“Кедейлікті жою” тұрақты даму мақсатының аясында ашық сабақ өткізілді

2024 жылы 01 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде филология факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен,
«Тұрақты даму мақсаттары» жобасының аясында 6В02304-Аударма ісі мамандығының 1-курс студенттерімен «Кедейлікті жою» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық тәрбие сағатының мақсаты: студенттерге әлемдегі және Қазақстандағы күнкөріс деңгейін көрсете отырып, кедейлікпен күрес үшін жасалынып жатқан іс-шаралармен таныстыру. Ашық тәрбие сағаты интерактив түрінде өтіп, оған 15 студент қатысты. Сабақ барысында студенттер өз ойларын ашық жеткізіп, белсенді қатысты. Практикалық тапсырма ретінде қатысушылар үш топқа бөлініп, өздерінің бизнес жоспарларын жасап, қорғады. Студенттер еліміздегі кедейлікпен күрес, кедейліктің алдын-алу мақсатында жоспарланып отырған іс-шаралармен танысты.

Қатысушылар еліміздегі кәсіпкерлерді қолдайтын бағдарламалар мен ұсыныстармен  танысып, өздеріне қажет ақпарат алды. Жеке кәсіппен айналысудың пайдасы мен болашағы жайлы пікірталас өтілді.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *