұхамедұлы-қазақтың ,бүкіл мұсылман бауырларымыздың басына қонған бақ болды деп айтсақ артық кетпейтініміз анық.Сәкен Сейфуллин  “Тар жол ,тайғақ кешуінде” роман-эссесінде  :”Жаһанша Досмұхамедұлы-қара сөздің  шешені болса,Міржақып Дулатов -жазба сөздің шебері,ал Халел-нағыз теоретик,көп сөйлемейтін ,бірақ өз ісіне  мығым адам “.Қара сөздің шешеніне айналған Жаһанша Досмұхамедұлы қазақ ұлтына  көп еңбек сіңірді.Өзінің қара басының қамын емес ,Отанды бірінші қою әр адамның қолынан келмейтін нәрсе.Бұндай жауапкершілікті мойынына көтерген Жаһаншаның ұлт үшін жанпида болғаны  қазақ үшін орны өшпес қасірет болғаны анық.Елдің абыройын ,ұлтын өз өмірінен биік қойған Жаһанша Досмұхамедұлы  әрбір қазақ жүрегінде сақталатыны сөзсіз .

       

 

 

                                                                           

Толепбергенова Айнамкөз

  Журналистика факультетінің 1-курс студенті

  Жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Р.С.Жақсылықбаева

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *