Әкем, шешем және мен
Баязитов Мейрам Амангелдинович
Сабақтың түрі: сыныптан тыс сабақ
Мақсаты:
а) Тәрбие негізі отбасынан басталатынын түсіндіру
ә) Спорт жаттығуларының денсаулыққа пайдасы бар екенін түсіндіру
б) Ата-аналардың спорттық білімділіктерін балаларға үйрету.
в) Осы жарыс арқылы балалардың бойындағы ерекшеліктерін ата-анасына білдіру.
Керекті құрал-жабдықтар: секіргіштер, доптар, ысқырық, шарлар, арқан, асықтар, кеглилер.
Жарыс бағдарламасы:
Жүргізуші: Жиылыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен-кіші, жасымыз-кәріміз де.
Төрлетіңдер қадірменді қонақтарым,
Гүл-гүл жайнап біздің мына төрімізге.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгін біздің мектепте бастауыш сыныптар арасында «Әке, шешем және мен» атты отбасылық сайыс өткеліденсаулықты сақтау үшін дененің қимыл-қозғалыста болуы қажет. Осы мақсатта ата-аналармен бірлесе жанұялық спорттық сайыс өткізгелі отырмыз.
Бала адаманың бауыр еті. Бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.
«Балалы үй – базар» – дейді халқымыз. Балалның дені сау, көңілі сергек, бақытты өмір сүруін қай ата-ана қаламасын. Дені саудың- жаны сау дейді. Ендеше жарысқа қатысатын жанұямызды ортаға шақырайық
- Айтжановтар отбасы
- Тусуповтар отбасы
- Баязитовтер отбасы
Сайыс бағдарламасы:
- Жанұя сапқа тұрады
- Өтетін эстафеталармен таныстыру
- Әділ қазылар алқасын сайлау
- Жеребе тастау
ІІ-кезең
Эстефета түрлері
№1
Жарыстың өту барысы
Әдістемелік нұсқау
№2
Ағаш кеглилер арасынан жүгіру
Кеглилерді құлатпау
№3
Баскетбол добын алып жүріп шеңберге доп тастау
Шеңберге бір-ақ рет салу
№4
Асық ату (баласы)
Ұтқан асығын есептеу
№5
Баланы көтеріп отырып тұру (әкесі)
1 минут уақыт ішінде нешерет отырып тұрады.
№6
Сегіргішпен секіріп жүгіру (шешесі)
Секіргішпен жүрмеу
№7
Сұраққа – жауап
Дұрыс жауап беру
№8
Спортқа байланысты мақал –мәтелдер
№9
Допты аяқтын астына қысып жүгіру
Допты түсірмеу
№10
Ұзындыққа секіру
Топмүшелерінің барлығы секіреді.
№ 11
1)Музыкалық көрініс. Бишілер тобы өнер көрсетеді.
2) Жарысты қрытындылап, марапаттау. Әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Олар өз сөздерінде жарыс мақсатында өту барысында ата-аналардың белсенділігіне баға береді. Жарысты қорытындылып жарыс жеңімпаздарын дипломдармен марапаттады.