Жоба
Мукашева Мирамгуль Серикбаевна
Түсінік хат
Мектепке дейінгі білім беруде қолдың ұсақ моторикасын дамыту ұзақ жылдар бойы өзекті мәселе болып келеді. Т.В. Фадеева, С.В. Черных, А.В. Мельникова сияқты орыс халқының ғалымдары саусақ моторикасын дамыту және жазуға дайындық жұмыстарын көптеген жылдар бойы зерттеп келген. Д.Тейлор өзінің зерттеу нәтижелері бойынша мынадай тұжырымға келген: «Баланың назар аударуы, көру, қабылдау, қолдың жалпы және ұсақ моторикасын дамыту деңгейі аз болса, үлкендермен, құрбы-құрдастарымен өзара қарым-қатынаста қиындықтар туғызып, баланың өсіп-жетілуіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Осының нәтижесінде балаларда балабақшаға, мектепке деген жағымсыз көзқарас қалыптасуы мүмкін».
Назар аудару, ойлау, қиял, байқампаздық, есте сақтау, сөйлеу сияқты жоғары қасиеттер саусақ моторикасы арқылы дамиды. Сондықтан жеке тұлғаның қалыптасуында қолдың ұсақ моторикасының маңызы өте зор.
Бала тілінің даму деңгейі қолдың ұсақ моторикасы қозғалысын дұрыс ұйымдастырумен тығыз байланысты екені өткен ғасырдың ортасында-ақ дәлелденген. Егер саусақ қозғалысы баяу дамитын болса, онда баланың тілінің де дамуы кешігеді. Сол себепті балаларға жас ерекшелігі мен мүмкіндігіне сәйкес жаттығуларды таңдап ұсынып, сол жаттығулар арқылы қолдың жалпы және ұсақ моторикасын қатар дамытуға болады. Міндетті түрде кіші қозғауыштарды дамыту керек, яғни, сүйектер мен саусақтардың икемділігін дамытуға арналған сабақтар өткізу. Бұл жазуға, тілді дамытуға қажет болатын дүниелер. Олай болса, баланың сурет салу құралдарын пайдалана отырып, түрліше сызықтар жүргізуі, түйме, моншақ, бау, таяқшалар, санағыштар, сіріңке сияқты заттарды қолданып, тізбектер жасауы, үлгі бойынша заттардың бейнесін көркемдей алуы оның тілі мен ұсақ моторикасын дамытуда ерекше роль атқарады. Сонымен қатар қол, кеуде, аяқ қозғалыстарының икемділігін дамытуға арналған қарапайым жаттығуларды балаларға үйрете отырып, орындатуға болады. Ал балалар өз істерінде жаттығудың орындалу ережесін түсініп алып, әрі қарай өздері жасауға тырысады.
Балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тілі де еркін, тез дамиды. Сондықтан қолдың ұсақ моторикасы мен тілдің дамуын ерте сәби жастан бастап жетілдірген дұрыс.
Баланың ұсақ моторикасын мынадай ойын түрлерімен де дамытуға болады: ілгектермен ойындар, құйылма немесе ұсақ құрғақ заттармен ойындар, шөлмектердің тығындарымен ойындар, қыстырғыштармен ойындар, моншақпен, макарон өнімдерімен ойындар.
Сонымен, мектепке дейінгі білім беруде балалардың қолының ұсақ моторикасы мен тілінің даму деңгейін анықтауға қолданылатын әдіс – тәсілдерді жиі өзгертіп жаңалап отыру басты міндет.
Мақсаты: Қазіргі заман талабына сай дидактикалық ойындар мен жаттығулар арқылы балалардың саусақ моторикасын, жазу дағдысын, тілін дамыту.
Міндеттері:
- Қарындаш, қалам, қылқалам, фломастерді дұрыс ұстауға үйрету.
2.Осы құралдарды пайдалана білуді өзіндік массаждар, ойындар, жаттығулар көмегімен меңгерту.
- Көру қабілетін дамыту.
- Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.
- Қағаз бетіндегі кеңістікті бағдарлап, жұмыс жасауға дағдыландыру.
- Балалардың психикалық және физикалық денсаулығын нығайтып, сақтау.
- Үлкендермен, құрбы-құрдастарымен жағымды қарым-қатынас орнату.
- Тапсырмаларды дұрыс орындауға үйрету, жеке-даралық қасиеттерін тәрбиелеу.
Бұл міндеттердің жүзеге асуы балалардың жас ерекшелігіне сай интеллектуальдық дамуы мен мектепке дайындығын ұйымдастырады.
Ұзақтылығы: 9ай.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
- ойын әдісі;
- сөздік әдіс;
- нәтижені талдау әдісі;
- штрихтау;
- дидактикалық ойындар;
- жеке балалар арасындағы қарым – қатынасты басқару әдістері.
Күтілетін нәтижелер:
- Балалар:
- -қолының ұсақ моторикасы дамиды;
- -байланыстырып сөйлеуі жоғарылайды;
- -дидактикалық ойындарға деген қызығушылығы арта түседі;
- -қимыл-қозғалыс белсенділігі дамиды;
- – зер салу, назар аудару деңгейі көтеріледі;
- -кеңістікті бағдарлай білу дағдысы қалыптасады;
- -ұжыммен қарым-қатынасқа түсе алатын, сөздік қоры бай, коммуникативтік сапасы дамыған, тілі, ұсақ қол моторикасы, танымдық, шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру.
- Ата-аналар:
- – баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында тәрбиешімен өзара байланысты әрекет етеді;
- – баланың сөйлеу тілі мен қолының ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған түрлі әдіс – тәсілдердің мағынасын түсінеді.
- Тәрбиеші:
- – кәсіби шеберлігі жоғарылайды;
- -саусақ моторикасы мен тілдің дамуына бағытталған қазіргі заман талабына сай жаңаша әдіс – тәсілдер енгізеді.
Күнтізбелік тақырыптық жоспар
№ | Тақырыбы | Мақсаты | Сағат саны | Күні |
1 | «Қолғап» | Әр түрлі материалдардан (ілгек,бау, фетр, құлып,ойыншық) қолғап тігу арқылы оң және сол қолын ажыратып, көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа сай сөздік қорын молайту. | 1 | |
2 | «Белдемше» | Үлгі бойынша әр түрлі материалдардан белдемше тігу арқылы көру қабілетін, саусақ ұшының моторикасын дамыту.«Көз-қол» бағдарлауын жетілдіреді. Тек қол ісмерлігі емес, сенсорлық қабілеті дамиды.Тақырыпқа сай сөздік қорын кеңейту. | 3 | |
3 | «Көпшік» | Әр түрлі материалдардан көпшік тігу арқылы, пішіндері әр түрлі заттарды (дөңгелек, шаршы) қолмен ұстап, сипап сезу арқылы ажырата білуге үйрету. Көпшіктегі ойыншықтарды атау арқылы сөздік қорын молайту. | 2 | |
4 | «Жыл мезгілдері» | Жыл мезгілдеріне байланысты ағаштар тігу арқылы сенсомоторлық бағдарлауды, ұсақ моториканы, тілді дамытады, зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырып, қолды босаңсытады.Жыл мезгілдерін ажыратады. | 2 | |
5 | «Фигуралар»
|
Ағаштан жасалған әр түрлі фигураларды дұрыс орналастыру арқылы қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту. | 2 | |
6 | «Алжапқыш» | Ұсақ, қалдық материалдардан алжапқыш тігу арқылы балалар саусақтың ептілігі мен қозғалысын жаттықтыру, саусақ массаждарын орындау дағдыларын жетілдіру. Тақырыптық сөздік қорын байыту. | 2 | |
7 |
«Саңырауқұлақ» | Көлемді саңырауқұлақ тігу арқылы, сандарды үйрету.Қолдын ұсақ моторикасын дамыту. Тақырыпқа сай жаңа сөздерді енгізу. | 2 | |
8 | «Тасбақа» | Тасбақа жануарын әр түрлі материалдардан тігу арқылы қолдың ұсақ моторикасын, сөздік қорын молайту.Саусақтарды қимылдатып, үлкен, кіші ілгектерді түймелеу дағдысын бекіту. | 2 | |
9 | «Үйшік» | Ағаштан, тұрмыстық материалдардан үйшік (бизиборд) жасау арқылы саусақтың икемділігін дамыту, бұлшықеттердің қатайып, жетілуіне мүмкіндік жасау. | 3 | |
10 | «Асхана» | Фетрдан әр түрлі тағамдар,асхана ыдыстарын тігу арқылы тағамдармен, ыдыстар атауын үйренеді. | 2 | |
11 | «Қыстырғыштар» | Қыстырғыштардан «жануарлар немен қоректенеді» ойынын жасау арқылы ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту. | 1 | |
12 | «Күн тәртібі» | Фетрдан күн тәртібін тігу арқылы, бала күн тәртібімен танысады.Тақырыпқа сай сөздік қорын дамытады. | 1 | |
13
|
«Кірпі» |
Қолдың бұлшықеттерін, саусақтардың ептілігін, іскерлігін дамыту. Негізгі түстерді ажыратып, зейінін, ақыл-ой белсенділігін арттыру. | 1 | |
14 | «Алжапқыш театры» | Қуыршақ театры арқылы ертегі кейіпкерлерінің бейнесі мен мінез-құлқын дұрыс жеткізе үйрету.Танымдық қызығушылығын арттыру. | 2 | |
15 | «Кемпірқосақ» | Қолдың ұсақ қимылдарын, ой-қиялын дамыту.
Замоктардың түстерін ажыратып, ашып жабуды үйрету.Әңгіме жүргізу арқылы есте сақтауын, ауызша сөйлеу тілін кеңейту. |
1 | |
16 | «Қыстырғыштар» | Қыстырғыштардан жасалған мамандықтармен, және оның құралдарымен танысады. Екі қолмен бір уақытта жұмыс жасау дағдысын, саусақ моторикасын дамыту. | 2 | |
17 | «Баулар»
|
Ағаштан және фетрдан жасалған аяқ киімге баулар тағып үйренеді. Қолдың бұлшықеттерін, саусақтардың ептілігін, іскерлігін дамыту. | 2 | |
18 | «Аквариум» | Жәшіктен аквариум жасау, аквариумдеги балықтармен танысу. Тақырыпқа сай сөздік қорын дамытады. | 2 | |
19 | «Жемістер» | Ағаштан жасалған жемістерді орнын дұрыс таба білу, аттарын табу.Үлкен кіші өлшемдерін салыстыру. | 1 | |
20 | «Пазл» | Әр түрлі тақырыптағы пазлды құрастыру арқылы қолдың ұсақ моторикасын, сөздік қорын молайту. | 2 | |
Қорытынды | Барлығы | 36 |
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Основная общеобразовательная программа «От рождения до школы» //Под ред. Н. Е. Вераксы, Т. С. Комаровой, М. А. Васильевой. – М.: МОЗАИКА-СИНТЕЗ, 2010.
2.Аксенова М. Развитие тонких движений пальцев рук у детей с нарушением речи. // Дошкольное воспитание. – 1990. – № 8. – с. 62 – 65.
3.Азовцева Н.В., Родованская М.Е., Рузина М.С. Пальчиковый игротренинг // Начальная школа. – 1999. – №8. – с. 11 – 15.
4.Бабаева Т.И. Совершенствование подготовки детей к школе в детском саду. – Л., 1990.
5.Бардышева, Т.Ю. Разговорчивые пальчики журнал «Для самых-самых маленьких» /Т.Ю. Бардышева. – М., 2001/
6.Белкина В.Н., Васильева Н.Н. Дошкольник: Обучение и развитие. Воспитателям и родителям. / Ярославль «Академия развития», «Академия К», 1998 г.
7.Белая А.Е. Пальчиковые игры для развития речи дошкольников: Пособие для родителей и педагогов / А.Е. Белая, В.И. Мирясова – М.: ООО «Издательство Астрель», 2002 – с. 46: ил./
8.Бочкарёва О.И. Игровая деятельность на занятиях по развитию речи. Младшая группа. / Волгоград: ИТД «Корифей», 2008 г.
9.Выготский Л. С. Обучение и развитие в дошкольном возрасте. / Л.С. Выготский – М.: Педагогика, 1986. – 533 с.
10.Дружинин В. Н. Психология общих способностей. – М., 1995.
11.Козырева Л.М. Говорю красиво и правильно: развитие речи у детей от рождения до 5 лет. / Екатеринбург: У-Фактория, 2005 г.
12.Кольцова М.М., Рузина М.С. Ребенок учиться говорить. Пальчиковый игротренинг» /Сага, 2002 г.
13.Косинова Е. Гимнастика для пальчиков. / М: Омега – Пресс, 2002 г
14.Максаков А.И. Развитие правильной речи ребёнка в семье. / Пособие для родителей и воспитателей. / М: Мозаика – Синтез, 2008 г.
15.Методы обследования речи детей / Под. общ. ред. Г.В. Чиркиной. – М., – 2004.
16.Рузина М.С. Страна пальчиковых игр. – С.-Пб., 2000.
17.Савина Л.П. Пальчиковая гимнастика для развития речи дошкольников. / Пособие для родителей и педагогов. / М: ООО «Издательство АСТ», 2000 г.
18.Сафонова О.В. Коррекционно-педагогическая работа по активизации речевой деятельности дошкольников с ОНР // Логопедия в детском соду. – 2006. – №6.
- Шмаков С.А. Игры-шутки, игры-мишутки. – М., 1993.