«Салауатты өмір салты» тақырыбында тәрбие сағаты өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Тұрақты даму мақсаттары» жобасының аясында Филология факультеті, Шетел филологиясы және Аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен Шетел филологиясы мамандығының 1-курс магистранттары Айдарқұлова Ш.А., Алуақас З.Е. және топ эдвайзері Төреханова Р.А. “6В02304-Аударма ісі” мамандығының 1-курс студенттерімен «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық тәрбие сағатының мақсаты: жастарға салауатты өмір сүру салтын насихаттау. Ашық тәрбие сағаты интерактив түрінде өтіп, оған 12 студент қатысты. Сабақ барысында студенттер өз ойларын ашық жеткізіп, белсенді қатысты. 2 топқа бөлініп денсаулыққа әсер ететін жақсы және жаман әдеттер туралы кластер жасап, қорғады, жаңа технологиялардың көмегімен түрлі интерактивті тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, студенттерге 2024 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай уақыт белдеуінің белгіленуінің адам денсаулығына әсері туралы пайдалы ақпараттар берілді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718