Замана шындығы

Қабылхан Аяулым
Замана шындығы

Жақында «Айқап» журналының 1911жылғы №6 нөмірінде Шахмардан Әлжановтың жарық көрген “Қазақтың құдалықтарындағы кемшіліктер” мақаласын оқып қалдым. Мақалада баяндалған мәселе жүрегіме ауыр тиді, құда түсу бір баюдың, өзінің әлеуметтік жағдайын жақсартудың, әлде бір бай-беделді адамның құдасы болудың амалы болыпты. 13-14 жасар қызды кәрі шалға бере салу түкке де тұрмаған заман болыпты. Қалай ғана қаршадай қыздарын қиды екен? Қатыгез заман ба, қатыгез адам ба, оны енді Алла білер. Мақалада: “Жаңа піскен алмасын итке жегізіп, өсіп, жетіліп келе жатқан бәйшешегіне зар қойып, солдырып суалтады”,- деген жолдар тіпті өзегіңді өрттей түседі.
Басқа сөбен қыздарын тауарға, яки саудаға айналдырған деп айтсам артық болмас. «Адам күні адаммен»,- демекші, мақалада зайып сөзінің қаншалықты маңызды екендігі айтылады. Зайыптылар өмірлік сапарға бірге қадам басып, бір-біріне қолдаушы, жан-жолдас, қиындықта да, қуанышта да жанынан табылатын жан емеспе? Бірге бала өсіріп, ұзатып солардың қызығын көріп, батасын бірге бергенге не жетсін?!
Әлгі шал құмарын басып, дүниеден өтіп, жап-жас келіншегін балаларымен кімге қалдырмақшы? Жауапкершіліктің де орны бір-түрлі сияқты.
Ең қызығы бұл дәстүрдің пайда болуы “Дінде жоқ, законда жоқ”. Қазіргі заманда ондай салттың жоқтығына қуанып отырмын. Бірақ құлаққа асып алатын дүние де бар. Құдалықты саудаға айналдырмай, жастардың жолын жаппай, ақша, қалыңмал тағысын тағы демей батасын беріп, қосағыңмен қоса ағар деп жіберу керек деп ойлаймыз.

Қабылхан Аяулым

Ғылыми жетекшісі:
фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *