Ақылдыны ақымаққа айналдыратын құмар ойынының шырмауы

Құмар ойын-құрдымға кетіретін қауіпті дерт.Алғашында қызығушылықпен қадам басқандар,тығырыққа тіреліп,өмірлерінің сәнін кетіруде.Бүгінде қоғамда аталмыш ойынға қатысты“ізгілікке құмары барлар емес,азғындыққа құмары барлар көбеюде”,-деген пікір маңызды ма?
Сананы улаған,жанды баураған аталмыш ойын тұзағына еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін шырмалып отыр.Әсіресе жеңілдің астымен,ауырдың үстімен жүріп,оңай олжа табуды көздегендердің көбі жастар.Көпті өзіне баураған құмар ойынының діңі Шығыс Азияда өсіп шықса,бұтақтары АҚШ,Франция,Монако,Еуропа,Австралия,Орта Азия елдеріне жайылған. Шығыс Азиядан бастау алған құмар ойынының бір түрі карталар жылдан жылға саны жағынан да өсіп,ереже жағынан да өзгеріске біраз ұшырады.Одан кейін 1895 жылы әлемде «қарулы қарақшы» деп аталатын алғашқы ойын автоматы пайда болды. Бұл құрылғыны америкалық механик Чарльз Фей ойлап тапты. Содан бастап АҚШ құмар ойындар бизнесінің нағыз әлемдік астанасына айналды. Қазіргі уақытта бұндай автомат біздің елде де кез-келген казинода кеңінен тараған  және оның ажырамас бөлігі. Қарыз құлдығына итермелеген дерттің салдарынан ұрлық жасау,отбасынан айырылу,өтірік айту,қарыз алу,жұмыссыздыққа душар болу сынды бірқатар келеңсіз қылмыстық құқық бұзушылық орын алуда. Бүгінде 350 мың­нан астам қазақстандық құ­мар ойындардың құрбанына айнал­ған. Еліміздегі қаншама отбасы, қаншама тағдыр осы ойынқұмарлықтың салдары­нан ойран болып,тіпті қылмыс жасауға дейін барып, құқықбұзушылық іс-әрекеттер жасап жатыр. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының деректеріне сәйкес 2022 жылы 157 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалған, 31 мыңнан астамы құмар ойындар негізінде жасалған. Осы бір қоғамды жайлап бара жатқан дертке,яғни Лудоманияға қарсы күресте “тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс”,– деді Елбасымыз Қасым Жомарт Кемелұлы. Енді елімізде арнайы шаралар жүзеге асырылып жатыр.Атап айтсақ, алимент, салық және несие бойынша борышкерлер тізімінде тұрған жеке тұлғалардың құмар ойын ойнауына тыйым салу ұсынылды. Заңды тұлғалар рұқсат етілген жасқа толмаған адамдарды құмар ойынға тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке, сондай-ақ онлайн-казино ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жазаға тартылатындығы нақтыланды.Мұндай құмар ойынға көп жағдайда шынайы өмірде алға қойған мақсаты жоқ, өзіне сенімсіз, жетістікке жететініне сенбейтін адам кіріп кетеді. Шынайы өмірге қарағанда виртуалды өмірде өздерін жақсы сезінеді. Енді тереңірек ойланатын болсақ адамның өзіне сенімді болуы, алдына мақсат қоя білуі әке-шешесінен алатын тәрбиесіне байланысты екенін естен шығармағанымыз абзал. Әке-шешесінен мықты тәрбие алып шыққан бала әрбір қадамын жасамас бұрын саналы түрде шешім қабылдайтын болады. «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық аздырар адам баласын»,-деп Абай Құнанбайұлы айтып кеткендей, қазір адамдар жеңіл нәрсеге құмар болып кеткен.
Біз құмар ойынның қандай орны толмас қайғы-қасіретке әкеле­тінін білеміз, көзбен көріп, құлақпен естіп те жүрміз . Сөз соңында асауға тұсау бола алу немесе бола алмау әрбіріміздің өз қолымызда екендігін естен шығармайық.Ойын отаны саналатын букмекерлік кеңселердің санын көбейткенше,оған қолдау беріп қаржыландырғанша қоғам үшін пайдалы орталық санын көбейткеніміз абзал!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *