«Қазақ жастарына»
«Қазақ» газетіндегі «Қазақ жастарына» мақаласы тұрғысында
(студент Есенғали Қасаболатов )
Қазақта «Баста ақыл жоқ болса, аяққа күш түседі»,- демекші, білім әрқашан адам өмірі үшін маңызы зор болып табылады. Қазақтың үлкен біркемшілігі білім алып, өнер тануға ұмтылмайды, халық арасында қазір айтатындай, «образованный» кісі шықса да, қазаққа пайдасын келтіріп, білімін жолдастарымен бөлісіп жүр дегенді ести бермейміз.
Білім – біздің ғұмыр бойындағы қолымыздағы байлығымыз. Қанша ел көріп, көршілес жұрттың құндылықтарымен танысып жүрсекте, бірқатарымыздың бойдағы надандығымыз қалмайды. Бұл күллі халық дерті. Еліміздің дамып, көршілес мемлекеттермен тереземіздің тең болуына, осы бір білім мен ғылымның жоғарылауы үлкен әсерін тигізеді.
Нельсон Манделаның айтуынша: «Білім – әлемді өзгертуге болатын ең күшті қару». Білімді адамдар елді дамытады. Ендеше, еліміздің дамуы үшін білімнің де маңызы зор. Білімнің маңыздылығын зерттемейінше сезіну мүмкін емес. Осымен ой түйе отырып, білім қай заманда болса да, адам өмірі үшін, жалпы қоғам үшін бағасыз ресурс.
Саятқызы Ақерке
Жетекшісі:
фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева
Керемет, Саятқызы Ақерке жарайсыз.